Біз мән бермейтін қызықты психологиялық эффектілер

Біз мән бермейтін қызықты психологиялық эффектілер

«Ромео мен Джульетта эффектісі»

Екі жастың бір-біріне деген махаббаты өрши түссе олардың бірге болуына ата-анасы қарсы болады немесе басқа адамдар араларына түсуге тырысады.

«Айғақ эффектісі» Өзгелердің көмегіне зәру болған кезде айналаңда неғұрлым адам көп болса, олардың көмектесу ықтималдығы да соғұрлым азая түседі. Бұрын бұл қалалық аумақта ғана кездесетін дегуманизация белгісі болып танылды, ал қазір ол барша халыққа ортақ эффект ретінде тарады. Айналаны қоршаған адам көп болған сайын, барлығы да менен басқалары қол ұшын созады деп ойлайды, нәтижесінде ешкім көмекке келмейді.

«Пигмалион эффектісі»

Бұл термин Джордж Бернард Шоудың пьесасынан алынды. Оқушылардың тәртібіне мұғалімнің әсер етуі деген мағынада қолданылады. Оқушылардың IQ көрсеткішіне мұғалімнің қойған бағасы қалай әсер ететіні зерттелді. Ұстаздары жоғары деңгей көрсетеді деп күткен оқушылар IQ көрсеткіші бойынша жақсы нәтижеге жеткен. Мұғалімдері көтермелеген сайын, оқушы да жоғарылай түсетіні Пигмалион эффектісімен түсіндіріледі.

«Зейгарник эффектісі» Ақпаратты белгілі уақыт аралығында ғана есте сақтау. Бұл түсінік К.Левиннің шәкірті Б.В.Зейгарниктің атымен қалыптасты. Феноменнің мәні аяқталмай қалған ақпаратты есте жақсы сақтауға құрылады. Бұл педагогика мен өнерде қолданылады.

«Алынбайтын қамал» эффектісі

Әлеуметтік психологияда мынадай феномен бар. Адам көп ішінен өз қалауын таңдағанда қол жетімді адамға қарағанда, шағылмайтын жаңғақтай боп көрінген адамды таңдағанды жақсы көреді. Барын бағаламайтындар қолы жетпегенді қымбат санайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *