Адамдармен қарым-қатынас жасаудың зор құпиясы

Жер бетінде адам баласын бір нәрсені жасауға ынталандыратын бір-ақ тәсіл бар. Сіз осы жөнінде ойланып көрдіңіз бе? Иә, бір-ақ тәсіл бар, ол-өзге адамды соны жасауға мәжбүр ету.
Естеріңізде болсын-басқа жолы жоқ.

Әрине, сіз тапанша кезеніп тұрып, кез-келген адамның қолындағы сағатын шешіп алуыңыз мүмкін. Сіз қол астыңыздағы қызметкеріңізді, бас тартқан жағдайда, жұмыстан босататындығыңызбен қорқытып, жұмыс істете аласыз. Немесе балаңызға да қамшымен не күш көрсетумен айтқаныңызды істете аласыз. Бірақ мұндай тәсілдің ақыры жақсылыққа апарып соқтырмайтыны белгілі.
Мен айтып отырған сізді бірдеңе жасауға мәжбүр ету тәсілі-бұл сізге қалағаныңызды беру.
Американың ең мықты философы, профессор Джок Дьюи бұны басқаша сөздермен түсіндіреді. Ол: «Адам табиғатына тән терең ұмтылыс-елеулі адам болуға деген тілек болып табылады»-деп айқындайды. Осы елеулі адам болуға деген тілек жайлы осы кітаптан көп кездестіретін боласыз.
Бірде Линкольн өз хатын: «Барлық адам өз атына айтылған жылы сөзді ұнатады» деп бастапты. Ал Уильям Джеймс болса: «Адам табиғатына тән басты ерекшелік-адамдардың өз қадір-қасиетіне қарай бағалануға деген терең ұмтылысы»-деп жазған. Байқап қараңыз, ол жай ғана «тілек», «мұқтаждық» немесе «ұмтылыс» демеген, ол «бағалы болуға деген терең ұмтылыс» деп жазған. Міне мұны адам баласының жанын жай таптырмайтын қажеттік деп айтуға болады.
Егер біздің ата-бабаларымыз осындай ұмтылыспен жоғары қарай ұмтылмаса, өркениетке (цивилизацияға) қол жеткізбес едік. Онда біздің жан-жануарлардан айырмашылығымыз да шамалы болар еді.
Осы жеке тұлға ретінде өз маңыздылығын сезінуге ұмтылудың арқасында бакалея дүкеншігінің оқымаған, кедей бұйрық шығарушысы өздерінің елу центке сатып алған үй шаруашылығына қажетті заттары арасынан тауып алған заң кітабын оқыған. Сіздер ол адам туралы білетін боларсыздар. Оның аты-Линкольн.
Осы жеке тұлға ретінде өз маңыздылығын сезінуге деген ұмтылыс Диккенсті өзінің біртуар романдарын жазуға қанаттандырған. Осы ұмтылыс арқылы Рокфеллер миллиондаған ақша тапты.
Осы ұмтылыстың арқасында сіз сәнді киім киіп, соңғы үлгідегі көлік мініп, өзіңіздің балаларыңыз туралы айтатын боласыз.
Көптеген жасөспірімдерді гангстерлікке және адам өлтіруге ұмтылдыратын да-осы құлшыныс.
Менің білетінім: бүкіл тарих бойынша екі адам-Уолтер Крайслер мен Чарлз Шваб жылына бір миллион доллар сыйақы алып тұрған.
Неге Эндрю Карнеги Швабқа жылына мың доллар немесе күніне үш мың доллар төлеп отырған? Неге?
Шваб ақылды болғандықтан ба? Жоқ. Мүмкін ол құрышты қалай өндіруді басқалардан гөрі артығырақ білетін шығар. Жоқ. Чарлз Швабтың өзі құрышты өндіруді мықты білетін көптеген адамдардың бар екендігін мойындады.
Шваб өзіне мұндай ақшаны негізінен адамдармен жақсы қарым-қатынасты білгендігі үшін төлегендігін айтады. Мен одан бұл жайлы сұрағанымда, ол өз аузымен бар құпиясын айтып берді. Бұл сөздерді әрбір үйде, әрбір мектепте, әрбір дүкенде, әрбір мекемеде қоладан құйып, іліп қою керек. Балалар мектепте латын етістіктерін жаттауға немесе Бразилиядағы жауған жауын-шашынның мөлшерін есте сақтауға қор қылған алтын уақыттты осы сөздерді жаттауға жұмсаса, мақсат етіп алға ұстаса, бұл олардың өмірін түбегейлі өзгертуге септігін тигізеді.
«Маған тән ең бір асыл қасиет,-дейді Шваб,-ол-менің адамдардың ынта-құлшынысын олардың бойларындағы бар жақсы қасиеттерді бағалай отырып, дамыта алатындығым.
Бастықтар тарапынан айтылған сын адам баласының ар-намысына қатты тиеді. Мен ешқашан ешкімді сынамаймын. Адамды жұмысына қарай ынталандыру мен үшін жат нәрсе емес. Сол үшін де мен адамдарды ылғи да мақтағым келеді, мен адамдарға ұрысқанды ұнатпаймын. Егер маған бірдеңе ұнаса, мен шын жүректен мақтауға дайынмын».
Міне Шваб осындай амал қолданады. Ал қарапайым адам не істейді? Қарапайым адамдар керісінше: егер бірдеңе ұнамаса-сын айтады, ал егер ұнаса-үндемейді.
Рокфеллер адамдарды шын ниетпен бағалауы арқасында олармен қарым-қатынаста үлкен табыстарға қол жеткізді. Мәселен, оның әріптестерінің бірі Эвард Т.Бедфорд Оңтүстік Америкада жасаған сауда-саттық сәтсіздігінен фирмалары миллион долларға шығынға ұшыраған, осы үшін Рокфеллер оны жазалауына болатын еді, бірақ ол Бедфорттың жақсылық жасаймын деп жүріп, сәтсіздікке ұшырағанын түсінді. Сөйтсе де, ол оны мақтауға себеп тапты, Бедфортты олар салған капиталдың 60 процентін аман алып қалуымен құттықтады. «Біз, яғни жоғары жақта отырғандар, барлық уақытта мұндай табыстарға қол жеткізе бермейміз»-деді ол.
Біз балаларымыздың, достарымыз бен қызметшілеріміздің жай-күйін қолдаймыз, ал олардың өзін-өзі сыйлауына өте сирек мән береміз. Біз оларға тамақты күш-қуат алу үшін ішкіземіз, ал бірақ біз оларға жылы сөздер айтып, рухани күш-қуат беруге сараңбыз.
Осы жолдарды оқыған кей адамдар бірден-ақ: «Бұл ескі әдіс. Жылы сөздер айту … Жалпылдау… Жағымпаздану… Мен бұл әдістердің бәрін қолданып көрдім. Бұл әдістер, әсіресе ақылды адамдарға ешқандай да әсер етпейді»-деп айтуы мүмкін.
Әрине, жағымпаздану арқылы адамдарға әсер ету өте сирек. Ондай өтірік жағымпаздану адамдар арасында болмау керек және табысқа да жете қоюы екіталай. Рас, кей адамдар өздерін мақтағанды теріс көрмейді, атына айтылған өтірік сөздің барлығын талғамай қабылдайды.
Адамның жақсы қасиеттерін шын жүректен бағалау мен өтірік жағымпаздану арасында қандай айырмашылық бар? Бұл сұраққа жауап беру оңай. Бағалау-шын жүректен шығады да, ал жағымпаздану-өтірік, тек ауызбен ғана айтылады.
Жақында мен Мехикодағы Чапультепек сарайында генерал Обрегонның бюстін көрдім. Бюсттің астында генерал Обрегонның мынадай дана сөздері ойылып жазылған: «Сізге шабуыл жасаған жаулардан қорықпаңыз, одан да жағымпазданған достардан қорқыңыз».
Жоқ мен сіздерге жағымпазданыңыз деп отырғаным жоқ. Мен тек өмірді жаңадан бастау туралы ғана айтып отырмын.
Король Георг V-нің Букингем сарайындағы жұмыс бөлмесінің қабырғасына жазылған, өзіне қатты ұнайтын алты ауыз сөз бар. Оның бірі «Мені арзан мақтауға үйретпеңдер, мен де ешкімді-өтірік мақтамайтын болайын».
Жағымпаздану деген-арзан мақтау. Бірде мен жағымпаздану деген сөздің толық анықтамасын оқыдым. Ол «Жағымпаздану дегеніміз-ол адамға өзінің не ойлайтындығы туралы айту».
Егер біз тек жағымпаздықпен айналыссақ, біз адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесі жөніндегі маман болмас едік.
Кейде біздің басымыз проблемалардан сәл арылып, тыныққан кезімізде, уақытымыздың тоқсан бес процентін өзіміз туралы ойлауға бөлеміз. Егер біз біршама уақытқа өзіміз туралы ойлауды доғара тұрып, қарсы алдымыздағы адамның бойындағы жақсы қасиеттері туралы ойласақ, онда біз жағымпаздық сияқты жаман қылықтарға бармаған болар едік.
Эмерсон айтқан: «мен кездестірген адамның қай-қайсысы да менен бір саты жоғары тұрады, оны менен артығырақ етп көрсететін қасиетін бойыма сіңіруді үйренуім керек».
Қане, сәл ғана уақыт өз жетістіктеріміз, өз талап-тілектеріміз туралы ойламай, өзге адамдардың жағымды жақтарын бағалап көрейікші. Мұнан кейін біз жағымпаздану туралы мүлде ұмытамыз. Өз пікіріңізді шын жүрекпен, жасырмай айтыңыз. Бағаны бүкпесіз көңілмен айтып, мақтауыңызды аямаңыз, сонда ғана адамдар сіздің сөздеріңізді көптеген жылдар бойы естерінде сақтайтын болады.

Бұлай еткен адам әлемді жаулап ала алады, ал жасай алмаған адам жалғыздықта қалады

Басқа адамға әсер етудің жер бетіндегі жалғыз тәсілі- бұл оған оның нені қалайтындығы туралы айтып, оған қалай қол жеткізуге болатындығын үйрету.
Бұл туралы болашақта, біреуді бірдеңе жасауға баулу кезінде де еске алуыңызға болады. Мәселен, егер балаңыздың шылым тартқанын қойдырғыңыз келсе, оған уағыз айтпаңыз, одан гөрі балаңызға шылым тартудың зиянды екендігін, бейсбол командасына мүше болып кіруге немесе жүз ярдтен жүгіруден өтетін жарысқа қатысуына кедергі келтіретіндігін айтып түсіндіріңіз.
Профессор Гарри А.Оверстрит өзінің «адамның мінез-құлқына әсер ету» атты танымдық кітабында былай дейді: «Біздің мінез-құлқымыздың түп-тамыры біздің ең қымбат талап-тілектеріміз бен іскерлік ортада, отбасында, мектепте немесе саясатта болсын, әйтеуір бір қадамды жасамауға көндіруді алдына мақсат тұтқан адамдарға айтатын жақсы ақыл-кеңестен тұрады, ол ақыл-кеңес: сізбен әңгімелесуші адамды адымен бірдеңені қатты қалауға мәжбүр етіңіз. Осылай ете алған адам әлемді жаулап ала алады, ал ете алмағандар-жалғыздықта қалады».
Ертең сіз бір адамды бірдеңе жасауға сендіргіңіз келді делік. Бұл туралы сөйлесуге асықпаңыз да: «Мен оны қалайша сендіруім керек» деп ойланыңыз. Бұл сұрақ, сізді нәтижесіз кездесулер мен құр әңгімелерден құтқарады.
Бірнеше жыл бұрын мен Филадельфияда бір отоларинголог дәрігердің қабылдауында болдым. Ол менің ауырған жерімді қарамастан бұрын, менің қанша ақша табатындығым жөнінде сұрады. Оның басты ойлап тұрғаны-ауырған жаныма көмектесу емес, менен қанша пайда түсіретіндігінде екендігін сезген мен оның кабинетінен кетіп қалдым.
Осындай адамдар да жер бетінде толып жатыр. Сондықтан басқаларға мінсіз қызмет көрсететін адамдар бір саты жоғары тұратыны да сондықтан, ол адамдарда бәсекелестік аз болады. Оуэн Д.Янг: «өзін басқа адамдардың орнына қоя алатын және олардың ой-пікірінің барысын түсіне алатын адам болашақтағы өміріне алаңдамай-ақ қойса болады» деп айтқан.
Егер осы кітапты оқып шыққаннан кейін сізде қарсы алдыңыздағы адамның пікірімен санасып, соның көзқарасымен айналаңызға қарайтын қасиет пайда болса, онда іскерлік жолда бір сатыға көтерілдім деп есептей беріңіз.
Оверстриттің дана сөзін тағы қайталасақ артық болмас: «Алдымен Сіз алдыңыздағы адамды бірдеңені тілеуге мәжбүр етіңіз. Бұны жасай алған адам әлемді жаулап ала алады, ал жасай алмаған адам жалғыздықта қалады».
Менің лекцияларымды тыңдап жүрген бір жас жігіт өзінің үш жасар ұлының жайына алаңдап жүрді. Баласы ылғи ұнжырғасы түсіп, көңілсіз жүрсе керек. Тамаққа да еш зауқы жоқ, тамақ ішпеген соң салмақ қайдан болсын? Әке-шешесі оған ылғи ренжіп, ұрысып: «Мынаны же, ананы же, сонда үлкен жігіт боласың, біз сенің үлкен жігіт болғаныңды қалаймыз» деген сияқты сөздерді айтқанмен, балаға еш әсер етпейді. Кейіннен әкесі өз қателігін түсініп, басқаша әрекет жасай бастады.
Бала өзінің Бруклин қаласындағы үйінің алдында өзі жақсы көретін үш аяқты велосипедін теуіп ойнайтын. Бірнеше үйден кейінгі үйде жасы бұдан үлкенірек бір бала ылғи оған әлімжеттік көрсетіп, велосипедін тартып алып, тебеді екен. Үйіне жылап келген балаға шешесі қайтадан велосипедін тартып алып береді. Осы жағдай екі күннің бірінде қайталана берсе керек. Баланың жағдайын сезген әкесі бір күні оған: «егер шешең берген тамақты тауысып жейтін болсаң, мен сол баланы жақсылап жазалаймын» деді. Содан кейін тамақ ішу туралы проблема біржолата жойылды, әлгі бала берген тамақты талғамай жейтін болды. Оның ойында бір-ақ нәрсе, ол-әлгі өзін жылататын баладан қалайда өшін алу еді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *