АДАМНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ КОДЫН ӨЗГЕРТУГЕ БОЛАДЫ

Соңғы кездері ішкі сенімнің күшімен адам өз бойындағы ауруды қалай емдегенін, денедегі ісіктер өздігінен жоқ болып кеткенін, жалпы биоэнергетиканың көмегін газеттер жиі жазатын болды. Американ генетигі Брюс Липтон шынайы сенімнің арқасында, ойларын өзгерту арқылы расында адам баласы кез-келген сырқатты жеңуге құдыретті екенін дәлелдеп шықты. Мұнда ешқандай ертегі, не аңыз айтылып тұрған жоқ. Липтонның айтайын дегені, адам психикалық құбылыстарын, көңіл-күйлерін, іс-әрекеттерін өзгерте отырып, генетикалық кодын өзгертуге болатынын білдіру еді.
«Плацебо эффектісі» деген не?
Көптеген жылдар бойы Брюс Липтон гендік инженерия тақырыбында арнайы ізденіп, ақыры докторлық диссертациясын сәтті қорғап шыққан. Өзі тапқан жаңалықтың авторы ретінде Липтон былай дейді: «Бұған дейінгі сан мыңдаған биохимик пен генетиктердің тұжырымында келтірілгендей адамның барлығы қандай да бір биоробот болып табылады. Оның өмірі немесе тағдыры генінде жазылған программаға тәуелді болады».
Адамның гені барлық нәрсеге ықпал етеді, түсінікті ғып айтсақ адамның жаратылыс болмысынан оның ата-бабасынан ұласып келе жатқан гені көрініс табады: сыртқы кескін-келбетінен, мінез-құлқынан, қабілет-қарымынан, бойындағы ауруынан, өмір сүру ұзақтығынан бастап білуге болады. Сондықтан ешкім де өзінің туабітті генетикалық кодын өзгерте алмайды, демек, біз шарасыз табиғат берген өз жаратылысымызға көнуіміз керек, нені тарту етті, соны алуымыз керек. Алайда…
1980 жылдардан бері адам ағзасындағы клеткалық мебрандарды бүге-шүгесіне дейін зерттеп келе жатқан Липтон мүлде басқа болжамдағы көзқарасын жайып салды. Оның айтуынша, адамның гені клетканың ядросында жатыр, осы мембран арқылы нені жіберуге болады, нені болмайды соны анықтауға болады деп сендіреді. Липтонның тәжірибесі көрсеткендей, адамдардың істеген әрекеттері, қылықтарының барлығы түпкі генді уақыт өте келе өзгерте алады екен.
Түсінікті, сонда бұл тұжырым, «адам өз ойын өзгерту арқылы, өмірін де өзгерте алады» деген қағидаға келіп сая ма?
— Шын мәніне келгенде мен пәлендей жаңалық ашқаным жоқ, -дейді доктор Липтон. — Медицинада «эффект плацебо» деген ұғым бар, яғни науқасқа дәріден тыс басқа нәрсені көрсетіп, «мына дәрі сізге ем болады, қабылдаңыз» десе, нәтижесінде сырқат әлгі «дәріні» қабылдаған себепті құлан-таза айығып шығады. Менің де айтқым келгені осы, адам өзінің сенімінің арқасында ағзасындағы молекулалық процестерді де өзгерте алады. Ол бойындағы гендік құбылыстардың бірін «алып тастап», енді бірін «қосып алуға» да болады.
Бәріміз де ғажайыптарды асыға күтеміз…
Өзінің арнайы тәжірибелерінің бірінде Липтон туабітті семіз, тіпті денесінде гені арқылы келген ақаулары бар сары тышқанды зерттеуге кіріседі. Әлгі тышқан қалыптағыдай ұзақ өмір сүрмейтін. Өйткені, олар семіздігінен өмірлері қысқа болды. Ғалым оларды торға қамап, арнайы диетада ұстай бастады, ал олар балалап көбейген сәтте, тышқандарда өзгеріс бола бастағанын байқады. Ұрпақтары арық болды және ұзақ өмір сүрді.
Сондықтан Липтон айналамызды өзгертіп емес, жан-дүниемізді өзгерте отырып, денсаулығымызды түзете аламыз дегенді ұқтырып өтеді.
-Бір кісінің екі ұлы бар-тын, аталары ісіктен көз жұмған. Демек, немелерінің екеуі де генетикалық жағынан ісікке душар болу икемдігі бар деген сөз. Солардың бірінде кейін ісік пайда болды да, екіншісінде сол күйі байқалмады. Неліктен? Өйткені, олардың әрқайсының өмір сүру ережесі әртүрлі болатын. Бірі екіншісіне қарағанда ылғи күйзеліске тап болып, стрессте жүрді. Олардың көзқарастары, өзін-өзі ұстауы, өзін бағалауы, ойлау деңгейі түрліше еді. Мәселен, бірі өзін төмен сезінетін. Осыдан-ақ бағамдай беріңіз, генетикадан келе жатқан ауру-сырқауға берілмей жеңе білгеніміз жөн бе, әлде, ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан нәрсе деп мойынсұнғанымыз дұрыс па? Меніңше, өмірін өзгерту, өзінің ойын жақсы жаққа бұрып жеңу арқылы ауруды асқындырмай тұрып айықтыруға болады.
Жер бетіндегі мақұлық атаулыдан, тіршілік иесінен адамзаттың айырмашылығы адам баласы өзінің денесін, терісін, ойын, мінез-құлқын өзгерте алуға қабілеті жететіндігінде. Тіпті ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дертті де жоюға мүмкіндігі бар. Біз ешқашан генетикадан келе жатқан жағымсыздықтардың құрбаны болуға тиіс емеспіз. Сіз қалайда емделіп шығатыныңызға сеніңіз, сонда ғана кез-келген аурды белден баса аласыз. Бір қарағанда, айтуға оңай. Орындауға келгенде…
Сана сілкінуі тиіс!
Егер осының барлығы оңай іске асатын болса, екінің бірі кез-келген мәселесін шешіп, қиындықтан әлдеқашан арылған болар еді. Аузымызды ашып: «Мен аурудан айығып кетемін», «мен күштімін» деген аффирмацияларды айта бастағаннан айығып кетер болсақ, қанекей. Липтон көптеген адамдар мұндай рухты сөздерді жоғарғы сананың, ақылдың төңірегінде тұрып айтады дейді. Бұл бар болғаны 5 пайыздық көрсеткіш. Ал, 95 пайыз сенімсіздік түпкі бейсанада жатыр, егер біз бейсаналық тұрғыда соқырға таяқ ұстатқандай сенетін болсақ, бар жүрегімізбен жазылатынымызға сенімді болсақ, міне, әңгіме басқа!
Өзінің бейсанасын жеңіп, миын қозғап, төңкеріс жасап, өзін-өзі емдеп шығаратындар мыңнан біреу ғана! Біз миға «мен айығамын!» деп сигнал бергенде, бейсана оған міндетті түрде сенімсіздік артып шығады. Арғы ішкі дауыс сіздің жазылып тәуір болып кететініңізге сенбейді. Сіздің ғайыптан жазылып кету мүмкіндігіңізді жоққа шығарады. Не себепті бұлай?
Бейсананың мұндай керағарлығы біздің бала кезімізден бастау алады екен. Сәби туылғаннан алты жасқа келгенге дейінгі кезеңде оның түпкі бейсанасының іргетасы қаланып болады, алты жасқа дейін бала не көрді, не естіді, ойына не тоқыды, не түйді, осының барлығы оның арғы қарайғы өмірі, тағдыры болып жалғасады. Кішкене күніндегі алған ескертулері, ересектердің кездейсоқ өзіне айтып қалған ұрыстары, жазалаулары, таңданыстары, жүрегінің жиі соққаны, қорыққаны… барлығы бейсанада жазылып қалады. Нәтижесінде адамдар естияр жасқа жетіп, есейген шақта оның бейсаналық тәжірибесінің 70 пайызы жағымсыздыққа бейім болады да, қалған 30 пайызы ғана жағымды құбылысқа сенетін болады.
Егер өзіңіз күткендегідей нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе, осы керітартпалықты жеңуге тиіссіз!!! Бойыңыздағы барьерді жойып, орасан өзгеріске ұшырата білгенде ғана атадан келе жатқан генді өзгерте алатын боласыз.
Липтонның пікірінше бейсанаға экстрасенстер де әсер ете алады. Алайда, гипноздан басқа да әдіс-тәсілдердің көмегімен түпкі санаға кіруге болады. Бұл әлі зерттеуді қажет ететін тақырып. Адамның бойында біз білмейтін ішкі күштер сықымдалып жатыр, ол ағзаға қандай да бір шабуыл жасағанда, төтеннен өзгеріске ұшырағанда ытқып шығуы мүмкін.
Соңғы кездері эзотериктер заманауи әдістер арқылы адамның психикасына әсер ететін пайдалы құндылықтарды ойлап тауып жүр. Бұл сала медициналық жағынан, психологиялық тұрғыдан да, ғылым жағынан да әлі де терең зерттеуді, зерделеуді қажет етіп келеді, қысқасы жұмбағы көп саланың бірі.
Ян СМЕЛЯНСКИЙ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *