Барлық ауру кешірмегеннен болады.

Қалай адам ауыра бастайды, солай ол өз кеудесінен кешірім етілуі қажет адамды іздеуі керек. Егер сіз кешірім жасалуы өте қиын адамды тапсаңыз, онда тап сол адамды кешіру керек. Кешіру-демек, азат болу. Сізге қалай кешіруді білу қажет емес. Ең керегі-кешіруге құлықтылық. Ары қарай сізге Жаратушының өзі көмекке келеді. Біз өз қиналысымызды жақсы түсінеміз. Бірақ кешірім жасауға тиісті адамдардың да қиналысты басынан өткеретінін қабылдау бізге қалай қиын. Сол сәтте олардың өзгеше іс-қимыл жасай алмағандығын түсіну қажет.
Маған адамдар кеңес алуға келген кезде, олардың проблемасының шығу негізіне басым ауырмайды, бұл денсаулықтың нашарлығы ма, ақшаның жетімсіздігі ме, қарым-қатынастың нашарлығы немесе дамымаған талант па-мен бірден тек қана бір нәрсеме, өз-өзіңді жақсы көруді қалай дамыту керектігімен жұмыс жасай бастаймын.
Өзіңді жақсы көруді дамыту
Мен мынадай қорытындығы келдім: біз өзімізді жақсы көрген кезде, өз іс-әрекетімізді мақұлдаған кезде және өз-өзімізбен қалған кезде біздің өміріміз жайнай түседі, тіпті сөзбен айтып жеткізе алмайсың. Барлық жерде-кішкентай ғажайыптар. Денсаулық жақсарады, қолға ақшаның өзі келеді, біздің басқалармен қарым-қатынасымыз гүлдене түседі, біз өзіміздің тұлғалық қасиетімізді шығармашылық негізде білдіре бастаймыз. Біз өзімізді бар жан-тәнімізбен жақсы көріп, құрметтеген кезде және өз іс-әркетімізді мақұлдаған кезде біз ақылдың белгілі бір ұйымын жасаймыз. Осыдан-қоршағандармен ғажайып қарым-қатынас, жаңа жұмыс: біз тіптен жүдейміз, өзіміздің қалыпты салмағымызға ораламыз.
Өзіңді мақұлдау мен өзіңді қабылдау-біздің өміріміздегі оң өзгерістердің кілті
Өзіңді бұлай жақсы көру ешқашан, ешбір жағдайда да өзіңді сынауға болмайтынын сезіну фактісінен басталады. Өз басмызды сынау біздің құтылуға тырысқан ойдың бейнесіне әсер етеді. Өз-өзіңді түсіну сиқырланған құрсаудан шығып кетуге көмектеседі.
Сіз жылдар бойы өзіңізді сынадыңыз, сонда да бұдан ешқандай жақсылық шықпағанын естен шығармаңыз
Өзіңізді жақсы көруге тырысып көріңіз және бұдан не шығады екен, байқаңыз.
Өзіңді жақсы көру деп ешқандай эгоистік жақсы көруді немесе «өзін жақсы көруді» нысана ету емес. Өзін жақсы көру-демек, өз басыңның тірлік кешу фактісін мерекелеу мен өмірдегі сыйы үшін құдайға шүкірлік ету.
Өзіңді жақсы көру-демек, бәрінен бұрын, өз басыңды құрметтеу.
Мен жақсы көруді сезінемін:
*өмір процесінің өзіне деген;
Тірі болғаныма қуанамын;
Өзім көріп тұрған сұлулыққа;
Басқа адамға деген;
Білімге деген;
Ойлау поцесіне деген;
Біздің денемізге және оның құрылымына;
Жануарларға, құстарға және барлық тірі құбылысқа деген;
Жаратылысықа және оның қалай құрылуына деген.
Сіз жеке өзіңіз бұл тізімге не қоса алар едіңіз?
Ал енді, біз өзімізді қалай жақсы көретінімзді байқайық:
*Біз үнемі өзімізге ұрсамыз және өзімізді сынаймыз;
*Біз өзімізді тамақпен, ішімдікпен және есірткімен улаймыз;
*Бізді ешкім жақсы көрмейді деген сенімді таңдаймыз;
*Біз толық хаос пен берекесіздікте өмір сүрудеміз;
*Біз өзімізге қарыз бен төзгісіз ауыртпалықты жасаймыз;
*Біз қадір-қасиетті аяққа басатын ашыналар мен күйеуді (әйелді) өзімізге тартамыз.
Қандай жағдай да, егер сіз өзіңіздің жетістігіңізді жоққа шығарсаңыз, бұл сіздің өзіңізді жақсы көрмейтініңізді білдіреді. Менің есіме көзілдірік киген өзімнің бір пациенткам түседі. Бір сабақ бойына ол өзін түп негізі балалық шақта жатқан бір қорқынышынан азат етті. Келесі күні ол оянады да, көзілдіріктің өзіне енді қажеті жоқ екенін түсінеді. Оның жанары 100 пайыз көреді. Бірақ үнемі өзіне: «мен бұған сенбеймін, мен бұған сенбеймін», деп айтып бүкіл күнді өткізеді. Сөйтіп, ол келесі күні тағы да көзілдірік киеді. Біздің санамыздан тысқары ойымызда юмор сезімі жоқ. Ол өзінде 100 пайыз көретін жанар пайда болғанына тіпті де сене алмайды.
Кішкентай балалардың мінсіздігі
Сәби болған кездеріңізде сіздер қандай мінсіз едіңіздер! Балаларға мінсіз болу үшін ештеңе істеудің қажеті жоқ. Олар мінсіздіктің өзі. Және де біледі,олар- Жаратылыс аясы. Олар нені керек етсе соны сұраудан қорықпайды. Өздерінің эмоциясын еркін білдіреді. Сәби ренжіген кезде, бұл туралы көршілердің бәрінің білетінін сіз білесіз. Сондай-ақ сіз әсби шаттанған кезде оның күлкісі бүкіл дүниені нұрға бөлейтінін де білесіз. Балалар махаббатқа толы. Кішкентай балалар махабббатттың жоқтығына төзе алмайды. Өсе келе, біз махабббатсыз өмір сүруді үйренеміз. Сондай-ақ балалар денесінің әрбір бөлшегін жақсы көреді, тіпті өзінің қалдығын да.
Сіздер де сондай болғансыздар! Ал сосын сол уақытқа дейін қорқуға үйреніп алған үлкендерді тыңдай бастадыңыздар, сөйтіп сіздер біртіндеп өз мінсіздіктерімізді жоққа шығара бастадыңыздар.
Біздің ойымыздағыдай елестеткен «проблеманың» нағыз проблема болып шығу сирек кездеседі
Мысалы, артық салмақты алайық. Адамдар жылдар бойы артық салмақпен күреседі, бірақ бәрібір семіз күйінде қалады. Сонда олар өмірлеріндегі барлық проблема-олардың толықтығынан деп айта бастайды. Артық салмақ-тереңірек ішкі проблеманың сыртқы көрінісі. Менің пікірімше,-бұл әрқашан да қорқыныш пен қорғанысқа деген қажеттілік. Біз қорқыныш пен өзімізге сенімсіздікті сезінген кезде біз соншалықты «жақсы» емеспіз деп ойлаймыз, көбіміз біздің ағзамызда қорғаныс қызметін атқаратын майлармен қапталамазы.
Семіз болғаның үшін үнемі өзіңді тұқырту, артық желінген кесіктер үшін өзіңді кінәлі сезіну-уақыттты босқа өткізу. 20 жыл өткеннен кейін де сіз семіз боласыз, өйткені сіз нағыз проблемаға тіпті де маңайлаған жоқсыз. Сондықтан мен жеке өз басым әртүрлі диеталардан бас тартмаын. Диета көмектеспейді. Жалғыз ғана ұсынысым-бұл жаман ойлар диетасы. Менің клиенттерім семіз болғандықтан өздерін жақсы көрмейміз деп айтады. Ал, мен түсіндіремін: олар өздерін жақсы көрмегендіктен семіз.
Сіз айнаға қарап, «Мен сені жақсы көремін және сен қандай болсаң да сол күйіңде қабылдаймын»,-деп қашан соңғы рет осындай жаттығу жасап көрдіңіз. Мұндай жаттығу күнде азанда қайталанып тұрса, сіз күн өткен сайын өзіңізге деген құрмет оянатынынан сеніңіз.
Біз өзімізді жақсы көріп, құрметтей бастаған кезде барлығы да автоматты түрде ғайып болады…
Нағыз проблема
Сонымен, зиянсыз, құртақандай айнаға қарайды да, пациенттің көңілі бұзылады. Мен масаттаынп күліп: «тамаша, енді біз нағыз проблеманы көреміз» деймін. Мен онымен өзіңе деген махаббатттың маңыздылығы туралы қажеттілікпен әңгімелесемін. Ешқашан, ешқандай сылтаумен ештеңе үшін өзіңді мінеуге болмайды, содан өзің деген махаббат басталады деймін мен. Мен өз пациенттерімнен не үшін олар өздерін сынайды деп сұраймын да, соның ұзын тізімін жасаймын. Олар өте семіз немесе өте арық, өте ақылды немесе өте ақөымақ, өте көріксіз (бұны өте әдемілері айтады). Аңғарсаңыз-әрқашан «өте». Ақырында, істің анығына жетеміз: «мен соншалықты жақсы емеспін». Ура! Міне, нағыз проблемаға жетеміз. Олар өздерін сынайды, себебі олар жақсы емеспін дегенге сенуге үйренген. Біз бүкіл энергиямызды бір проблеманы шешуге жұмсауымыз керек: махаббат жетімсіздігі және өзіңе құрмет!
Ой тазалығы
Енді өткенге қайырылып қарайық, біз неге сенеміз. Кейбір жылдарға өткеннің әсерінен арылу өте қиынға түседі. Сіз өз пәтеріңізді жинаудасыз делік. Ондағы кейбір заттарға сүйіспеншілікпен қарап, одан сайын әдемілеу үшін оның шаңын сүртесіз. Басқа заттар жөндеуді қажет етеді. Бұл фактіні сіз ойыңызға түйіп қоясыз. Сіздің пәтеріңіздегі кейбір заттардың ескіргені соншалық, олардан тезірек құтылу керек. Ескі журналдар мен гахзеттерді, керек емес кітаптарды сіз лақтырасыз. Және бұған бола ренжудің жән ашуланудың жөні жоқ.
Біз ойымызды тазартқан кезде де дәл солай болады. Кейбір танымдарымыз ескіріп, бізге олардан құтылу керек болса, оған бола ренжуге болмайды. Олар біздің өмірімізде өтіп кеткен. Біз өзімізге бүгін түстік жасау үшін кешегі жуындыны қопармаймыз ғой. Болашақ өмірді жасау үшін ой жуындысын қопарудың да қажеті жоқ.
Біздің кейбір шектеулі танымдарымызды қарап көрелік: шектеулі таным: «Мен онша жақсы емеспін». Оның түбірі, әкесінің өз сәбиіне үнемі сен ақымақсың деп айтуында жатыр.
Шектеулі таным: «Мен өзімді онша жақсы көрмеймін». Оның негізі мынада: қызы әкесіне ұнаған нәрсені жасауға тырысықан. Олар ешнәрсеге келіспей, үнемі ұрыса береді. Қыз әкесінің қолдауын күтті, бірақ оның орнына қатал сынға ұшырып отырды. Қыз әкесінің жанын ауыртқан оның реніштері екенін түсінген жоқ, сол сияқты әкесіндегі реніштер де оның өзінің жанын ауыртты.
Шектеулі таным: «Өмір қауіпті». Оның шығу негізі: үрейлі әке… Менің басқа бір әйел клиентіме өмір қатал да қиын болып көрінді. Оған күлу қиынға түсті, кейде бұлай істесе осыдан кейін жаман бір нәрсе болардай қорқыныш пайда болды. Оны:»күлме, егер күлсең, одан ешқашан жақсы болмайды», деп қайталай отырып тәрбиелеген екен.
Жатттығу
Бір парақ қағазды алыңыз да сіз тураы ата-анаңыз айтқан келеңсіздіктердің тізімін жасаңыз. Қаз-қалпында еске түсіру үшін ең аз дегенде жарты сағат керек. Олар ақша туралы не айттты? Олар сіздің денеңіз туралы не айтты? Мәселен: сенің мұрның пұшық, аяғың қисық. Адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен махаббат туралы не деді? Сіздің қабілетіңіз туралы ше? Егер қолыңыздан келсе тізімге әділдікпен қараңыз және өзіңізге: «Маған бұл ойлар қайдан келген» деп айтыңыз. Таза парақ алайық та, одан әрі аздап жүрейік. Тағы кімнен сіз үнемі теріс пікір естідіңіз?
-Туыстардан;
-Мұғалімдерден;
-Достардан;
-Билікке иелік етушілерден.
Бәрін жазыңыз. Бұның бәрін жазған кезде, байқаңыз, сіз өзіңізді қалай сезінесіз. Сіздің қолыңызбен жазылған екі парақ қағаз-бұл сіз тез арада құтылуға тиіс ойлар!Бұл сізге өмір сүруге кедергі жасап жүрген ойлардың дәл өзі.
Өзіңді сәби етіп елестету
Егер біз үш жасар сәбиді алып, оны бөлменің ортасына қойып, оған бар күшімізбен айқайласақ, оған ақымақ деп және оған не істеу керектігін айтсақ (тіпті бір-екі рет ұра да аламыз), онда қорыққан сәби бұрышта тыныш отырады немесе өзін тәртіпсіз ұстай бастайды. Бұндай сәбилерде бар болғаны таңдаудың екі-ақ мүмкіншілігі болады. яБірақ біз бұндай сәбилердің шын мәнінде қолынан не келетінін білмейміз.
Егер сол баланы алып, оған біз сені жақсы көреміз, қастерлейміз, ол ақылды, зерек, оның ойнағаны бізге ұнайды, оның қате істегенінде тұрған таңқаларлық ештеңе жоқ (оны барлығы да істейді) және біз ештеңеге қарамстан оны әрқашан жақсы көреміз десек,-онда бұндай баланың мүұмкіншілік әлеуетін тіпті де көзге елестете алмас едік!
Біздің әрқайсымыздың (жасымызға қарамстан) көңілімізде осындай үш жасар бала бар…
Біздің өміріміздің сценариінің негізі-біздің ерте кездегі «бағдарламамызда» жатыр. Біздің бәріміз де «олардың» бізге айтқандары мен «шындық» түріндегі уағыздарын әзірлікпен қабылдаған тәртіпті үлгілі балалармыз. Бірақ тағы да бұл үшін отбасын кінәлап емес, түсініктің ең жоғарғы деңгейіне жету маңызды. Өткенді өзгертуге болмайды, бірақ біз өзімізге тамаша болашақ жасаймыз. Біз мұнда, мына жерге біздің шектеулерімізді жеңу үшін келгенбіз. Бз мұнда «олардың» бізге айтқөандарына қарамстан, өзіміздің ерекшелеіктерімізге қайран қалу үшін келгенбіз. Сондықтан сіздерге шектеулеріңізді жеңу керек, ал маған өзімдікін жеңу керек.
Өзгеруге деген шешім
Өмірге деген біздің көпшілігіміздің қатынасымыз-бұл, бәрінен бұрын, дәрменсіздік сезімі. Біз баянсыз өмірге баяғыда-ақ қол сілтегенбіз, одан үміт ете бермейміз. Оған, біреулер үшін-сансыз түңілу, ал біреулер үшін –тұрақты қиналыс т.с.с. кінәлі. Бірақ бәрі үшін бір-ақ нәтиже-өмірден толық түңілу мен өзін және өз өмірін мүлдем басқа негізде көргуе деген құлықсыздық. Жақсы, егер сіз өзіңізге сұрақ қойсаңыз: «менің өмірімде ұдайы түңілулер неден туындайды?». Басқаларды сізді ашуландыруға мәжбүрлейтін не, нені сіз соншалықты мол үлестіресіз? Сіз не істесеңіз, соны қайтара аласыз. Сіз неғұрлым көбірек ашулансаңыз, сізге ашу туғызатын жағдайларды сіз соғұрлым туындатасыз. Біздің барлығымз, біздің өміріміздің өзгергенін қалаймыз, бірақ біздің өзіміз өзгергіміз келмейді.Басқа біреулер өзгерсін, «олар» өзгерсін, ал мен күте тұрамын. Басқа біреуді өзгерту үшін, алдымен сіздің өзіңіз өзгеруіңіз керек. Және сіз іштей өзгеруіңіз керек. Біз ойлау әдісімізді, қалай сөйлеуді, нені айтуды өзгертуіміз керек. Тек сонда ғана нағыз өзгеріс басталады…
«Мен өзгергім келеді» жаттығуы
«Мен өзгергім келеді» деген сөз тіркестерін мүмкіндігінше жиі қайталаңыз. Осы тіркестерді айта отырып, тамағыңызға қолыңызды тигізіңіз. Тамақ-бұл өзгеруге қажетті энергиялардың барлығы жинақталған орталық. Өзгеріс сіздің өміріңізге енген кезде сіз оған дайын болыңыз. Сондай—ақ сіз кей жерлерде өзгертуге дәрменсізбін деп есептесеңіз, тура сол жерде сізге өзгеру қажет екенін біліңіз. Мені өзгергім еледі, менің өзгергім келеді. Жаратылыс күші сіздің ниетіңізге автоматты түрде көмектеседі, ал сіз өз өмірңіздегі көптеген өзгерістерді таңқала отырып тап басасыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *