Сіз ақшаңызды басқара білесіз бе?

Ақшаны адам жасап шығарды. Солай болса да, адам сол құнды қағазға тәуелді. Оның өмір сүру қажеттіліктерін тек ақша ғана өтей алады. Жер бетінде қыбырлаған пенде ақша табудың қамына әлдеқашан кіріскен. Кішігірім кәсіптен ірі бизнеске қол жеткізгендер ақшаны табысты басқара алатындар. Қаншама биікке көтерілем деп талпынғандар есепсіз іс басқарудың арқасында қалайша құлдырауға түскенін де аңдамайды. Ақшаның құдіреттілігі сол, адамды биікке көтеріп, аспандата алатындығында. Сондықтан да, табысты болғысы келетіндер ақша шақырудың түрлі амал-тәсілдерін ойлап табады. Десек те, ақшаны басқару асқан есептелікті қажет етеді. Ессіз есепсіздік қаншама адамды тоқырауға ұшыратқан. Сондықтан, ақшаны көп тапқыңыз келсе, оның қарапайым ережелерін білгеніңіз дұрыс.

Алдымен ақшаны басқаруды үйреніңіз. Енді сіздін кірісіңіздің бөлінуін арнайы сызба бойынша жіктеп, ақша басқарудың әдісін үйренейік. Барлық тапқан табысыңыздың он-он пайыздан келешекке және демалуға салғаннан кейінгі қалған ақшаңыз – 100% айлық табысыңыз болып есептеледі. Ақшаңыздың 10 % (пайызын) алдағы келешек болашағыңызға құйыныз. Бұған тиісуге құқыңыз жоқ. Бұл сіздің асқақ арманыңыздың ақшасы.
Ақшаның тағы 10 % киім киюге, дем алуға, қонаққа, театр, концертке баруға, сыйлык, қайырымдылыққа құйыныз. Ақшаңыздын 55% компанияға салыңыз
(өзіңіздің атқарып жүрген жұмысыңызды жетілдіруге, одан әрі дамытуға). Ақшаныздың 45% өзініздің есебіңізге салыңыз (коммуналдық төлемдер, ішетін тамағыңыз, киетін киімініз, балалардың оқуына т.б.)
Ақшаны басқаруды үйренгеннен кейін, сізге ақшаның өзі келетін болады. Ақша онымен қалай жұмыс істеуді білетіндерге ғана келеді. Егер ақшамен жұмыс істеуді білмесеңіз, ең дұрысы түк те істемеу. Алдымен ақшаны басқаруды үйреніп барып: ақшаны қайда, қалай жұмсайтынынызды білініз, іске сонан сон ғана барып кірісініз.
Сіздін айлық табысыныз – бұл тұрақты жалақы емес, өзініздің қабілетіңізбен, ақылыңызбен, еңбегінізбен тапқан акша. Бұл сіздін ісіңіздін жағдайына байланысты әрлі-берлі құбылып тұруы мүмкін. Сіз ақшаны пәтерақыға, тамаққа, емханаға, оқуға, балалар бақшасына, киім-кешекке жұмсайсыз. Әдеттегідей көніл көтеру мен демалуға жетпейді. Сіздің айлық табысыныздан не қалды?! Дым да қалған жок. Біз тап осылай істейміз, сәтсіз жолы ашылмаған адамдар да осылайша істейді. Олардың айтатындары – егер көп тапсам, бірдеңе қалуы мүмкін еді. Мен сол кезде ақшаны жинаймын.
Бір кезде ғұлама адамнан сұрайды: «Бәрінін де бай болғысы келеді, бәрінін де мүмкіншіліктері мен жағдайлары бірдей. Бірақ, неліктен біреулері молшылыққа шомылады, басым көпшілігі жұтап жүреді? Олардын айырмашылықтары неде?». Сол уакытта әлгі ғұлама кісі: «Байлар өзіміз айтатын «қажетті шығын» дегенді біледі» деді. Оның меңзегені мынау еді.
Сіздің табысыңыз тұрақты түрде өсіп келе жатыр деп санайық: өткен айда 300 доллар алып осы ақшаға өмір сүрдініз, осы айда сізде 500 доллар болса да, бәрін жұмсап қойдыныз. Келесі айда кірісініз 1000 долларга өседі, осыған орай сіздің де сұранысыңыз көбейеді. Сіз тіпті 2000 доллар алсаңыз да, шығыныңыз кіріске сәйкес бола береді.

Cіз 300 долларга да жаман тұрган жоқсыз ғой. Неліктен бұлай болады? Себебі, сіздің араныңыз ашылып, жаңа сұраныстар пайда бола береді. Ешуакытта да сұраныстарға бейімделменіз, жинақталыныз. Үндінің бір ғұламасы айтыпты: «Бұл фәни әлемнің құмарлығы теңіздің ащы суына ұқсас: ішкен сайын шөлдей түсесін». Сіз базардан көкөніс, жеміс-жидек, киім, азық-түлік сатып алғанда, осыны өсірген немесе жасаған адамның кірісін ұлғайттыңыз. Себебі, қандай болмасын шығын, біреуге кіріс болып кіреді.
Адамдар табысты көп таба бастаса неге көп шығын шығарады? Олар келесі айда бұдан да көп табамын деп дәмеленеді, анығында осы ақшаны қалай табатыны жөнінде әлі ойланған емес. Табысының денгейі, өзінің деңгейіне шамалас. Кіріс неге өспейді? Себебі, өзінін денгейі көп табыс табуға сәйкес емес. Олар әлі ақшаны басқару ілімін үйренбеген. Көп ақша табудын және оны сақтаудын әдістерін, жолдарын білмейді.
Жетістікке жеткен адамдарда мүлдем баскаша. Олар алдымен жоспарлаған ақшасын жинайды, сонан соң калғанын жұмсайды. Бірінші өздерін жарылқайды. (Өзін жарылқау дегеніміз: қандай болмасын шығыннын бетіне қарамай, өзінін білімін көтеріп, рухани деңгейін жетілдіріп кемелденуі үшін арнайы ізденіп, үнемі оқып уйрену).
Қазіргі уакытта кейбір ауқатты, баймын деген адамдардың өздері ертеңгі күндеріне сенімсіз. Олар қымбат көліктер мініп, мейрамханаға барып тамақтанса да, қабақтарынан қар жауып ашылмай, түнеріп жүреді. Олар біледі: екі-үш ай жұмыстары жүрмей тұралап қалса, қарыздарын төлей алмай борышқа белшесінен бататындарын. Егер бұл бір жылға созылса, бастарына қара түнек, ақырзаман орнайды. Осындай жағдайлар маза бермей, көнілдері аласапыран болып жүреді. Себебі, олар өздеріне-өздері төлемеген, яғни алдымен өздерін жарылқамаған.
Есіңізде болсын – алдымен өзіңе төле, қалғанын көре жатасың. Өйтпесең балаңа, жұбайыңа сендерді жақсы көремін деп айта алмайсың. Олардың осыны сезінулері үшін, іс-әрекет жасап, дәлелдеуін шарт.
Себебі, өзіміз ақша басқаруды түсініп алдық. Осынын арқасында сіз – өзіңізге әрі қожайын, әрі құлсыз. Өзініздің кірісініздің 10 пайызын келешекке сақтаныз. Бұл сіздің ақшаңыз емес, бұл сіздің арманыңыздың ақшасы, бұл ақшаға тиісуге құқыңыз жоқ. Қалған ақшаңыздан тағы да 10 пайыз көніл көтеруге, сергуге, қонақ шақыруға, қонаққа баруға сақтап қойыңыз, бұдан артық емес. Бұл ақша бір жерге бара қалсаңыз, біреуге сыйлық алсаңыз да кажет болады. Сізге белгілі бір жүйе кажет. Егер белгілі бір жүйе құрап алсаныз, ол жүйе өз бетінше жұмыс істей береді. Сол кезде сізге ақшаның өзі келеді де, құрган жүйеңіздің бір бөлігіне айналады. Өзіңіздің тұрмыс жағдайыңыздың күрт жақсарғанына өзіңіз таң қалатын боласыз.
Есебімізге оралайык. Енді калған ақшаны 100 пайыз деп санап, осы ақшаның 55 пайызын компанияның есебіне, қалған 45 пайызын өзіміздің есеп-шотымызга саламыз. Кей кездерде кірісіміз 1,5 есеге артады да, кейіннен бастапқы калпына келеді. Неліктен? Сіз жауапкершілікті өзіңізге жүктеген жоқсыз. Ақша онымен не істеу керек екенін білетін адамдарға ғана келеді. Ол үшін бұл білімді игеріп қана қоймай, осыны іс-жүзіне асыруды да үйрену шарт. Егер біздін ішкі төрт қуатымыз (тән, жан, сана, рух) өзара үйлесімділікте болмаса, онда ақша қандай ақылды болсаң да қашып кетеді. Сондыктан да, олар өзара сәйкестікте болулары керек.
Бірінші ережені есіңізге сақтап алыңыз. Кіріс сіздің денгейіңіздің дамуын өсірмейді, керісінше денгейіңіздің рухани дамуы кірісіңізді көбейтеді. Адам өзінің болашағының жауапкершілігін өзіне жүктемесе – кіріс азаяды. Қанша тырбандасаң да, қанша табыскер болсаң да, кірісініз бен шығысыңыз тең болып тұрады. Ақшаны басқара білу — осы шеңберді бұзуга көмектеседі.
Осы әдіс бойынша сіз – жалдамалы жұмысшысыз, мөлшерлі жалақыны өзініздің кірісіңізден өзініз тағайындайсыз. Осы сәттен бастап шығыныңыз шектеулі, бұрынғыдай бет алды шашпайтын боласыз. Бұл дегенініз, егер сіз келесі айда көп табыс таба бастасаңыз, онда компанияңызға (өзініздің жұмысыңыз) ақшаны молырақ саласыз. Ал өзіңіздің 45 пайыз жеке есеп-шотынызға үнемі ақша салып отырыңыз. Себебі, күндердің күнінде жұмыссыз қалуыңыз мүмкін. Сол кезде жеке есеп-шотыныздағы ақшаныз өте қажет болады. (Жеке кәсіпкерлікпен шұгылданатындарға).
Осының бәрі не үшін істеледі? Шығынды болдырмай алдын алу үшін. Кіріс өсе берсін, шығын тапжылмай бір деңгейде тұрсын. Бүгінгі күнге еңбек ақыны қалай анықтауға болады? Бүгінгі күнді, айды, жылды жазыңыз. Қазір былтырғы осы күннен бастап, бір жылда қанша ақша тапқаныңыздың есебін шығарыңыз. Осы сомадан тура 45 пайызды алып тастап, қалғанын 12 айға бөліңіз.
Бұл көрсеткіш сізді қуанта ма? Жоқ? Сізге қайтсеңіз де ұстанған ережені басшылыққа алуға тура келеді. Есептегендегі шыққан сан, сіздін айлық табысыңыз. Егер байығыныз келсе, бұл ақша қандай аз болса да, бұдан бір тиын да артық жұмсауга тиіс емессіз. Бұл сізге ұнай ма, ұнамай ма, онда біздін шаруамыз жоқ: егер шын ниетіңізбен молшылыққа шомылып, дәулетті адам болып, бақытты өмір сүремін десеңіз – осыған көнуіңіз шарт.

Ә.Мұқашбеков

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *