Үйретудің ерекшеліктері мен тәрбиелеу: визуалдар, аудиалдар, кинестетиктер.

Білім процесі балаға ұсынылған ақпаратты түйсініп, игеруді үйретеді. Алайда, кейбір балалар бұл ақпаратты тез қағып алады да, ал басқалары қаншама қайталаудан соң да түйсінулері қиынға түседі. Өйткені, әрбір бала жеке ұғыну ерекшеліктерімен айрықшаланады. Осы себептен де, білім процесін осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, жасау қажет.
Түйсіну немесе ұғыну түрлеріне байланысты, барлық адамдар 4 негізгі категорияларға бөлінеді. Бұл: Визуалдар, Аудиалдар, Кинестетиктер, Дискреттер
Визуалдар-бұл адамдар, түскен ақпаратты көру органы арқылы жақсырақ қабылдайды. Аудиалдар ақпаратты есту арқылы түйсінеді. Кинестетиктер үшін сезім органы маңызды болып табылады, олар сезу, сезіну, иіс сезімі. Дискреттер ақпаратты түйсіну үшін логикалық ойлауды қолданады, олар қандай да бір таңба, шартты белгілер.
Неліктен балаңыздың қай категорияға жататынын білу маңызды деп ойлайсыз?
Бұл білім процесін тиімді етіп қана қоймай, әрі қызықты, баланы да еліктіріп, мұғалім мен ата-ана үшін де пайдалы болар еді. Мәселен, оқытушы ақпаратты түсіндіруде барлық ұғыну каналдарының барлық түрін пайдаланар еді: оларға есту, көру, сезу. Сонда балада мәліметті ұзақ уақытқа дейін меңгеріп, түйсініп жүруге мүмкіндігі болатын еді.
Сондай-ақ, әртүрлі түйсіну түрлерінің өкілдері кейбір мінез-құлық сипаттарымен және тәртіп деңгейімен, зерделілігімен ерекшеленеді.
Балаңыздың қандай ұғыну түріне жататынын қалай анықтауға болады?
Әртүрлі кезең, сәттер болады, сол кезде балаңызға мұқият қарап, қандай категорияға жататынын анықтап, байқауыңызға болады.
1.Сөз. Визуал балалар өз сөзінде әркез «көру», «қарау» осы сынды сөздерді жиі қолданады. Аудиалдарда естуге байланысты, зат есім, етістіктер басым болады. Кинестетиктер өздерінің сезімдері мен қимылдарын жиірек суреттейді.
2. Назар аудару. Бала-визуалдар өз ісімен немесе кәсібімен шұғылданып жатқанда, оларды басқаға көңіл аударту оңайға түспейді. Аудиалдар болса, кез-келген дыбыс, әуенге тез алаңдап, соны тыңдауға әуестенеді. Кинестетиктерді кез-келген ұсақ, майда-шүйделер назар аудартады. Сондықтан да, оларды қолды-аяққа тұрмайтын, ұшқалақ, әрдайым өз ісінен, сабағынан тез басқаға көңіл аударғыш, жеңілтек деп жатамыз.
3. Көзқарасты бағыттау. Визуал балалар әркезде әңгіме барысында жоғарыға қараса, ал, аудиалдар болса, орта сызыққа бағытталады, кинестетиктер төменге қарап, сөйлейді.
Мектепте қоңырау кезінде визуал-жеткіншектер көбінесе сыныбында қалады, олар айқай-шу, қозғалыстан гөрі тыныштықты ұнатады. Аудиалдар қоңырауды сөйлесу мүмкіншілігі деп қабылдайды, кейде шулап та алады. Ал кинестетиктер үшін бос уақыт қимылды ойындармен тиімді болмақ.
Сипаттама
Бала-визуал ақпаратты жиі қойын дәптеріне жазып жүреді. Оған осы себептен де мәліметтегі қажеттісін айқындап алу мүмкіншілігін беріп, оған аз-аздап, мәліметтің мазмұнын айтып, түсіндіріп отыру қажет. Мұндайда көрнекі материалдарды қолданған өте пайдалы (сызба, сурет және т.б.).
Аудиалға ешуақытта ескерту жасамау қажет, егер ол ата-анасы мен мұғалімінен кейін қайталап жатса, оған осы қайталаулар жаңа материалды игеруге көмектеседі.
Кинестетик баланы ұзақ уақыт бойы қозғалмай отыруға ешуақытта мәжбүр етпеңіз. Ол кезде балақай шаршап, көңілі оның бұзылады, әлсізденеді. Мұндай бүлдіршіндерге ақыл-ой мен дене күштерін кезектестіріп, артып отыру қажет. Кинестетиктер жаңа материалды тез меңгеруі үшін бірнәрселер жасау арқылы, мысалға сөздің қалай дұрыс жазылғанын кинестетик жүз рет қарауы мүмкін, бірақ есте сақтамайды, бірақ оны бір-екі рет жазып көрсе, оның дұрыс, қатесіз жазылуын меңгеріп алады.
Баламен әңгімелесуде оның тілімен сөйлесу керек. Мысалға, визуалдармен тілдесуде сипаттама сөздерді қолданған дұрыс. Олар пішін, заттың көлемі және түр-түсті бейнелеуі қажет. Ал, аудиалдармен қарым-қатынаста дауыс ырғағын түрлендіріп, алмастыру арқылы түсіндірген дұрыс. Оған сонда материал түсініктірек болады. Кинестетиктер негізінен, ым, ишарат тілін (қол сермеу, қол бұлғау, бас изеу) және жанасуды (қолдың тиіп кетуі) қабылдайды. Сол себептен де,балаға бір жайтты түсіндіру кезінде өзінің Бала ұғынудың /түйсіну/ қандай категориясына жатса да, ол іштегі басқа органдарын да пайдаланады, сондықтан оларды да міндетті түрде дамытып отыру қажет. Баланың басқалармен қарым-қатынасы, тілдесу шеберлігі, жалпы үйрену, оқу-тоқуының жетістігі-–жоғарыда айтып өткен барлық түйсік каналдарының қаншалықты ашық, әрі жақсы дамығанына байланысты болмақ.

Ольга Леухина
психолог

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *