Бет-келбетіңіздің кескіні қандай?

Сіздің жүзіңізге қарап, жұрт сіз туралы не ойлайды? Сіз айнаға өзге адамның көзқарасымен бір қарап көрдіңіз бе? Сіздің жүзіңіз өзгеге не байқатады? Бет –келбетіңіз қандай адамдарды өзіне тартады? Сіздің бет-келбетіңіз жалпы өміріңізге қалай әсер етеді? Сіздің бет-келбетіңіз қалай қалыптасқан? Міне, осы сияқты маңызды сұрақтарға сізге жауап беріледі.
Негізінен бұл сұрақтарға жауап жазуыма дүкенде көрген бір әйелдің бет-әлпетінің кейіпі әсер етті. Ең басты байқағаным — оның адамдарға деген көзқарасы және бет-кескіні болды. Ол әйел маған қараған жоқ. Ол қоршаған ортаға, халыққа ерекше көзқараспен қарады. Өзінің бойы орташа болғанымен, халыққа көз тастауы тура бір биіктен төменге қарай қарағандай кейіп танытты. Халықты жақтырмай, ерінін шүйіріп, жек көріп қарады. Ол дүкенге келушілерді өзінің әлеуметтік жағдайынан төмен, өзін биік, олардан бай-бақуатты сияқты санады. Өзін қатты бағалайтыны байқалып тұрды. Мен оның өзгелерге деген көзқарасынан соң ғана, оның жүріс-тұрысына, киген киіміне ерекше мән беріп, арнайы қарап шықтым. Оның қараған көзімен түйісіп қалған адам оның киіміне қарамайды. Ол оның көзқарасы мен бет-кескініне қарап, оның текті жерден, ақсүйек ұрпағынан шыққан деп ойлауы да мүмкін. Себебі, ондай көзқарасты, бет-кескінді адамдарды паң, тәкаппар адам деп айтып жатады. Себебі, ондай адамдар басқа адамдарды менсінбейді. Өзін биік санайды.
Мені көптен бері бет-келбетіміздің кейпі қоршаған ортаға, әсіресе тікелей өзіміздің өмірімізге қатты әсер ететіні ойландыратын. Сол себептен де болса керек, мен осы әйелдің сыртқы келбетіне назар аудардым. Оның қанша жаста, не киіп алғанына дейін әдейі бақыладым. Орташа бойлы, қысқа шашты, 55 жастағы әйел екен. Ал, киімін де бір өзгешелік жоқ, қарапайым ғана. Джинсы, күртеше, биік талғаммен киінген деп те айта алмаймын.
Егде тартқан әйел болғандықтан, оның өмірі қандай болған екен деп ойланып қалдым. Оның бет-бейнесі нені байқатады? Неліктен ол төңірегіндегі адамдарға биіктен қарайды? Неліктен оларды өзінен кем санайды. Соншалықты мұндай халықты жеккөрушлік көзқарас қайдан шығып жатыр?
Мен 50 жастан жоғары өзімнің туыстарымды есіме түсіре бастадым. Негізінен, біз егде тартқан адамдарға қарағанда, оның жүзінен-ақ, қалай өмір сүргенін аңғарып жатамыз. Оларға қарап: «қайырымды әже» немесе «қайырымсыз кемпір», әлде «дана қария», «жынды кемпір немесе алжыған шал» деп бағалаймыз. Болмаса, кейбір апалардың жабыраңқы жүзіне қарап, өмірі қиындау болған тәрізді дейміз. Ал, мына апа өзінің бойындағы мейірімін сақтаған, қайырымды әже деп те ұнатып жатамыз.
Ал, орта жастағы адамдарға «парасатты кісі» немесе «көкбет әйел» деп оларға басқаша пікір айтамыз. Біз олардың дәл сол жүздеріне қарап, кейде оларға дұрыс баға бермеуіміз де мүмкін.
Мен өзімнің жақындарымның бейнесін елестете отырып, олардың бет-келбеттерінің құбылысының өмірлеріне деген әсерін салыстырғанымда, сәйкес келмегеніне таң қалдым. Әйткенмен, ол адамдардың өмірі тұрақты, әлеуметтік жағдайы жоғары, ауқатты, жанында жақындары, яғни тілеулестері, достары көп еді. Онда неліктен мұның жүзінде бақытсыздық білінеді. Молшылық өмір, жанындағы достар, тілеулестер оны қамқорлыққа бөлеп, оның ішкі сенімділігін оятады емес пе! Бірақ жүзіндегі мұңды кейпі басқаны көрсетіп тұр. Сонда қалай болғаны, не дұрыс емес?
Мен психолог болғандықтан да, бұл сұрақтарға өзінше жауабым бар еді. Мен ойлағандай, адамның бет-кескіні оның сыртқы келбетін ашпайды екен. Оның ішкі өмірінің келбетін бейнелейді. Ішкі жан-дүниесіндегі сезімін білдіріп тұрады. Әрине, адамның мұңды жүзі оның өміріне деген көңілі толмаушылығын, өмірден түңілгенін байқатады.
Сонымен мен де өзімнің бет келбетімнің өзгерістеріне бақылау жүргіздім. Бұл бағытта маған күйеуім көмектесті. Күлімсіреп, бақытты болуым үшін ат салысады. Әрине, мен де отбасым үшін өмір сүріп жатыр емеспін бе! Бір күні ол маған: «Неліктен көңілсіз жүзбен жаныма келіп тұрсың? Менен бір зат, жайт сұрағың келіп тұр ма? Ол үшін мұндай кейіп көрсетудің қажеті жоқ. Содан неліктен менің бет-жүзім өзгеруі керек деген тұжырымға келіп, ойланып қалдым.
Әрине, мен психоаналитик ретінде барлығы бала кездегі тәрбиеден қалыптасады десем, бірақ бұл түсінік те жеткіліксіз. Енді не істеу керек? Мен өзімнің бет-жүзімнің құбылысын өзгертуім қажет деп санадым. Әрдайым ойымды қуанышты жаққа аударып, күлімсіреп, өзімді осыған тәрбиелемесем, онда 60 -70 жасқа дейінгі өмірімнің бәрі мәнсіз өтетінін түсіндім. Әрине, мұндай көңілсіз жүзбен өзім де тартымсыз, адамдар да жүзіме қарап жолаймайтынын сезіндім. Ең бастысы, мұндай мұңды кейіп, адамдармен қарым-қатынас жасаудағы сүйіспеншілік, қуанышты сәттерден айыратынын түсіндім. Әрине, көңілсіз жабыраңқы жүзбен тұрсаңыз, көңілсіз екен деп, сізге ешкім сөйлемейтінін өзіңіз де білетін шығарсыз. Ал, көңіліңіз толып, күлімсіреп тұрсаңыз, бүгін сіз әдемі, сұлу немесе құлпырып кетіпсіз деген жағымды сөздерді естіп бір марқайып қалуыңыз ғажап емес. Енді салыстырып көріңіз. Сіз қандай көңіл-күйде тұрғанда адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай аласыз?
Дегенмен кез-келген уақытта таңдау жасауға болады. Мысалға, жүзімді мұңды кейіпке өзгертіп, сол арқылы бақытсыздық жолына баруыма болатынын сезінемін. Немесе бет-жүзімді күлімсіретіп, әрине осы көңілді кейіппен бақыттың теңізінде толқып, өмірдің қуанышты сәтіне ұмтылуыма әбден болатынын да түйсінемін. Бірақ маған не кедергі?
Көңілсіз адамдарда әрине, ойындағы шешілмеген мәселесі болады. Ал, оған қуаныш келгенде де ол армансыз сол бақытына шаттана да алмайды. Өйткені, оның ішінде ішкі дұшпаны бар, ол сол жағдайдың құрбаны болуға мәжбүрлеп тұрады. Және ол сол күйді сақтап тұруға барын салады. Сіз де ішкі дұшпаныңызды жеңе алмай, соған көндігесіз. Ал, оған қарсы тұра білсеңіз жеңе алар едіңіз. Өзіңіз елестетіңізші, сізге жағымды жаңалық немесе қуанышты хабар жеткенде сіз соншалықты шаттанбайсыз, әйтеуір соның ішінде бір кемшілік бар деп қатты қуануға қорқасыз, болмаса әйтеуір бір мәселеңіз есіңізден кетпейді де бұл жағдайға онша қуанбай қоя саласыз. Бір мезгіл болса да, бір шуақтана шаттануды да кейінге қалдырасыз.
Осы жағдайлардан соң, сіз күлуді де азайтып, сіздің бет-әлпетіңіздің құбылысы сіздің өміріңізге де әсер етіп жатқанын байқамай да қаласыз. Біз тіптен, онымен күреспейміз, бақытты жан болуға лайық екенімізді ұмытып кетеміз. Ал, ол сізді өзіне бағындырып, қуана қалсаңыз, ішінен сізге «Сен жамансың?, «Қолыңнан ешнәрсе келмейді?» деп айқайлап, бұйырып тұрады. Содан сіз «неге басым ауырып тұр, неліктен менімен бұлай болып жатыр, неге аурудың барлығы маған жабыса береді?» -деп өзіңізден өзіңіз қинала бастайсыз? Ол сізге ауруды әкеледі немесе қаржылай қысып қояды. Осылай біз оған үйреніп қаламыз. Іштей өзіміз оған көніп, «Менің қолымнан ештеңе келмейді?», «Жолым болмайды» деп өзіңізден-өзіңіз күйініп жүресіз. Суреттерге қарасақ, балдәурені қызық балақай мен бақытты жандардың бірінің келесі суреттерде бет-әлпеті басқаша, әлсіздеу, әлдеқайда өзгерген, бақытсыз шал мен кемпірге айналғанын көресіз. Демек, қай жағына өзгерген, жасарып кеткен бе? Жоқ, олай емес. Сонда байқауға болады, біздің ішіміздегі дұшпанымызды қалай бізді жай ғана жеңіп, бізді жаулап алғанын байқайсыз. Сонда бұл уақыттарда не өзгерді деп сұрап көрейікші. Сіздің ішкі дұшпаныңыз сіздің шынында да алға деген ұмтылушылығыңызды жойып, әлсіз екеніңізді дәлелдеп берді. Өзіңіздің сыртқы келбетіңіз бен ажарыңызды жөндеуге, қарауға уақытыңыз тапшы екенін көрсетіп берді. Сіз жеңілдіңіз.
Мен өзімінің бет-әлпетімнің құбылысына байқап қарап, бақылағанымда, әсіресе ауырған кезімде менің жүзім одан да бақытсыз күйге айналады екен. Содан мен өзімнің жүзімді өзгертуге тырыстым. Күліп, тірліктеріммен айналысып, нұрлануға тырысып, күлімсірей бастадым. Қуанышты сәттерімді есіме түсірдім. Сол кезде іштегі жауым айқайлай: «Қайдағы шат-шадыман қуаныш?! Сен аурусың ғой!!! Қалай сенің бет-келбетің қуанышты, бақытты күйге айналуы қажет?!» деп қарқылдады. Мен одан да бар күш-жігерімді салып, жүзімді ауруыма қарамастан, шаттандыра бастадым. Ал, сол кезде білесіз бе, мен өзімнен-өзім айыға бастағандай, күй кештім. Ауруым жайлап жоғалып жатқандай. Бірақ, тек менің жүзімді жақсы жағына бұрып күлімсіресем ғана, ауруым жайлап менен қашып жатқандай. Ең бастысы, ішкі сана-сезім де басқа жаққа бұрыла бастайды. Бірақ, мен сәлден соң, қайта ауруымды сезініп, жүзім өзгереді. Бірақ бұл жолы ішкі дұшпаным да алдыңғыдай қатты дауыспен айқайламай, жай шығады. Ал, сол кезде жай-күйім де жақсарып, өзімді жақсы сезінгендей боламын. Бірақ, мен онымен күрестім, ауруыма қармастан, күлімсіредім. Мен жеңе алдым. Демек, барлық адам осылай жасай алады екен.
Мен сіздерге тағы да мысал келтірейін. Адамдардың бет-келбеті ішкі сезімін көрсетіп тұрады. Сіз менімен келісесіз бе?
Мен бір журналға интервью бердім. Тақырыбы «негізгі ырықсыз сезім», яғни төсек қатынасы туралы болды. Соңынан фотосессия жүргізілді. Фотограф тақырыбымызға байланысты менен ерлерге жабысқақ әйелдің келбетін жасауымды сұрады. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Рөлге кіру үшін барымды салдым. Бірақ мәселе -менің өзіне еліктіргіш әйел емесімде болды. Және мен мұндай әйелдің кім екенін білемін. Ал, мен отбасылық әйелмін. Мен өзімнің жұбайымды сүйемін, балаларым үшін бәрі. Мен оларға сүйіспеншілік сезіммен, отбасылық әйел ретінде қараймын, керісінше жабысқақ әйел емеспін. Сол себептен де, менің кітабым « Өмірдегі серігіңді қалай табуға болады?» деп аталады, керісінше «Еркекті қалай өзіңе еліктіруге болады?» деп қойылмаған.
Фотограф та аянбады. Ол енді менің жарымды студияға шақырды. Күйеуімді өзіме еліктіруді сұранды. Онысынан да түк шықпады. Есесіне қолымыздан келмегеніне, күйеуіміз екеуміз әбден аха-халап күліп алдық. Ол біздің күлімсіреген бақытты жүзімізді түсіріп, осымен де қанағаттанатынын айтты.
Осы келтірілген мысалмен менің айтарым, егер осындай шаттықшыл, бақытты, барлығы жеткілікті, өзіңізге қанағаттанарлық, көңіліңіз тоқ қуанышты кейіппен жүрсеңіз, осы бағытпен сіз өміріңізді де осылай өзгерте аласыз. Егер тымырайып, бұлтиып, қатқыл жүзбен, мұңды кейіппен жүрсеңіз, онда сізге ауру да өзі жабысады, жамандық пен келеңсіз жайттар да келе береді. Сіз оны қалайсыз ба? Негізінен, түсі суық, қатаң, күлімсіремейтін адамдар өзгелерден кемшілік іздеп тұрады екен.
Енді бұл жерде сұрақ туындайды: Бет-әлпетіміздің құбылысымен не істеуге болады?
Бірінші және маңыздысы — өзіңіздің келбетіңіздің құбылысын күнделікті байқап, бақылап жүріңіз. Өзіңізге мынандай тәжірибе жасауыңызға болады. Айнаға қарап, бөтен адамның көзқарасымен өзіңізге баға беріңіз. Өзіңізге тесіліп, бұл адамды бірінші рет көргендей сезініп, қарап қалыңыз. Бөтен адамның көзімен қарағанда, өзіңіз туралы не айта аласыз? Өміріңіз қандай? Осындай бет-жүзі көрсетілген адамның өмірі қандай екен- деп сұраңыз.
Тәжірибеңізді жалғастыра беріңіз. Көзіңізді жұмып, өміріңіздегі ең жайсыз кезеңді, көңілсіз сәтіңізді есіңізге түсіріңіз. Жұмулы көзіңізбен сол жайтты 2-3 секунд ойыңыздан өткізіңіз. Енді көзіңізді ашып, бөтен кісінің көзімен өзіңіздің бет-келбетіңіздің кейпіне қарап, баға беріңіз. Мұндай бет-кескін не айтып тұр?
Экспериментімізді жалғастыра берейік. Көзіңізді жұмыңыз. Енді өзіңіздің өмірде ең бақытты сезінген күніңізді, кешіңізді, сәтіңізді еске түсіріңіз. Көзіңізді ашпай, осы сезімде 2-3 секунд тұрыңыз. Енді көзіңізді ашып, сол сезіміңізбен, жүзіңіздегі құбылысыңызды көріп, сізді бақылап тұрған бөтен адамның пікірімен білдіріңіз. Енді не байқадыңыз? Сізге бөтен жан не айтып тұр?
Енді өзгертілген осы 3 тәсілді салыстырып, өзіңізге ұнағанын таңдауыңызға болады. Бұл сіздің өміріңіз. Тек сіз ғана өміріңізге баға беріп, өзгерте аласыз, тек сіз ғана өзіңізді сүю арқылы бет-келбетіңізді бақытты етіп, көңілді етіп өзгерте аласыз.
Екінші. Сіз бет-кескініңізді өзгерткіңіз келеді, күліп, өміріне көңілі толған бақытты жандай сезінгіңіз келеді, бірақ қолыңыздан келмей жатыр. Және бұл қандай бет-кескін болатынын елестете алмай тұрсыз? Дұрыс па?
Барлық жерде амал бар. Айналаңызға қараңыз. Өміріне разы, барлығы жеткілікті, көңілді адамды табыңыз. Оның бет-келбетінің кейпіне назар салыңыз. Ол демек, бақытты жан. Дұрыс па, солай ғой. Содан соң, сіз де үйіңізде ешкімге байқатпай, (әрине, әзірше ешкім көрмегені дұрыс) сол адамның қуанышты кейіпін жасаңыз. Міне, сол кезде барлығы да айнада шынайы болып жасалады, әрине осындай сәтте адамдардың, қоршаған ортаңызда да жасап көрсеңіз, сіз күннен-күнге сұлулана, ажарлана түсесіз. Әсіресе, олардың реакциясына қараңызшы. Сіз осындай кейіппен өзіңізге достарды да, сұхбаттасушыны да оңай табасыз. Сіз өйткені оларға тартымды болып көрінесіз. Сіз, жаныңыздағы жандардың сізге деген қарым-қатынасының өзгергенін көріп, таң қаласыз.
Күліп, қуанғыңыз келеді ме, шаттана, бар күшіңізбен күліп, қуаныңыз. Тіптен, қиналған сәтіңізде көзіңізді жұмып, қуанышты сәтіңізді немесе дүние есігін ашқан нәрестені елестетіп көріңізші. Комедиялы кино, анекдот оқыңыз. Сіздің сол күнгі күйіңіз өзгеретінін өзіңіз де сезінесіз. Бет-келбетіңіздің кейпін өзгерту өз қолыңызда, демек өміріңізді де жайлы, шуақты ету өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз.
Светлана Морозова – тәжірибелі психолог.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *