Ері қандай болса, әйелі де сондай

Бір ер кісінің жұбайы мен көңілдес әйелі кездескен бір оқиға болыпты. Олар енді оны талқылауға көшіпті, сонымен әйелі айтыпты:
—Ол ақымақ, асқан сараң, кәззап. Түсінбеймін, онымен не үшін уақытыңды өткізіп жүрсің?-депті.
—Жоқ сен қателесесің, депті ашынасы,-ол жомарт, ақылды және батыр! Сенбесең, өзің қара: Әр мереке сайын маған керемет сыйлықтар әкеледі, міне, тоным, жүзігім және көлігім,- дейді.
—Бұл енді өтірік!-деп әйел ерінің көңілдесіне зығырданы қайнап, қаһарланды. Ол тіптен, мейрам сайын гүл тұрмақ, жалақысында бермейді, ол сондай сараң деп ашуға булыға түсіпті.
—Жоқ деймін!-деп ашынасы қарсылық білдірді. —Ол сондай білімді, онымен тілдесу де өте қызықты. Ол көп оқыған, көп біледі, барлығына өзінің пікірі бар. Оны тыңдау маған ұнайды, өйткені, одан көп нәрсе үйренемін!
—Ой сенде айтады екенсің-ау!-деп келіншегі мәз болып, мысқылдап күлді. Ол әрдайым бір болымсыз бос сөздерді айтады, мылжың ғой ол! Оны тыңдау мүмкін емес, жиіркенішті! Оңбағандығы бір басына тағы жетеді. Ешуақытта маған араша түспеген, түнде қарсы алмайды, қалай үйде жөндеу жұмыстары басталады, жоғалып кетеді, бәрін амалсыздан өзім жасаймын!!!
—Біз тура екі түрлі адам жөнінде айтып жатқан сияқтымыз,-деп күлімсіреді көңілдесі. Ол тіптен үш күн бұрын маған тіл тигізген бір жігітпен иық жыртысып қалды. Маған ешуақытта ауыр жүк артқызбаған. Сондай-ақ, үйімде бар шегелерді ұрып, еденге тақтайшаларды салды. Айтып тұрмын ғой, ол сондай парасатты, мәрт, батыл адам!
Негізі, екеуі де дұрыс айтып тұр. Себебі, біреуімен әрекетінде сұрқиялық жасайтын болып көрінсе, екіншісімен –ол батыр болып білінеді. Әйтсе де, сол барлығы бір адам.
Бұл оқиға әйелдің ерге қалай қатты әсер ететінін көрсетеді. Бір адам қасындағысына байланысты түбегейлі өзгеруі мүмкін. Мен мысалға бірінші некеде ішкіш болып, ал екіншісімен табысты кәсіпкер болған жандарды білемін. Және керісінше, табыскерлердің жас қыздар үшін бәйбішесін тастап кетіп, тоқал алғандардың соңы барлығынан жұрдай болып, маскүнем, жалқау болып қалатынын талай көргенмін.
Неліктен бұлай болады?
Себебі, әйелдің күші орасан. Және нәзік жандылардың ражұлына ықпалы шексіз. Дұрысы, негізінен әйел заты ерлерді «жасайды». Яғни, қыз-келіншектер жігіттерінің жағымды ерекше қасиеттерін ашып, ал кейбірін ауыздықтап тастайды. Олар мұны жиі бейсаналы түрде жасайды. Бұл қыз баланың атадан келе жатқан отбасылық сценарийі мен жанұясының тәжірибесінен көріп жасайды. Егер әке табысты болса, онда ол отағасына мақсатына жетуде аянып қалмайды, бай-бақуатты болуына бейсаналы түрде көмектеседі. (өйткені оның көз алдындағы сурет осындай болған). Ал егер әкей жолы болмаған, бейбақ немесе маскүнем болса-онда оның көрген суреті бейсаналы түрде отбасын күйреуге апарады.
Мәселе мұнда, әйелдер өздерінің күштерінің барлығын түсіне бермейді, сондықтан да өздерінің іс-әрекеттері мен іштегі ойларына соншалықты мән бермейді. Ер азаматтарға ықпалы зор екенінің мүмкіндігін және соған байланысты күш- қуаттарының да жетерлік екенін ұғына бермейді. Егер де біз сиқырлы таяқшамен туылғанымызды білетін болсақ, оны біз бостан-бос сермеп қалмаймыз ғой және болмашыға тапсырыс бермейміз ғой, ия?
Олай болса, нәзіктілер қалай білектілерге ықпал етеді екен, қарап көрейікші, оның әрекеттерімен мінезіне қалай әсер етеді екен?

Ақжаулықтардың ерлеріне деген жағымсыз ықпалы
Отанасы жолдасы туралы не ойласа, ол да солай болып қалыптасады. Оның бойынан тек кемшіліктер мен шалағайлықты көріп тұрады-ол күннен-күнге көбейе түседі. Сол кезде аюдай күш-қуаты бар, жақсы күйеу атануға орасан қарым-қабілеті бар еркектің өзі қатардағы мүйізді текеге айналады.
Егер зайыбы отағасын құрметтемесе, оны ешкім сыйламайды. Не туыстары, достары, әріптестері де қадірлемейтін болады. Былай айтқанда жұбайы ерінің маңдайына өзінің берген мінездемесін, өз сипатындағы берген бейнесін жазып қояды. Сосын осы маңдайда жазылған бейнеге қарай басқалар онымен қарым-қатынас орнатуды бастайды. Осылай әйел ойланбастан, қаламмен үздіксіз жағымсыздықтарды жазып алады да, кейіннен өздері таң қалып жатады..
Егер жұбайы қабырғасына сенбесе және оған жүрегін ашып, махаббатын сыйламаса-онда оған да ешкім сенім артпайды. Егер ол тіптен, ондай сенімге толығымен лайықты жан болып табылса да, бәрібір сонда да оған айналасы күмәнмен қарайтын болады. Енді бұдан кейін қандай биікке жоғарылау немесе жаңа перспективалар болады деп ойлайсыз?
Егер отанасы әрдайым көңілі толмай жүрсе, онда отбасы да, пәтері де, тағамы да, киімі де, бәрі-бәріне қанағаттанбай жүреді. Тіптен, әке-шешесі де ойындағысындай болмайды.
Егер әйел ішінен жөні түзу ер адам тапқанымда ғой деп есептесе, бұл ердің опасыздық жасауының бірінші қадамы екен. Негізінен, әрдайым бірінші аналар опасыздық жасайды деп жатады. Шындығы сол, олар тек іштен ойша жасайды екен. Оларға сол ақымақтық әрекетін айтып, айыбын мойындату оңай емес. Қыз-келіншектер сол оймен жүре береді. Ол пікірін өзгерту, оған түсіндіріп, мойындату мүмкін емес. Ал жігіттер, қосағы солай оған ойша жақсы емес жар тауыппын деп, «келісім» беріп тұрған соң, олар сосын көңілдес әйелді тез арада-ақ тауып алады. Өйткені оған өзінің нақсүйері итермелеп тұр. Ақжаулықтылар, олар саналы түрде ұғынбайды. Ал, кейіннен іс насырға шапқанда, бұл ойынан айнып, өкініп жатады. Егер бәйбіше өзінің жүрегіне сараң болса, жарына қызмет еткісі келмесе, оны махаббатымен жылытпаса, тыныштық орнатпаса, онда еркек өзіне есірткі мен ішімдіктен жұбаныш табады.
Егер жұбайы жолдасына ерлерге тән істермен шұғылдануына мүмкіндік бермесе-олар достарымен әңгімелесу, балық аулау және арулардың ойынша бос әурешілік істер деген әрекеттердің барлығына тиым салғыңыз келсе, онда жарыңыз демалысты-ішімдіктен, темекіден іздейді.
Егер зайыбы жарына жүрегін ашпаса, онда ол да қызғаншақ болып алады. Сонда сіз одан сегізінші Наурызға гүл ұсынуды өтінбек түгілі, қыста қар сұрай алмайсыз. Егер әйел күйеуіне жүрегіне барар жолды жауып тастаса, онда еркек те әмиянына қол тигізбейді.
Егер нәзік жандылар шектен тыс жауапкершілікті өз мойнына артса, тек өзі, басқа ешкімді қажетсінбесе, онда ер азамат та жауапсыз бола бастайды. Әу-баста жігіттер тек өзіне ғана емес, басқаларға да көмек беріп жүрсе, онда ол ондай қасиеттен арылып, босаңсып, диванда жатқаны жатқан болады.
Егер бәйбіше ренжігіш болса, онда отағасы ашуланшақ болады. Ыза-кек әртүрлі болып келуі мүмкін. Егер зайыбы ері туралы жақсы ой ойламай, шын берілмесе, онда ол да сараң болып алады. Оған қаражатты жаратудың қажеті не, егер ол бүгін болмаса, ертең басқаны тауып алатын болса-деген ой жолдасында қалыптасады.
Егер сүйіктісі күйеуін тыңдамаса, әрдайым онымен сөз таластырып, дауласып, қасарысатын болса, онда ерлер ер азамат болудан қалады. Ол жауапсыз, әлсіз, ең сорақысы «ешкім» болмай қалады.
Егер әйел әрқашан жолдасына озбырлық көрсетсе –мысалы, «оның миын шағып жесе» немесе оған айқайласа, оны қорлап, балағаттаса, онда білектілерге екі-ақ жол қалады. Онда ол көнбіс, беті қайтып қалған, мақсатсыз адам болып қалыптасады. Немесе ол да келіншегіне күш қолданып, әлімжеттік жасайды.
Егер отанасы тым белсенді болса, онда ер адам енжар, теледидардан көз алмай кереуетте жататын аю болатыны сөзсіз. Дегенмен табысты кәсіпкер болуы әбден мүмкін еді.
Әйтсе де кері жағымыз да бар!

Егер ақ жаулықтылар күйеулерінің жақсы қасиеттерін көріп және соған ерекше көңіл аударып, соған акцент жасаса, онда ол қабілет көбейіп, өсе бастайды. Тіптен, оған ешқандай негіз болмаса да дами түседі. Егер ол жауапты болуы міндетті болмаса да-ол керісінше сондай болады. Басшы болмауы керек болса-кенеттен бастық болып кетеді. Сол сияқты ары қарай…
Егер зайыбы отағасын құрметтесе, онда оны достары мен әріптестері де қадірлей бастайды. Олар оған қиын сәттерде көмектесіп, қолдау көрсететін болады.
Егер жұбайы қосағына сенетін болса-онда оған өзгелерде сенім артатын болады.
Егер отанасы жолдасынан ештеңе жасырмай, өтірік айтпай, жүрегінің есігін ашса, онда ер адам да әйелін алдай алмайды және көзіне шөп салмайтын болады.
Егер әйел сүйіктісіне жүрегін ашып, махаббатын сыйлай білсе, онда ол да дарқан көңілді мәрт жігіт болып кетеді. Оның өзі сізді қуанту үшін, бір желеулер тауып, бақытты ету үшін барын жасайды.
Егер отанасы жолдасына адал қызмет етсе-онда ер азамат та аса жоғары ілтипатпен қуана-қуана оны өз қорғанына ала бастайды. Оны аялап, қолдау көрсетіп, бәрінен қорғай түседі.
Егер зайыбы жарының темпераментіне түсіністікпен қарап және қанағаттандыруға тырысса-онда еркек ол үшін тауды қопаруға дайын тұрады. Ол үшін өзіңіздің стереотипіңізбен жолдасыңызды балағаттап, өзгелерге жамандағанша, жақсы қасиеттерін көруді үйреніңіз.
Егер үйдің берекесін келтірер ана болса, онда ол бар күшін, сүйіспеншілігін осы отбасына салар еді. Осы сәтте жолдасының да жанұясына қарауға деген тілегі өздігінен оянып, құлшынысы артып, ол да бар махаббатын үйіне арнайтын еді.
Сіздерге жеткізгім келгені осы-ең маңыздылары. Егер күйеуіңізге көңіліңіз толмаса-онда себебін өзіңізден іздеңіз. Міне осы іске бар күшіңіз бен уақытыңызды арнаңыз. Егер жігіт болғанымда қандай болады екенмін?
-Мұны білгіңіз келетініне мен сенімдімін.
–Олай болса, күйеуіңізге қараңыз. Яғни, сонда сіз де сол жолдасыңыздай болар едіңіз. Сізге әйелдік қабілет жетпегендей, оған да ерге тән қасиет жеткіліксіз болып тұр.
Мысалы, жолдасыңыз сыра ішеді. Онда сіздің басты қызметіңіз-мұны қабылдай білу. Егер қалауы келсе, өзінің денсаулығын құртуға деген құқығы бар екенін сізге қабылдауға тура келеді. Және бұл оған деген қарым-қатынасыңыздың эмоционалды құрғақшылығыңызды көрсетеді. Оған қолдау бен көтермелеу жеткіліксіз болуы мүмкін.
Немесе ер адам еңбек еткісі келмейді. Жалқаулық танытып, ешбір іске құлқыны жоқ. Онда сіз шектен тыс өте көп жұмыс істейсіз және оны тыңдамайсыз. Онда оны әбден балағаттаудың қажеті не? Тәуіптерге көрсетудің де керегі жоқ. Одан да өзіңізді өзгертуге кірісіңіз.
Неліктен азаматтар диванда жатады? Өйткені, күйзелісте жүрген келіншек оны соған итермелеп тұр. Ол жанындағы барлығын жалмап бара жатқаннан соң, нақ сүйеріңіз диванды жамылғы ретінде жасырынып қалуды мақсат етеді.
Егер жарыңыз балаларға қарасуға көмектеспесе-онда оны сіз жақсы әке деп санайтын бе едіңіз, қадірлі әке ретінде балаларыңызды оны сүюге лайықты деп есептейтін бе едіңіз? Осы жағын ойланып көріңізші? Немесе әрдайым қосағыңызға баланың бутылкасын жылытпай тамағын беріп қойдың, құйрығын жөнді сүртпедің деген секілді әртеуір нұқып сөйлеулер көп болатын бе еді?
Әке-шешемізді, балаларымызды, аға-қарындастарымызды –оларды біз таңдай алмаймыз. Сондықтан да оларды қабылдай білуді үйренуіміз керек. Бірақ ерлермен басқашалау, оны таңдау қиялың болады. Басқа жақсы азамат кездескенде дұрыс болар еді деген сезім әрдайым жібермей тұрады.
Бұл тек таңдауға деген мүмкіндік бардай көрінеді. Бірақ қосағыңызды сізге Жаратушымыз жібереді. Онда қалай біз кездесер едік. Қалай біз сонша жұрттың арасынан бір-бірімізді тауып алып, бірімізге-біріміз тартылдық.
Демек, сізге осындай жігіт жіберсе, онда сіз соған лайықты жан болғаныңыз. Ал, енді сол неге және неліктен деген сұраққа келсек, онда ойлану керек. Ал енді ары қарай не істеу керек десеңіз-ол енді өзіңіздің таңдауыңыз!
Бір-бірлеріңізді қорғай біліңіздер!
Өмір бойы біріңізбен-біріңіз дауласып, сүйіктіңіздің көзінен әрдайым шөп-шаламды іздеуіңіз мүмкін. Ең дұрысы, бар күшімізді жинап, өз көзімізге оның қасымен қарап көру керек. Ең соңында өзіңіздің қас-қабағыңызға қарағанда, шын мәнінде адам тұрғанын байқайсыз. Және ол адам-ер азамат. Және оның бойында көптеген тамаша қасиеттер бар екенін аңғарасыз. Осыншама сіздің қырсық мінездеріңізге шыдап жүргенін байқайсыз. Себебі, әйел қарым-қатынас сұрақтарында әлдеқайда күштірек. Қатынас арасында оның энергиясы көп, фонтан сияқты атқылап жатыр. Еркекті үлкен толқынмен басып тастауға болады. Ол тағы да жүзіп жүріп, толқынмен күресе отырып, жүзіп бара жатқан жаңқалардан кеме жасап шығару керек қой. Ал толқын тыныш болуы сізге байланысты!
Бір-біріңізді қадірлей біліңіздер! Отбасындағы пайдасыз соғысқа қаншама күшті босқа жібергенше, шығармашылықпен айналысып, балалардың тәрбиесіне арнасаңыздар өздеріңізге тиімді болар еді. Дау-жанжалдардан қаншама энергияңызды жоғалтатыныңызды білсеңіз ғой. Ал егер де білетін болсаңыздар неге олай жасайсыздар? Неліктен? Күштеріңізді босқа кетірмеңіздер. Одан да сүюді, махаббат беруді үйреніңіздер.
Одан да ұрыс-керіске кетірген күштерді мынаған жұмсаған абзал:
-Өзіңіз бен жолдасыңыздың денсаулығын ойлауға-мысалы, азанда тұрып жүгіріп, жаттығулар жасап немесе спортзалға барғаныңыз дұрыс шығар. Бір жанжалдың өзі осы бір айлық пайдалы іспен, соншама теңдесетінін білесіз бе? Демек, сіз бір ай жүріп, спортзалда қимылдап қаншама күш жұмсағаныңыз, сол бір ұрыспен-ақ сол энергияңыз шамалас келеді деген сөз.
— Жақын адамдарыңызға одан да сыйлық жасауды ойланып, іздеуге жұмсаңыз. Ең дұрысы, ерлі-зайыптылар бір-біріне сый-сияпат жасауды оқып-тоқысын. Және де, тоқталатын жайт, сіздің ойыңызша оған ұнайды-ау деген емес, шын мәнінде оған қажет және соған шуақтана шаттанатын затты іздеу қажет.
-Екеуіңіз бірге немесе балалармен серуендеңіздер. Бірге серуендеу есіңізде болсын-қарым-қатынастың берік болуының ең мықты тәсілі.
-Отбасылық альбом көріңіздер-қаншама жыл бұрын қандай болғаныңызды, қалай танысқандарыңызды, қатынастарыңыз қалай дамығанын еске түсірсеңіздер болады.
-Ең игілікті іс-ота жасатуға қаншама балаларға қаражат қажет болып жатыр. Шамаңыз келсе, аз ғана қаржы болса да беріп, қайырымдылық жасаңыз. Ол бала мен оның ата-анасы сізге алғысын айтып, жақсы адамдардың бар екеніне және Жаратушымызға сеніп, жеткіншек өскеннен кейін жақсы білім алып, ол да мыңдаған жандарға көмектесетін болады. Сол кішкентай ғана әрекетіңізбен бүкіл әлемге жақсылық жасайтын едіңіз, ал сіз болсаңыз, бар уақытыңызды болмашы кикілжіңге арнап жүрсіз.
Бірінші кезде бәрі оңай болмайды. Өйткені, гүлдің өзі де жердің астында біраз уақыт қараңғы және дымқыл жерде отырады ғой. Одан оған жер қыртысынан шығу үшін көптеген күш жұмсау қажет болады. Одан кейін күнге қарай ұзақ ұмтылу керек болады. Содан кейін ғана ол гүл болып ашылады, сосын ол бүкіл әлемге өзінің сұлулығын көрсететін болады.
Сол сияқты адамдарда да сондай. Сүюді үйрену үшін де көптеген күш керек. Сол үшін де өзіңізге уақыт беріңіз. Содан соң, бір уақыттарда бар жігеріңізді жиып, жайлылық ортасына шығыңыз. Және де Жаратушымыз күн сәулесімен бірге риясыз берген махаббатты ішіңізге үйіп төгіңіз. Сосын осы сүйіспеншілікпен жан-дүниеңіз толысқан кезде, жүрегіңізді жақындарыңызға аша біліңіз.
Өзіңіздің жаңағы керемет гүлдей, махаббатқа толы жүрегіңізді жолдасыңызға да аша көріңіз.
Жарларыңызды сүйе біліңіздер! Олар сіздердің махаббаттарыңызға өте зәру. Тіптен, олар мұны мойындамауы да мүмкін.
Әрбір ұлы адамдардың артында әрқашанда сенетін сүйіктілері бар. Оларды шын мәнінде де келіншектері өте қатты жақсы көреді. Оған сенуіңізге болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *