ЖОЛЫҢЫЗДЫҢ БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙСЫЗ БА!

Сәттіліктің 1-ші дәлелі: Нақтылық, дәлдік, анықтық!

Сіз өз қалауыңызды дәл білсеңіз, сәттілік сізге жақындай түседі. Тіпті, өзіңізге не қажет екеніне нақтылық 80% сәттілікті тарта алады, барлық табысты адамдар өзіне мына өмірде не қажет екенін анық білу арқылы ғана, табыс шыңын бағындырып отырған. Олар көз алдына қажетті нәрсені анық елестете біледі, қиялындағы бұйымды сипаттай алады және қалай қол жеткізуге болатынына дейін білген. Оны қағаз бетіне түсіірп отырған.
Сәттіліктің 2-ші айғағы:
Қозғалыс, адамның іс-әрекетте болуы. Табысқа талпынуы! Біздің әрқайсысымыз өз өмірімізді жасаймыз, сондай кезде көп қадам жасап, әрекет етсеңіз, керек уақытында керек жерде дұрыс және өзіңізге қажетті нәрсені ала білу мүмкіндігіңіз ұлғаяды. Мысалы, сіз тор кәрзіңкеге допты дамыл таппастан лақтыра берсеңіз, әйтеуір бірде де болмаса бір жолы доп кәрзіңкеге түсетінін білесіз, сондай-ақ әр қозғалған сайын допты торға түсіру мүмкіндігіңіздің мол екенін анық аңғарасыз.

3-ші айғақ: Сәттілікке бастайтын қадам — адамның күш-қуаты
Энергия — сәттіліктің ең таптырмас кілті болып табылады. Үнемі табысқа жеткен үстіне екі еселеп жетіп отыратын жүйріктерді көргенде, олардың энергиясы былайғы көпшілік адамдардан көп екенін байқап қаласыз. Көбінесе табысты меңгерген «жолы болғыш» адамдар таңертең міндетті түрде ерте тұрады. Олар ұзақты күн бойы жұмыс істейді, тіпті кей жағдайда түннің бір уағына дейін бел жазбай жұмыстан бас алмайды. Соған қарамастан әрі қарай жұмыс істеуге, ізденуге, қосымша оқуға баруға олардың күші жетеді. Олар өзін дамытатын, тәжірибесін жетілдіретін, бизнесін дамытатын семинар-курстарға да қаржы салып отырады. Томас Стенли атты ізденуші доктор 2 500 милллионерге сауал жүргізген шақта, олардың 84 пайызы еңбек пен уақыттың тәртібін дұрыс пайдалана білгенде ғана табысқа кенелгендіктерін айтқан екен. Сондай-ақ миллионерлер қарапайым адамдарға қарағанда жұмысты көп және ұзақ істеуге дайын екендіктерін жеткізген.
Сәттіліктің 4-ші айғағы: Өзіндік тұлғаға айналу
Адам өзін тұлға ретінде қалыптастыра білсе, ол да сәттілікке апаратын жол деп біліңіз. Барлық жолы болғыш адамдардың өзіндік ерекшелігі бар. Көбінде мұндай адамдар белсенді, әрі оптимист болып келеді. Олар жан-жағындағы жұртпен тіл табыса біледі, ортақ тақырып тауып әңгімелесуге үйір. Олардың әр салада әрқандай тамыр-таныстары көп.
Сәттіліктің 5 қадамы: Адалдық, адамгершілік
Өмірде де, бизнесте де адалдық пен адамгершілік ең сенімді құндылық болып табылады. Сіздің өзіңізде өмірде де, қандай да бір кәсіп бастағыңыз келсе де қасыңызда сенімді адам болып, соған иек артқанды лайық көресіз емес пе?

6-шы фактор: Тыңғылықтылық, тындырымдылық!
Істі аяғына дейін жеткізу — табысты адамның әдеті. Басқа адамдардан табысты адамның айырмашылығы — қолға алған жұмысын тыңғылықты етіп, аяғына дейін жеткізе білетіндігінде. Сіз беліңізді бекем буып, тауды қопарардай ынтаңыз болса, сіз расында істі аяғына дейін апармай тынбайсыз. Қасыңыздағылар қолын бір сілтеп, иығы салбырап, жарты жолдан істі тастап кетсе, сіз алған бетіңізден қайтпайсыз, межелеген мақсатыңызға жетпейінше осылай тоқтамауға әзірсіз!!! Міне, осының барлығы тыңғылықтылықтың арқасы. Мұндай кезде ісіңіздің алға басуына тағы басқа қандай жолдар бар екенін ізденуден, басқа да көптеген шешім қабылдаудан бас тартпайсыз. Ақыры ойлаған мақсатыңызға жетесіз!!!

Кіріс келтірудің 32 заңы

1. Ақшаны ірі сомалармен сақтаңыз, мысалы, 10 000 немесе 5 000 теңгеліктерге айналдырып, сақтап қойыңыз.
2. Ақшаны ірі болсын, ұсақ болсын ұқыпты ұстаңыз, әмияныңызда ақша умаждап, мыжғыланып жүрмейтін болсын.
3. Барлық ақшаларыңызды есептеп болған соң, ішінен ақша артылдырып алып шығыңыз, қайталап есептеңіз, не нәрселерді сауда-саттықтан алып тастауға болады, аса қажет емес деген бұйымнан, не қызметтен бас тартып, оған жұмсамақ болған ойдан бас тартып, сол ақшаларды бөлек қойыңыз. Және осындай артылдырып алған ақшаны көбінде жиірек қайталаңыз. Мұны әдетке айналдырыңыз. Сіздің артылдырған ақшаларыңыз ай сайын көлемі жағынан көбейе түссін.
4. Үнемдей білуді де — табыс деп бағалаңыз.
5. Әрбір сатып алатын затты аларда мұқият ойланыңыз.
6. Күнделікті жұмсаған ақшаңызды, кіріс-шығысыңызды жазып отыратын журнал арнаңыз.
7. Ақшаны күнде белгілі бір уақытта санаңыз, мысалы, күнде таңертен! Сағат 8.30-да!
8. Ақша өз орны болғанды жақсы көреді.
9. Қарызға ақша бермеңіз.
10. Қарызға ақша алмаңыз.
11. Ұсақ тиын-тебенге құрметпен қараңыз.
12. Келер айда келетін табысты көздеп, зат сатып алмаңыз. Ол қолыңызға келіп тимейінше, оны ақша деп есептемеңіз.
13. Отбасылық бюджетті жүргізетін бір ғана адам болғаны жақсы. Екеу жүргізген қолайсыз, әрі жағымсыз. Бір басшылық көп нәрсені шеше алады.
14. Барлық уақытта артық ақша ұстаңыз.
15. Балаларға шексіз ақша жұмсап, еркелетпеңіз.
16. Ақшаны әрқандай валютада сақтаңыз.
17. Егер табыс табудан айрылып қаламын деген күдік туып, алайда төлем қабілетіңізге сенімді түрде болсаңыз, несие алыңыз.
18. Ата-анаңызға ақшалай көмек беріңіз.
19. Ойламаған жерден, ойламаған затты сатып алмаңыз!!! (Егер ойлап жүрген затыңыз алдыңыздан шықса тым алақай)
20. Дүкенде қайтарылған қалдық ақшаны санап алыңыз.
21. Кірісіңізді жоспарлаңыз.
22. Жалақыңыз аз болса, қосымша табыс көзін іздеңіз.
23. Табысыңыздың кілті сіздің қандай маман екеніңізде, ісіңізді кәсіби деңгейде шебер атқара алуыңызда
24. Табысыңыз жұмыс сапасын арттырғанда ұлғаятынын білгейсіз.
25. Жылдам, еңбек сіңірмей табылған ақша желге ұшады.
26. Ақшаны кім мұқтаж соған ғана беріңіз
27.Ақша әрқашан пайда әкелетін жерге жұмсалуы тиіс.
28. Отбасыңызға қайырымдылық әкелем деп шығынға батудан сақ болыңыз.
29. Әр мүмкіндіктің соңынан көзсіз жүгіріп, пайда табам деп ойламай-ақ қойыңыз.
30. Байлық оңай табылады деген сөзге сенбеңіз.
31. Ақша қиялды емес, қисынды ұнатады, тура есепті ұнатады.
32. Ақша адамды бай да, қайыршы да ете алады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *