Неліктен ерлер әйелдерді түсінбейді?

Неліктен екені белгісіз, әйел заты еркектер өздері бәрін аңғаруы тиіс деген пайымдауға сүйенеді. Яғни, әйелге не қажет, не қажет емес, не нәрсе жағымды, ал қай нәрсе жағымсыз екенін айтпай-ақ ерлер түсінеді деп ойлайды. Әйел затының тілек-талаптарын тізбектей берсек, ұшы-қиырына жетпеспіз. Осыдан кейін ерлеріне деген реніш те туындауы ғажап емес.
Десек те, бүгінде, адамзат дамуының осы кезеңінде еркектер жұбайының, жарының ойын оқи алмайтынын ескермейді –ау әйелдер қауымы. Мұндай таңғажайып ерекшелік ескерілмегендіктен «егер мені шын сүйсе, өздігінен аңғаруы тиіс» деген сенімді нық ұстайды бұл әйелдер.
Жақында күйеуімнің туыс қарындасы келіп мынадай жағдайды баяндады. (бір жерден оқығаны бар екен). Еркектерге әйелдерге не жақпайтынын айту керек, ал ненің жағымды екенін жасыру қажет. «Егер шын сүйсе, менің ішімдегіні сезсін». Яғни «жұмбақтың шешуін тапқандай болсын, шешімін таппаған жағдайда, сүймейді» дегені бар.
Ерлер мен әйелдер арасындағы қарым-қатынас үшін бұдан асқан негативке көз жеткізу қиын шығар. Өзінің талап-тілектерін жасыру арқылы күйеуін «сынақтан» өткізіп жүрген қайынбикеме сұрақ қойдым. «Қалауының не екенін жасырып тұрған, барлық сауалға «ішің сезсін, не өзің тап» деп қыңырлық танытқан қарсыңдағы адамға көзқарасың қандай болмақ? Мұндай адаммен сөйлесу жағымды болар ма еді саған?».
Айта кетерлік жәйт, әйелдің жұмбақ әрі құпиялығын оның қалауын жасыру үрдісімен шатастырып жатамыз. Егер Рашид Киррановтың «Әйел мен еркектің қарым-қатынасы» атты кітабын оқыған болсаңыз, онда кітаптың алтыншы тарауында ерлер үшін ненің жұмбақ екенін білген боларсыз. Ендеше, өз қалауыңызды жасыруыңызға жол болсын. Қажеті қанша?
Мысал келтірейік. Сіз дүкенге келдіңіз делік. Сатушы жаныңызға келіп «нені қалайсыз, не аласыз?» деп сұрайды. Ал сіз үндемедіңіз. Сатушы тағы қайталап сұрауы мүмкін «нені қаладыңыз?» деп. Жауабыңыз «Менің қалауымды, ойымдағыны табыңыз. Мен сондай жұмбақ адаммын» … Жалпы алғанда соңы немен тынары әрқилы. Қызыққан болсаңыз осы жағдайды тәжірибеден өткізіп көріңізші. Кейіннен нәтижесін міндетті түрде жазып жіберіңіз маған. Олай болса, неге ер мен әйелдің қарым-қатынасы осы тұжырымға сәйкес болуы керек?
Сондықтан да, ұнамаған нәрсені айту қажет шығар. Өйткені шынайылықты қажет етеді. Ең бастысы жасанды жалған шындықты қолдан жасаудың қажеті не? Сөзімнің дәлелі «иттерге де махаббат міндетті» деген көркем фильмі. Есіңізде ме, бас кейіпкер мейрамханадағы екінші кездесуінде әйелге өзі жайлы шынайы ақпарат беруін талап етеді. Осы кинофильммен толық келісемін. Кейде, шындықты әділдікті бетке айтсақ адамға ауыр тиетіндей көрінеді. Алайда, егер үндемесең, не өтірік бүркемелесең кейіннен екеуіңізге де жасандылық опық жегізері сөзсіз.
Осы жағдайды мысалмен көрейік. Мәселен сіздің еріңізге Чарли Чаплиннің фильмдері ұнайды делік. Сіз сол киноны қарап отырып, Чаплиннің құлай беретінін, не тәтті бәлішке былғанған күйінің қаншалықты күлкілі екенін түсінбейсіз. Сізге ол күлкілі емес, тіпті кейде қайғылы да болуы мүмкін. Бірақ сіз өзіңізді осы фильмді көруге үгіттейсіз. Өйткені алғашқыда күйеуіңіз осы дискіні әкеліп, оның ең сүйікті киносы екенін айтқанда, ләж жоқ келісе кеттіңіз. Енді міне, сізді қуантуға, күлдіруге ниеттенген оймен Чаплиннің сомдаған киноларын сізбен көруді еріңіз әдетке айналдырды. Жылдар бойғы жалғандықты енді қалай бетіне айтасыз.
Немесе басқа мысал: іс жүзінде әйелдер жұбайының гүл сыйлағанын, аз да болса сыйлық жасап тұрғанын қалайды. Оны сүйіспеншілік белгісі ретінде қабылдайды. «Қымбаттым, маған кейде гүл сыйлап тұршы, бұл маған өте маңызды, ауадай қажет. Гүл сыйламай қалсаң сүймейді ау деген ойға кетем» деп айту екінің бірінің қолынан келмейді. Бұл әңгіме тек мысал ретінде ғана алынды. Әрине, еркектер әр түрлі, әрқайсына түрлі аргументтер қажет. Бірақ ұқсастығы сол – олар сөзді түсінеді, ойды емес. Бұл оқиғадан нәтиже не болмақ?
Ең маңыздысы, сізге не ұнайды, нені қалайсыз- соны түсіну. Қалай өмір сүргіңіз келеді, еріңіздің қандай ыңғай танытқанын қалайсыз, арадағы қарым-қатынасыңызды немен толықтырғыңыз келеді. Осындай ішкі түйсіктегі ойлар маған өзіме сенімдірек болуға септігін тигізді. Соның арқасында қалауымды ашық айтуды үйрендім. Сол арқылы отбасылық қайшылықтар да туындамайтын болды.
Қазірдің өзінде егер жағымсыз әсерлеріміз жайлы дер кезінде сөйлеспесек, жағдай қиындай түспек. Себеп салдардың тағы бірі –ымдап түсіндірудің кері әсері. Оның нәтижесі ренішке әкеп соқтыруы мүмкін. «Ымға түсінбеген, дымға түсінбейді» Бұл-рас. Әйел өзінің қалауын тұспалдап жобалап айтуды жөн көреді. Шындығында ер адам тұспалдап, жорамалдап, ымдағанды түсінбейді. Жұмыс уақыты аяқталып, қарныңыз аш үйге келдіңіз. Осы орайда «мүмкін бір жерге барармыз? (кафені меңзедіңіз)» деген сөзіңізге күйеуіңіз құлақ асар ма екен. Оның орнына «менің қарным қатты аш, оның үстіне жұмыста қатты шаршадым, асханаға барып дайын тамақтан дәм татсақ қалай болады, ал астан соң мен аздап тынықсам деп едім» деген әбден дұрыс-ау. Ішіңіз сезіп тұр, талай рет еріңізге тұспалдап, ымдап айтып көрдіңіз, нәтижесінде өкпе-реніштен басқа ешнәрсеге қол жеткізбедіңіз. Тура, ашық сөйлеуді үйренсеңіз сіздің қарым қатынасыңыз да өзгеріске ұшырайды. Ескерте кетейін, қарым-қатынас бір күнде өзгереді деген пікірден аулақ болыңыз. Алғашқы күндері қарым-қатынасыңызға сызат түсуі де мүмкін. Сондықтан жылдар бойы жиналған өкпе-ренішіңіздің бәрін бірден жайып салудың да қажеті шамалы. Эмоцияға беріліп сөйлесудің де артық екенін ұмытпаңыз. Кейде әйелдер бір жағдайдың астын қазбалап, ерін сұрақтың астына алып, біршыбықпен айдап алғанды ерлік санаймыз. Сосын не болғанын түсінбей еріңіз отырады қарсыңызда. Мұндай ашық сөйлесудің нәтижесі «о» емес, «-». Ал сізге осы жағдай қажет пе? Қажет емес. Сүйіктімізбен бақытты болғымыз келеді. Сүйіктіңіздің сізбен бақытты өмір сүргенін қалайсыз. Сондықтан қарым-қатынасымыздан үйренейік, бақытты болуды үйренейік.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *