Әйел неге жылайды?

Анасынан балғын ұлы сұрады.
— Сен неге жылайсың?
-Себебі, мен әйелмін…
-Түсінген жоқпын, – деді баласы.
Анасы ұлын құшағына қысып, аймалады да:
-Сен оны ешуақытта түсінбейсің…- деп тіл қатты.
Сосын ұлы жүгіре басып, әкесіне мұңая сұрақ қойды:
-Неліктен анам кей кезде себепсіз жылайды?
Әкесі бар болғаны, мына жауапты берді:
-Барлық әйелдер кейде себепсізден себепсіз жылайды…
Бала ересек тартып, жігіт болған шағында осы сұраққа таңдануын қоймады.
-НЕГЕ ӘЙЕЛДЕР ЖЫЛАЙДЫ?
Ақыры мұны ол Жаратушы Тәңірден сұрады. Тәңір айтты:
-Мен әйелді табиғи шынайы етіп жараттым. Бүкіл әлемді ұстап тұру үшін мен оның иығын мықты еттім және құрсағындағы сәбиінің басын сүйеу үшін сондай нәзік етіп қойдым… Тууды, әр ауыртпалықты көтеру үшін қайрат бердім. Басқалар құлдилап құрып бара жатқанда, қаймықпай алға ұмтылсын деп сонша ерік-жігер бердім… Ол еш аянбастан көңілі құлазығандарға, сырқаттарға, өзін жоғалтқандарға қамқор бола алады. Мен оған қандай жағдайда болсын, өз баласы өзекке тепсе де перзентін сүйе білетін мейірім бердім. Мен оған ерінің бар мінін біле тұра, қолдау білдіре алатын күш бердім. Ол ерінің жүрегін қорғап тұру үшін мен оны соның қабырғасынан жараттым. Жақсы ер ешқашан әйелін қамықтыра алмайтынын ұғып, сезіне алатын ақыл бердім. Ең соңында мен оған көздің жасын бердім… Көзінің жасын қашан, қай жерде төгемін десе, ол өзінің хақы.
Сен ұғын, ұлым, әйелдің сұлулығы келбеті мен мүсінінде емес, оның жанарында. Оның жанары жүрегіне алып барады. Оның жүрегінде махаббат мекен етеді.
Құралай АХМЕТОВА.
flowers-girl-1

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *