Шымкент қаласында түрік фильмдерінің апталығы болып өтт

Түркия Республикасы Мәдениет Министрлігі мен ОҚО әкімдігінің  ұйымдастыруымен 1-5 қараша аралығында Шымкент қаласындағы «Shymkent plaza» ойын-сауық орталығының кино залында тарихи, драма бағытындағы фильмдер күнгей көрермендерінің назарына ұсынылы. Түрік фильмдері апталығының салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Түркия мемлекетінен келген қонақтар — Еуразия Азаматтық Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Исмаил Сафи,  Түркия Республикасының Еңбек сіңірген қайраткерлері мен режиссерлары Ерхан Байтемур,  Кюршат Кызбаз, киноактерлар  Тургай Аталай, Ачелья Элмас, Фуркан Палалы қатысты.

Жалпы бұл көрсетілімнің басты мақсаты түркі елдеріне ортақ, мəдениеті мен əдебиетін арқау еткен тарихи фильмдерді насихаттау, кинорежиссерлер мен актерлар арасындағы шығармашылық байланысты нығайту, тəжірибе алмасуға жол ашу болып табылады.

«Біздің елімізде де кино саласына жіті көңіл бөлініп, кеңінен насихатталып келеді. Себебі, кино жай ғана өнер емес, ол қоғамның ұлттық идеологиясын қалыптастыратын негізгі құралдың бірі. Сондықтан да, кез — келген мемлекет өз киноиндустриясының дамуына зор мүмкіндіктер жасайды. Ал кино мен анимация саласы да Оңтүстік Қазақстан облысында да дамып келе жатыр. Кино саласында жүрген азаматтар Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсеткен ұлттық рухты арқау еткен дүниелерді түсіру  арқылы өскелең ұрпақтың жүрегінде мақтаныш сезімін оятып, патриоттыққа тәрбиелеуіміз қажет. Осы бағытты мақсат тұтқан Шымкент қаласындағы және облыстағы жеке киностудиялардың 40-тан аса көркем фильмдері көрерменге жол таратты»,-деді Ж.Түймебаев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *