Сүйіктіңізді маскүнемдіктен сақтаудың 12 тәсілі

 

Сүйіктіңізді маскүнемдіктен  қорғаудың 12 тәсілі. Қалада да, далада да ерлердің  көп арақ ішетіні жасырын  емес. Сондықтан да ішетін әріптес, достардан, таныстардан құтылдыру керек.  Ең таңданарлығы,  ішкіш  күйеулердің қайта жұбайларының маскүнемдікке тартылуына көп мүмкіндігі бар екен.  Яғни, әйелі  еріне күйініп, маскүнемдікке бой ұруы ықтимал. Ол күйеуінің мұны байқасын деген оймен , ол да қоюы мүмкін деген үміттен туындайды екен..

Сонымен, енді не істеу керек?

1 әдіс. Сіз оны шынымен де сүйесіз бе, ойланып көріңіз!

Тек қана сүйікті адамыңызды ғана қорғау керек. Егер сезімдер суып, ешқандай оған деген құштарлық пен сыйластық қалмаған болса, сіз тек оған ұрысып, ақыл айтатын болсаңыз, онда ер адам ешуақытта да ішкілікке салынудан  анық шықпайды, дәл солай!

2 тәсіл. Қызғылт көзілдірікті шешіңіз!

Барлығы өзінен шешіле салады деп үміттенбеңіз. Ант су ішіп, енді ішпеймін, бұл соңғысы деген сөздерге сенбей-ақ қойыңыз. Жұмсақ, көнгіш және елгезек болмаңыз. Ең дұрысы, ер азаматыңызды басқа жұмыстарға назарын бұрыңыз.  Мысалға үй және саяжай  жұмыстары, киноға барыңыздар,  тіпті, ақырында картоп ашытыңыз.

3 әдіс. Мас емес кейіпкер   туралы  жаңа ертегі құрастырыңыз.

«Су тасты  теседі» деген қағидатты ұстанып, әрекет етіңіз. Оған мынандай фразаларды жеткізіңіз: «Қандай кереметсің, жарайсың!», «Бүгін мереке болса, да, сен азғантай ғана ішіпсің ғой, мен саған сондай разы болып тұрмын, бүгін  мен қуаныштымын!». Егер мұндай  үлгілер жоқ болса, онда осыған сәйкес, ойыңызға келгенін  айта салыңыз.

4 тәсіл. Бірге  түстік асты (кешкі асты) отбасылық  дәстүр  етіп жасаңыз.

Бақытты отбасы сол,  түстік, кешкі асты  бірге ішеді, теледидарда көрмейді, өйткені олардың бір-бірімен шүйіркелесетін  ортақ әңгімелері бар.

5 әдіс. Ажырасумен қорқытпаңыз! Некенің бұзылуын айтып, ажарасамын деп тек бір рет қана айту керек. Және  күйеуіңіз ішпеймін деген уәдесінде тұрмаса, онда тез арада қорқытуды  іске айналдырыңыз. Әйелдер көбіне айтқан сөздеріне  есеп бермей жатып, айта салады. Егер «Мен сенімен ажырасамын» деген сөз жиі айтыла берсе, отағаңыздың  оған еті үйреніп қалады да, бұған көңіл де аудармайды.

6 тәсіл.  Жолдасыңызға ішкіштерден гөрі, ісіне жауапты, аузына тентек суды тартып алмайтын  ерлер көбірек ұнайды деп жиі  айтыңыз.

7-әдіс. Азанымен жолдасыңызға сыра әкелуге жүгіре бергеннен гөрі,  ауаны көбірек жұтып алыңыз да, деміңізді ұстап тұрып, онға дейін санаңыз, сосын… үйде қалыңыз. Оған  жағдайды жеңіп шығуына өзіне  мүмкіндік беріңіз. Мейлі, қиналсын.

8 тәсіл.  Күйеуіңіз аз ішу үшін батыр әйел немесе құрбан етіп өзіңізді бейнелеуді қойыңыз. «Қайда  кетемін? Бұл менің тағдырым»-дегенді ішетін ерлердің барлық әйелдері айтады. Содан өздері ішуге  азғырады.

9 әдіс. Жалмауыз кемпір сияқты болуды тоқтатыңыз.

Мас ердің үйде пайда болуы мына бір ертегіні еске түсіреді: «Сен қайда болдың? Фу-фу! Сенен сасық  иіс  мүңкіп тұр ғой? Қазір дәл мен сені осы жерде жеймін де, сосын сүйектеріңде сырғанаймын!»-деген ертегі естеріңізде болар.

Әйелге жақсы оймен  күйеуін ұрысып жатқан сияқты көрінеді, бірақ та ол игі ниетпен  айтылған екпіннің соңы,  жолдасының басқа әдемі ханшайымға кетуімен аяқталады.  Айнаға  өздеріңізге қараңыздаршы!

10 тәсіл. Күйеуіңізге әрқашан және міндетті түрде алғыс  айтыңыз.

Әйелдер жас кезінен мына сөзді жақсы меңгеріп алған,  ерді түйрелеп, оған ақылдар айту керек, ал оны мақтап, алғыс айтуды ешкім үйретпеген. Мұндай мақтаулар мен алғыстарды тек бірлі-жарымы ғана орындайды. Шелекпен су әкелді ме, оған рақмет айтыңыз. Нан сатып алды ма, мақтаңыз, жарайсың, жігіт екенсің! Сен керемет адамсың! –деп қошемет сөз айтыңыз. Мұны тура бір жасауға тиісті секілді қабылдамаңыз.

11 әдіс. Ішкені үшін серіктесіңізге жаза ойластырыңыз.

Ең дұрысы, өзіңіз  бір жаққа кетіп қалыңыз. Немесе 100 пунктті тізімді ұстатып, дүкенге жіберіңіз, мыналардың барлығы өте қажет заттар, міндетті түрде сатып алыңыз-деп айтуды ұмытпаңыз. Еркектер негізінен, тіптен дүкен аралаудың құмарпаздары емес, ұнатпайды, аралауды жек көреді, мейлі кішкене пысылдап, қиналсын. Алайда жолдасыңызды жаза ретінде ара қатынасыңыздан аластатпаңыз. Себебі, ерлер әрдайым өздеріне арақ сасыған иістен шошымайтын, келіскіш әйелдерді оңай, әрі тез тауып алады.

12 тәсіл. Қонаққа барғанда еріңізді тыйып тастамаңыз: «Болды, енді ішпе!». Мұндай ескертулер азаматты одан бетер күйдіріп, олар әдейі қасақана ішуді бастайды. Ең дұрысы, тіптен, күйеуге тиісудің қажеті жоқ. Одан да  столдың басқа жеріне отырып, өзге адамдармен әңгімелескен жөн. Және тағы да ең  дұрыс күшті қадам: оны жайлап білдірместен бейнетаспаға түсіріп, келесі күні өзіне көрсетіңіз, бұл оны тез айықтырады.

Сонымен, біз сүйіктімізді маскүнемдіктен қорғаудың 12 тәсілін білдік. 12 әдіс бұл дәл әсер ететін,  ұтымды әрекеттер. Күйеуіңізді қалай сүйсеңіз, өзіңізді де қатты жақсы көріңіз!

Бұл өмірде бақытты болуларыңызға тілектеспін!

 

 

 

Өзіңізді бағалай білесіз бе?

 

Осы сұрақ төңірегінде өз-өзіңізге сыни көзқараспен қарап, ойланып көрдіңіз бе? Бойыңыз сырт келбетіңіз, ішкі жан-дүниеңіз, іс-әрекетіңіз немесе алға жетелеген арман-мақсатыңызға көңіліңіз тола ма егер өзіңізді білгіңіз келсе, сан-алуан тәжірибеден өткен психологиялық тест сұраққа жауап іздеңіз. Мүмкін сізді  іштей толғандырып жүрген ойларыңыздың дұрыс шешімін табарсыз. Ендеше  (а,б,в) үш жауабыңыздың қайсысы ыңғайлы болса соны белгілеп отырыңыз.

  1. Біреулердің көзқарасына қарап пікір білдіру ұнай ма?

А. Әрқашан

Б. Айту қиын

В. Жоқ.

  1. Көзіңізді жұмғанда қандай бояуды жиірек көресіз?

А. Көгілдір

Б. Күрең

В. Қызыл

  1. Табыскер достарыңыздан қалмауға тырысасыз ба?

А. Кейде

Б. Жоқ

В. Иә

  1. Уақыт жетіспеушілігі мен асығу сізге тән бе?

А. Жоқ

Б. Иә

В. Білмеймін

  1. Сіздің атыңызға жасалған сын-ескертулер айтарлықтай әсер ете ме?

А. Иә

Б. Кейде

В. Жоқ

  1. Алғыр, ақылды адаммен әңгімелескеніңізде қандай көңіл-күйде боласыз?

А.Әңгімесін қолдаймын

Б.Алғырлығымды танытқым келеді

В. Қадағалап тыңдаймын

  1. Қиялдағанды ұнатасыз ба?

А. Жоқ

Б.Білмеймін

В. Иә

  1. Егер бейнеңізді күлкілі етіп шар суретпен бейнелесе қалай қабылдайсыз?

А.Өкпелеймін

Б.Бұлқан-талқан боламын

В. Барлығымен күлемін

  1. Құрбыңызға сыйлыққа иіс су сатып алдыңыз делік.

А. Оған ұнайтынын аламын

Б. Үнемі жарнамадан түспейтінін сатып аламын

В. Өзіме ұнайтынын аламын

  1. Сіздің ой-тұжырымыңызға жақын келетін төмендегідей жауаптың бірін таңдаңыз.

А. Табыс өзіңізге байланысты емес

Б. Тек мықтылардың жолы болғыш

В. Табыс өзіме байланысты

 

Енді кестеге сәйкес берген жауаптарыңыздың балын есептеңіз

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
А 5 1 3 5 1 3 5 1 3 1
Б 3 3 5 1 3 5 3 5 1 5
В 1 5 1 3 5 1 1 3 5 3

 

 

 

.

 

 

 

38-50 балл. Сіз өзіңізге сенімдісіз. Үнемі бірінші болуды қалайсыз, бірақ атыңызға айтылар сынға төзе алмайсыз. Ал өзгелерді түйреуді ұнатасыз. Өте өзімшілсіз. Сіз өзіңізді сүйесіз. Ойлаңызшы осының бәрі жақсы ма?

 

24-37 балл. Сіз өзіңізді бағалай аласыз. Айналаңызға да түсінушілікпен қарайсыз. Қиын сәттерде дұрыс шешім таба білесіз. Сіз кемшілігіңізбен жақсы жақтарыңызды дұрыс бағамдап, сеніміңізді нығайта аласыз. Адамдар сіздің ақыл-кеңесіңізге көңіл бөледі.

 

23 балдан төмен. Өзіңізге сенбей, көңіліңіз толмай жүреді. Сіздіңше бәрі жаман сияқты. Ең жаман нәрсе өзіңізді жақсы көрмеу. Өмірлік мақсат-мүддеңізді қалайда орындауға күш салыңыз. Өзіңізді сыйлай біліңіз. Сонда ғана сіз табысты боласыз.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *