Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы не білесіз?

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 80 қадамында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу көзделген.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Халқына жолдауының Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту.

Биылғы 1 шілдеден мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайды. Бұл жүйенің тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген.

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады. Оған халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

2017 жылдың 1 шілдес­інен бастап  әлеуметтік медицина­лық сақтандыруды  енгізу  жұмысы басталды.

Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, азаматтар қабылдаудан бастап дәрігердің толыққанды тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе алады мысалы, егерде азамат өзін-өзі қамтитын санаттағы азамат болса жылына 16 968 теңге (айына 1 414 теңге х 12 айға) жарна аударып, сырқаттанып қалған жағдайда бүгінгі таңда белгіленген 44 000 теңгеден бастап 4 500 000 астам аралығындағы көрсетіміне қарай ем қабылдауға мүмкіндігі болады.

44 000 000 тенге жұрек ауыстыру операциясын жасауға мүмкіншіліктер туады.

Сол сияқты, өзіміздің үйімізге немесе жұмыс орнымызға жақын орналасқан емханаларға немесе жеке медициналық ұйымдарда медициналық көмек алуға болады.

Яғни,  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде мемлекетіміздін әрбір азаматы уақытылы, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік көмекті ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына еңгізілген мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекемелерде алу қамтамасыз етіледі.

Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, азаматтар қабылдаудан бастап дәрігердің толыққанды тексерулеріне және кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе алады;

Міндетті медициналық сақтандыру таңдау – тұрғындардың қажеттіліктеріне жауап беретін заманауи қолжетімді медицинаға жол ашады.

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады.

Медициналық сақтандыру жүйесінің аясында  :

  • жедел жәрдем  және санитариялық авиация;
  • әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі медициналық көмек;
  • шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;
  • профилактикалық екпелерден бөлек,

 

  • амбулаториялық-емханалық көмек;
  • стационарлық көмек;
  • стационарды алмастыратын көмек;
  • жоғары технологиялық медициналық қызметтер.

Амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етілуі.

 

  • Амбулаториялық-дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету желісін кеңейту арқылы халықтың  қызметтерге қолжетімділігін арттыру
  • Сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі деңгейін арттыру
  • Азаматтардың денсаулығын жақсарту және өмір сүру ұзақтығын арттыру.

 

1). Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналары  3,75 пайыз;  2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналары  4 пайыз;

Ал енді жұмыс  берушілер  2017 жылдың 1 шілдесінен жұмыскердің айлық жалақысының  1% мөлшерінде жарна төлей бастаса,  жеке кәсіпкерлер  және соларға теңестірілген тұлғалар,  азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалар 2017 жылдың шілде айынан бастап   жарналар аудара бастады.

Елбасы  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелеріне қатысты заңдарды жетілдіруге бағытталған  «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында  жарна мөлшерін қысқартуға, сонымен қатар, бизнеске түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.

Осылайша, жұмыс берушілер үшін ең жоғарғы мөлшерлеме 5%-дан 3%-ға дейін, жеке кәсіпкерлер үшін — 7%-дан 5%-ға дейін төмендетілді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер үшін жарна есептеу объектісі де төмендетілді. Бұрын бұл санаттағылар табысының 7% төлеуі тиіс болса, енді 2 ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 5% төленетін болды.

Аударылған жарнасының көлеміне қарамастан тегін медициналық көмектің кепілді көлемін толыққанды алатындарын, жылына аударған 16 968 теңгеге сақтандыру пакеті шеңберіндегі медициналық қызметтер қолжетімді.

Қалай болғанда да пациенттің таңдау құқығы шектелмейді. Ол: кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (ТМККК) пакетімен шектелсе де, қалтасынан қаржы шығарып жеке меншік клиникада емделем десе де, тиісті жарнаны төлеп, өткен 12 айға жарна аудару арқылы МӘМС жүйесіне кірем десе де өзі шешеді.

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар келесідей жарналарды аударады :

Жұмыс берушілер 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ай сайын жұмыскердің жалақысынан 1 %, 2018-2019 жж. – 1,5 % аударымдар жасайды.

Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариус, адвокат, кәсіби медиатор, шаруа қожалығының иелері 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ай сайын 2 ең төменгі жалақының 5% яғни  2017 ж. айына 2445,9 теңге,  ал 2018  жылы – айына 2828 теңгені құрайтын  жарна төлейді.

Жалдамалы жұмыскерлер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын жалақыдан 1%, 2020 жылдан бастап – 2% жарна төлейтін болады.

Егер Сіз тұрақты табысы жоқ өзін-өзі жұмыспен қамтитын  жеке тұлға болсаңыз 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын өзіңіз үшін  1 ең төменгі жалақының 5% немесе  1414 теңге жарна аударасыз. (12*1414 – 16968 тенге болады).

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын мемлекетіміз қолдау көрсетіп  14 санаттағы азаматтарды өз қамқорлығына  алған;

1) балалар;

2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

6) мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

9) тергеу изоляторларындағы адамдар;

10) жұмыс істемейтін оралмандар;

11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

12) мүгедектер;

13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

14) оқу аяқталған айдан кейінгі күнтізбелік үш ай ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуын аяқтаған адамдар үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.

Бұдан бөлек, қорға аударылған барлық сақтандыру жарнаға қатысты мәліметтер ашық түрде болатынын,  сақтандыру жарнасын төлеген азаматтар арнайы желідегі «жеке кабинетінен» төлемдердің барлығын ашық түрде көре алатынын, қорда жиналатын қаражаттың медициналық қызметтерге бағытталуы өте маңызды, сондықтан қаржы емделетін әрбір азаматқа тікелей бағытталады.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының Оңтүстік Қазақстан

 облысы бойынша филиалының

 халықты ақпараттандыру және

 өтініштерді қарау жөніндегі

 бөлім жетекшісі А.С.Беден 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *