Шымкент қаласы ірі агломерацияға айналады

Шымкент қаласын аумақтық дамытудың өңіраралық жобасын әзірлеу мәселесі бойынша кеңейтілген мәжілісте мәлім етілді. Шымкент қаласының бас жоспарында инфрақұрылым жағдайына қарай әуе, теміржол, автомобиль жолдары, шағын және орта кәсіпкерлік, сауда саласының маңызды нүктелері сол жол бойларында орналастыру жоспарланған. Шымкенттегі агломерациялық процесті реттеу үшін әуелі қалада халықтың өмір сүруіне қажетті инженерлік жүйелерді дамыту қажет деді әкім. Осы мақсатта биыл алғашқы қадамда 8 елдімекенге ауызсу, 8 елдімекенге кәріз жүйесі, 8 елдімекенге электр жарығы, ал 5 елдімекенге табиғи газ тартылады деп жоспарлануда.

Жаңа әзірленген жобаға сәйкес, 2020 жылға қарай Шымкент агломерациясына жататын аумақта халық саны 185 093 адамға немесе 10,3 пайызға артып,1 млн 986 087 адамға жетеді деген болжам жасалып отыр.  Ал  2030 жылға қаладағы халық саны  534 779-ға көбейіп,  2 млн 335 мың 773 адамға өседі деп болжануда.
Айта кетейік, Шымкент қаласын аумақтық дамытудың өңіраралық жобасын ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті әзірлеген болатын. Аталған жобаға сәйкес контрмагниттер ретінде аудандардың да әкімшілік орталықтары анықталған. Оңтүстік бағытында – Сарыағаш қаласы, батыс бағытында – Арыс қаласы, шығыс бағытында – Т. Рысқұлов селосы болып белгіленген.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *