Шымкентте жаңадан 12 бағыт бойынша автобус маршруттары ашылады

Шымкентте жыл соңына дейін 12 жаңа автобус маршруты қосылады. Бұл туралы қалалық тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Бектұрсынов мәлімдеді. Қазіргі таңда,  жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуді реттеуде сала мамандары қоғамдық тасымалдау компанияларының жұмысына талапты күшейтуде. Маршрут графигін сақтамаған компаниялармен келісімшарт бұзылады. Қазірдің өзінде Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, №38,33,12А,134 маршруттармен келісімшарт бұзылған. Олар келесі жылы тендерде жеңімпаздар анықталғанша жұмысын жалғастырады. Айта кетейік, қазір Шымкентте мемлекеттік автобус паркін ашу мәселесі ұсынылуда.  Қала басшылығының мәліметінше, енді қала тұрғындары сондай-ақ сапалы жарық тұтынатын болады. Қазірдің өзінде қаланың шеткі аудандарында электр желілерінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бозарық — 1, 2, 3 елдімекендерінде басталған шаруа жыл соңына дейін бітеді деп жоспарланған. Ал, келер жылы «Құрсай» және Қайнар шағынаудандарын жоғары сапалы жарықпен қамту үшін жобалық сметалық құжат әзірленді. Қалаға Сайрам, Ордабасы, Төлеби аудандарынан қосылған 41 елдімекен бойынша әлеуметтік-экономикалық картасы әзірленіп, сол карта қала әкімімен бекітілген. Әрбір елдімекен бойынша қандай жұмыстар атқарылатыны көрсетіліп жатыр,- дейді жауапты мамандар.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *