Арық атыздар жаңартылуда

Шымкент көшелерінде биыл ескірген ирригациялық жүйелерді толығымен қалпына келтіру жұмыстары бітуге таяу. Жауапты мекеме жыл басында  ирригация жүйесін жаңғыртудың арнайы бағдарламасын дайындаған болатын. Жұмыс нәтижелі болмақ. Бағдарлама арқасында шаһардағы көне арық-атыздардың орны сақталып, жүйе қайта жаңартылуда. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары ирригация жүйелерін жаңарту жұмыстары қаланың барлық көшелерінде жүргізіліп жатқандығын айтуда.

Мәселен, Түркістан көшесінің Әл Фараби алаңынан бастап Қонаев даңғылына дейінгі аралығы, Рысқұлбеков көшесінің Іляевтан Мәделі қожаға дейінгі аралығы, Бейбітшілік көшесінің Желтоқсан көшесінен бастап Әл-Фараби алаңына дейінгі аралығы, Ілияев көшесінің Бейбітшілік пен Тәшенов көшелеріне дейінгі аралығы, , Желтоқсан көшесінің Бейбітшілік пен Момышұлыға дейінгі, Жангелдин көшесінің Әл Фараби даңғылы мен Молдағұлова көшесіне дейінгі, сондай-ақ, Қалдаяқов көшесінің Жангелдиннен бастап Абай даңғылына дейінгі аралығы толық жаңартылуда. Аталған жұмыстарды «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-нің қызметкерлері сапалы жүргізуде. Темірлан тас жолының бойында қазіргі таңда жол құрылысымен қатар, ирригациялық жүйелер де жаңартылуда. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен жұмыстарды «Береке» мердігер мекемесі жүргізуде. Соның арқасында енді жаңбырдан кейінгі көлкіген су болмайды.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *