ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ТЕННИС КОРТЫ АШЫЛМАҚ

Шымкенттегі Абай саябағын теннис орталығы деп атауға болатындай. Өйткені мұнда аталған спорт түріне арналған үлкенді-кішілі жаттығу кешендері орналасқан. Ал жуырда тағы да бір ірі жобамен толықпақ. Халықаралық стандартқа лайықталған кешеннің артықшылығы көп.

Бүгінде кешеннің құрылысы қызу жүргізілуде. Бірегей спорттық кешенінде 100 көрермен орынына лайықталған 2 теннис корты, жатақхана, 50 адамға лайықталған асханасы бар. Жаңадан салынып жатқан теннис корты пайдалануға берілген соң халықаралық дәрежедегі сайыстарды өткізуге толық мүмкіндік бар. Осылайша Шымкент теннис спортын дамыту арқылы әлемге танылмақ. Ал ол үшін халықаралық дәрежедегі теннис корты дайын. Бүгінге дейін тек қаламыздың ғана емес бүкіл еліміздің атын шығарған теннис майталмандарын дайындап келген орталық енді жас теннисшілерді осы жерде жаттықтыратын болады.

Құрылысты «А.Р.Т.-Құрылыс» компаниясы жүргізуде. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Жылдың соңында толық аяқталып, пайдалануға берілмек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *