Шымкент қаласын дамыту жоспарының берері көп

Алдағы уақытта күнгейде жалпы аумағы 1573,5 мың гектарды құрайтын Шымкент агломерациясын дамытуға басымдық берілетін болады.  Яғни, агломерация – экономикалық, мәдени және тұрмыстық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты елдімекендердің шағын аумаққа шоғырлануы. Негізгі көзделіп отырған басты мақсат — қала аумағындағы елдімекендердің әлеуметтік, экономикалық, инфрақұрылымдық мәселелерін шешу болып табылады. Дер уақытында қолға алынған жобаның берері көп. Оның халық санын молайтуға да септігі зор. Алдын ала жасалған болжамға сәйкес 2020 жылға қарай қала Шымкент қаласындағы халық саны 10,3 пайызға артады деп күтілуде. Ал 2030 жылы агломерация халқының саны қазіргі кезеңмен салыстырғанда  29,7 пайызға көбеймек.

Бүгінде  Шымкент агломерациясына 9 қала, аудан аумақтары кіреді. Сонымен қатар Шымкент агломерациясы аумағында 2020 жылдың соңына қарай мектепке дейінгі ұйымдарды 35 пайызға, ал білім беретін мектептердің санын 17 пайызға ұлғайту жоспарланып отыр. Ал  стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың саны 2020 жылға қарай 11 пайызға көбейетін болады. Жобаға сәйкес агломерация аумағында инженерлік, көліктік, әлеуметтік, рекреациялық инфрақұрылымдарының кешенді дамыту шаралары қарастырылған. Соның арқасында Шымкент өмір сүруге барлық жағдай жасалған қолайлы қалаға айналмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *