ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕПТЕГІ ЖЫЛЫЖАЙ

Бүгін Шымкент қаласындағы Асар мөлтек ауданында орналасқан “№89 мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жылыжай жұмысымен оқушыларды таныстыру жұмыстары жүргізілді. Шараның мақсаты оқушыларды еңбекке баулу, туған жерін сүюге және болашақ ауылшаруашылық мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар беру. Мектепте жылыжай салып, оқушыларды еңбекке баулып әрі табыс тауып отырған мектептер көп емес. Аталған мектептегі игі іс мақтауға тұрарлық-ақ. Алдағы уақытта өзге мектептер де осы үрдісті жалғауға қызығушылық танытып отыр. Жылыжай әлеуметтік жағдайы төмен отбасының оқушыларына арнайы дәрумендірілген ас мәзірі жасалып, тамақтануға асханаға беріледі және артық өнім мектепке кіріс көзі болып табылады. Жылыжайдың бір ерекшелігі оқушыларға тек теория жүзінде ғана емес, практика жүзінде де тәжірибе жинақтап, өзінің ғылыми жаңалықтарын ашуға үлкен мүмкіншілік жасап отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *