Қоныс тойын тойлайтындардың қатары артады

Шымкент қаласында биыл жалпы аумағы 302 мың шаршы метрлік 5 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілмек. Осылайша қоныс тойын тойлайтындардың қатары артатын болады. Бұл туралы жуырда Шымкент қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Әбілсейіт Рабаев мәлімдеді. Жаңа баспанаға қол жеткізгендердің қатары жыл жылжыған сайын артып келеді. Оған түрлі мемлекеттік бағдарламалар қол ұшын созуда.  

«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында Шымкент қаласында 231 нысанның құрылысы жоспарланған болатын. Биылғы жылдың соңына дейін 115 нысанды пайдалануға беру жоспарданып отыр. Сондай-ақ биыл қалада 201 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Олардың құрылысы аяқталған соң жаңа иелеріне тапсыру межеленген.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының директор орынбасары Ақылбек Қоспановтың айтуынша, аталған банк жүйесі бойынша биыл өңірде 982 пәтер пайдалануға беріледі. Ал 2018 жылы «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында 2500-ге жуық пәтер салу жоспарланған.

3 класстық баспананың шаршы метрі 140 000 теңгені құрайтын болады. Бұл дегеніңіз республика бойынша ең арзан баспана Шымкент қаласында деген сөз.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *