Көшелерге жаңа атау беріледі

Шымқалада көше атаулары жыл жылжыған сайын қазықыланып, әдемі атаулар берілуде. Әсіресе жаңа шағынаудандар мен қалаға қосылған елді-мекендердегі көшелерге қазақы нақышты есімдермен аталуда. «Өркен», «Қызғалдақ», «Саяхат», «Ақ сауыт» сынды бұрын соңды болмаған атаулармен ерекшеленуде. Алдағы уақытта да тек қазақы ұғымды, ұғынықты атаулармен атау жоспарлануда. Ол үшін тұрғындардың да пікірі сарапқа салынатын болады. Шымкент алдағы уақытта шағынаудандар мен көшелердің атауын өзгерту межеленіп отыр. Осыған орай, 24 қарашада көшелерге жаңа атау беру және өзгерту бойынша тұрғындар арасында қоғамдық тыңдау өткізіледі.

Бүгінгі күні қалада  атауы жоқ 400 көше бар. Бұл медициналық және өзге де қызмет көрсеткенде қиындық туғызып келеді. Оның үстіне, қалада жаңадан қосылған жеке үйлер мен жаңа шағынаудандардың атауын қою қарастырылуда.  Қалалық билік бұл жағдайды 2020 жылға дейін шешу қажеттігін атап өтті.

Шағынаудандарға және көшелерге атау беру бойынша қоғамдық тыңдауда кеңінен талқыланбақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *