Болашақтың қаласы…

Шымкент күннен күнге түрленіп, гүлденіп келеді. Қаланың сәулетіне сән қосатын әсем ғимараттар саны да артуда. Алдағы күндері қалада жаңа әуежай, аймақты барлайтын «Қарауылтөбе», «Шымкент Арена» спорт сарайы бой көтермек. Қаланың о шеті мен бұ  шетіне көрініп тұратын 40 қабаттан тұратын «Шымкент тәжі» тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Аталған тұрғын үй кешені қаладағы ең биік ғимарат болмақ.  «Нұрсәт» шағынауданындағы жаңадан бой көтерген зәулім тұрғынүйлер қатары артып келеді. Онда қоныстанып жатқан халық саны да көбеюде.  Ал қаланың екінші шетіндегі «Шымкент ситиде» 403 гектарға 9, 12, 16 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы қызу жүріп жатыр. Жақын арада пайдалануға беріліп те қалады. Онда 70 мыңнан аса тұрғын қоныстанады деп жоспарлануда. 62 гектар аумақты алып жатқан жерде  үлкен саябақ және 7 мектеп салынатын болады.

«Қала әкімінің тапсырмасы бойынша «Жаңарту 2017-2021» бағдарламасы аясында Қошқар ата өзенінің бас жағына жаңа аудан түседі. Онда 420 ескі үй бұзылып, орнына 61 көпқабатты тұрғын үй салынады. 600 орындық мектеп, 320 орындық балабақша, сонымен қатар 30-ға жуық коммерциялық нысандар бой көтереді», – дейді Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы бөлім басшысының орынбасары Жеңіс Байымбетов.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *