Шымкенттіктер баспаналы болды

Шымкентте  1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай бірінші кезектегі  «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Осылайша бүгін шымкенттік 96 отбасы баспаналы болды. «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы арқылы қалада салынған бірінші кезектегі 2 тұрғын үй пайдалануға беріліп отыр. Қаланың әкімшілік және іскерлік орталығында орналасқан тұрғын үй кешенінде тоғыз қабатты 4 тұрғын үй бой көтерген. Мұндағы пәтерлердің жалпы ауданы — 14776,6 шаршы метрді құрайды. Бүгінде 2 блок, яғни 96 пәтер пайдалануға берілсе, қалған 2 блок келер жылдың бірінші тоқсанының аяғына дейін пайдалануға беріледі. Жобаның жалпы құны – 2,75 млрд. теңгені құрайды.«Астана» тұрғын үй кешені екінші классқа жататын бір тұрғынға 25 ш.м. жеке кеңістікті есептеу арқылы салынған сәнді апартаменттер. Мұнда  тұру жағдайлары мен инновациялық технологиялар үшін қажетті барлық мүмкіндіктермен қамтамасыз етілген. Аталған тұрғын үйдегі «Өз үйім» бағдарламасы бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан пәтерлерді сатып алуға болады. Бағдарлама бойынша орташа бағасы бір шаршы метр үшін 180 мың теңгені құрайды. Несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 5-тен 10 пайызға дейін. Айта кетейік, тұрғын үй құрылысын жүргізген «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС-гі құрылыс кезінде 300-ден астам адамды жұмыспен қамтыған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *