ШЫМКЕНТТЕ БОС ЛАУАЗЫМДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгінде мемлекеттік қызметте табысты еңбек етіп жүргендер жетерлік. Ол үшін Шымкент қаласы әкімдігі ұдайы, дәстүрлі түрде бос лауызымдар жәрмеңкесін өткізіп келеді. Күні кеше Шымкентте бос лауазымдар жәрмеңкесі өтті. Қатысушыларға Шымкент қаласы әкімдігінің бос орындары ұсынылды. Іс-шара барысында мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасудың жолы да түсіндірілді. Үміткер ең бірінші Қазақстанның заңнамаларын білетінін және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тесттен өтуі тиіс. Одан кейін мемлекеттік орган жариялаған конкурсқа қатысуы шарт. Сосын комиссияда әңгімелесу барысында оң қорытынды алса ғана жұмысқа орналаса алады. Еліміздегі маңдайлады оқу орындарын тәмәмдаған түлектер бүгінде Шымкенттегі түрлі басқармаларда жемісті еңбек етуде. Жастарды жұмыспен қамтуда қалалық әкімшіліктің атқарып отырған жұмысы орасан. Бұл жәрмеңкеде Шымкент қаласы әкімдігінің бос лауазымдары ұсынылды. Кадр таңдауда ең алдымен үміткердің іскерлігі мен біліктілігіне аса мән береміз дейді шенеуніктер. Талабы мен талантты қоса шапқан жастардың басым бөлігінің үміті ақталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *