ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЛҚАН ЖАПЫРАҚТЫ КӨШЕТТЕР ЕГІЛУДЕ

Шырайлы Шымқаланың шырайын одан әрі арттыру үшін бүгінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жуырда ғана көктем шықса болды көктеп, айналаны әсемдікке бөлейтін қызғалдақ көшеттері отырғызылған болатын. Аталған жұмыс аяқтала салысымен қалаға көрік беретін жасыл желектерді қондыру жұмыстары қайта жалғасын тапты. Қысы жылы, жазы ұзаққа созылатын шымқалаға лайықта көшеттер таңдалып алынады.  Ол үшін еліміздің өзге өңірлерінен климатқа лайықты, тез жерсіндірілетін көшет түрлері таңдалып алынады. Енді Шымкент көшелеріне қылқан жапырақты көшеттер егу жұмыстары жандандырылуда. Саясы мол әсем болып бой түзейтін ағаштарды алдағы уақытта да көптеп отырғызу жоспарлануда. «ЛТД тұрмыс» серіктестігінің мамандары биыл Өтегенов көшесінің бойына қарағай отырғызуды бастады. Жоспар бойынша мұнда 1200 көшет егілуі тиіс. Қырыққа жуық жұмысшы күн сайын Алматыдан жеткізілген қарағай көшетін егеді. Бүгінге дейін 800-ден астам көшет отырғызылған. Сала мамандарының айтуынша, көшеттердің биіктігі 2,5 метр және оңтүстіктің ауа райына бейімделген. Бұдан бөлек Ұланбек  Арғынбеков көшесіне 400 қырым қарағайы егілді.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *