Шымкентте жәрмеңке жалғасын табуда

Шымкенттік тұрғындардың арзан да сапалы өнімдерге қол жеткізуі үшін ұдайы азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып келеді. Күні кеше азық-түлік тауарларының қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Жәрмеңке түрінде өткізілген шарада тұрғындар тауарларды нарықтағы бағадан 2 есеге төмен бағада сатып алды. Қаладағы баға саясатын тұрақтандырып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлаған акцияны облыс пен Шымкент қалалық әкімдігі ұйымдастырып отыр. Мұнда 300-ге жуық кәсіпкер өз өнімдерін қала тұрғындарына арзан бағада ұсынды. Онда тек сатып алушыға ғана емес, тауар өндіруші мен шаруаға да қолайлы жағдай жасалды. Қажетін алып, қаражатын үнемдеген халықтың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Себебі, жәрмеңкедегі тауардың бағасы көңіл қуантады. Мәселен, картоп пен сәбіз 50 теңгеден сатылса, қырыққабат 30 теңгеден саудаланды. Сондай-ақ, сиырдың еті 1050 теңге көлемінде болды. Айта кетейік, Шымкентте бұл жәрмеңке апта сайын тұрақты түрде өтіп келеді. Бұл жолғы жәрмеңке Тұңғыш Президент күніне орай өткізіліп отырғандықтан, қойылған тауар түрлері еселеніп, бағасы екі есеге төмен саудаланды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *