Ақшаны қалай өзімізге тартуға болады?

Неліктен кейбір адамдардың армандары орындалып жатады, ал кейбірініңкі жолы болмайды. Неліктен біреулердің асығы алшысынан түсіп,  табыс пен ақшаны өзіне оңай тартып алады, ал кейбіреулерге әрдайым сәтсіздік жолығады.

Ал бірінің жолы болғыш, бай, табысты болып келеді, ал біреулер болса, айлықтан келесі жалақыға әрең жетеді.

Неліктен кейбір әйелдердің жеке өмірі мен ерлермен қарым-қатынасы жақсы қойылады да, арманындағы жігітті кездестіріп, сәтті соған тұрмысқа шығып, бақытты ғұмыр кешеді. Жолдасы оған  әрдайым сыйлығын беріп, асты-үстіне түсіп, отбасы үшін барын салып жатады, ал басқа әйелдерде мұның бірі болмайды.

Сол үшін де  ақша мен табысты өзімізге тарту үшін не істеуге болады? Және армандарымыз оңай, еш күш жұмсамай-ақ   орындалу үшін де не істеуімізге болады?

Ал бұл жерде  мәселе сәттілік пен қаражатта тұрған жоқ, мұнда біздің осы ақшаны өзімізге кіргізіп, қабылдауымызда болып тұр. Негізінен, біз бақыт, ақша, сәттіліктерді және армандарымыздың орындалуына  өзімізге мүмкіндік беріп,  рұқсат береміз бе?

  • Сонда қалай, есігімізді ұрып өзі келіп тұрған ырыс-берекені қалай кіргізбейді деп ойлайсыз?
  • Сонда қалай, жоғары жалақылы қызметке шақырылсақ, қалай ғана біз оны қабылдамаймыз?
  • Қаншама жылдар бойы табысқа келе жатқан жолда қалай тоқтап қалуға болады?

Ия, болады екен. Көптеген адамдарда осылай болып жатады, сол себептен де, сәттілік олардан айналып кеткендей көрінеді, ал армандары ешқашан орындалмайтындай болады. Олар ешқашан өздеріне сәттілік пен байлықты, жеке бақыт пен табысты тарта алмайтындай көрінеді.

Негізінен, тек қана өзіміз ғана сәттілік, махаббат, денсаулық, байлықты қабылдаймыз ба, жоқ па,  өзіміз шешеміз.

Тек қана өзіміз ғана  алланың берген жақсылықтары мен сыйын қабылдаймыз ба жоқ па, өзіміз шеше аламыз. Және  оны біз былай қорытындылауға дайынбыз: «Мен мұндай сыйға лайық емеспін немесе мен ақылды, сұлу, талантты, сенімді емеспін, мен ешқашан өміріме ақша мен табысты тарта алмаймын» деп алдын орап кетеміз.

Ал шын мәнінде дәл ішкі сенімділік, дәл ішкі сезім «Мен лайықтымын» деген сөз ғана өміріңізге сәттілік пен табысты, жаңа перспективалық мүмкіндіктерді, байлықты, махаббатты, табысты тартатынын естен шығармаңыз. Дәл өзіңізге деген махаббат қана және «Мен лайықтымын» деген сезім ғана армандардың  оңай және еш күш-жігерсіз-ақ орындалу сәттілігін жасай алады.

Барлығымызда да армандарымыздың жазылған тізімі бар шығар. Егер жоқ болса, онда осындай тізімді құруға мүмкіндік бар. Сонымен тиімді және қызықты іс — бұл шын мәнінде не қалайтыныңызды жақсылап асықпай отырып ойланып алу керек.

Біреулер үшін мықты денсаулық маңызды болуы мүмкін. Ал кейбіреулер үшін ең өзекті мәселе- ол өзінің жеке бақыты, отбасылық өмірдегі жақсы қарым-қатынас немесе армандаған жігітіне жолығып, оған тұрмысқа шығу болуы да мүмкін.

Ал кейбіреулер үшін, қызметте  мансапқа жету,  ал басқалар болса, ақшасы көп болып,  байлыққа қол жеткізсем-дейді.

Сонымен барлық адамда жеткілікті өз армандары мен тілектері бар, бірақ олардың орындалуы бөгеліп, «адам басын қабырғаға ұрып жатады». Ал, бұл жағдайда  неліктен орындалмай жатқанының себебін іздеу керек.

Өзіңізді  сол армандарыңыз орындалуға лайықты адаммын деп есептейсіз бе? Әрине, тек сөз жүзінде ғана: «Ия, мен өзімді сәтті тұрмысқа шығатын немесе қызметте жоғарылауға лайықты адаммын» деп айта салу емес. Бұл жерде ең маңыздысы, шын мәнінде өзіңізге деген махаббатыңыз бен құрметіңіз бен  армандарыңызға деген сол терең сезім бар ма, соны түсініп алу қажет. Сізде: «Ия, мен лайықтымын. Мен шынында да лайықтымын» деген ішкі сезім бар ма? Бұл сезім, яғни, армандарыңыз тура орындалып қойғандай елестеткеніңізде, денеңізден бір жылулық төгілгендей болу керек. Бұл сезім, тәніңіз тура бір аспап секілді арманыңызбен бірге қосылып ән салып жатқан күйде болады.

Ал, мұны тексеру оп-оңай. Ең бастысы, өзіңізге шыншыл болып, қолыңызға қағаз бен қалам алу керек. Сосын отырып, денені босаңсытып, көзді жұмып, арманыңыз тура өміріңізде орындалып, болып жатқандай етіп елестетіңіз.

Мәселен, сіз арманыңыздағы жігітті кездестіргіңіз келеді-дейік, сонымен сіз жолдас қызыңыздың тойында сол қалаған жігітіңіз сізге келіп танысып жатқанын елестетесіз.

Ол сізді биге шақырып жатыр, бүкіл кеш бойы асты-үстіңізге түсіп, сізді дәмді тағамдармен күтіп жатыр, қолына ұялы телефонын алып,  тойдан кейін сізге хабарласып, сізді кездесуге шақырды, содан  қатынасыңыз ұласып, сіздің қуанышыңызда шек жоқ.

–Ал енді, осы жерде тоқтай тұрыңыз, өзіңіздің сезімдеріңізді  мұқият талдап  шығып,  түгел жазып шығыңыз. Ал егер өзіңізді   кінәлау сезімінің толқыны болса: «Ия, мұндай ешуақытта да болмайды, мен мұндай жігітке, оның мені сүюіне  лайықты емеспін»,-десеңіз, онда осылардың бәрін жақсылап жазып, осы күмән-күдіктермен, кінәлау сезімдерімен, сенімсіздіктермен жұмыс жасаңыз.

Сонымен түсінікті шығар, кез-келген орындалмай жатқан армандарыңызды елестетуге болады.  Арманыңыз тура бір ОРЫНДАЛЫП ҚОЙҒАНДАЙ етіп елестеткеніңізде, өзіңіздің ойларыңыз бен сезімдеріңізді мұқият талдап шығыңыз.

Ал енді, себеп табылса-онда онымен жұмыс істеуге  кірісеміз. Біз бұл пікірді басқаға алмастыруды бастаймыз.  Яғни «Мен лайықты емеспін» деген ойды «Әрине, мен лайықтымын. Мен өмірдегі барлық жақсылықтарға лайықтымын және мен осы жақсылардың барлығын өзіме кіргіземін де, қабылдаймын. Және мен бай болуға,  табысты, бақытты болуға лайықтымын. Мен өміріме табыс пен ақшаны  тартып, қабылдаймын». –Бұл өте керемет жаттығу.  Өзіңе осы секілді пікір-нанымдарды  айтатын болсаңыз, денеңде өміріңе, өзіңе деген махаббаттың жылы толқыны төгілген сезімде боласыз. Сосын кенеттен армандардың орындалатынына, ырыс-береке жаңа күшпен үйіңе келіп қонатынына  сенесіз.

Негативті наныммен біз өзімізге келіп есігімізді тоқылдатқан табыс, махаббат, байлықтарды жолата алмаймыз. Сәттілік пен ырыс-берекені кіргізе ашудың орнына: «Жоқ, сен мекен-жайды шатастырып алдың, қателестің, мен махаббат пен байлыққа, армандардың орындалуына лайықты адам емеспін. Мен саған, жалпы, табысқа лайықты жан емеспін» деп айқайлап жауап бересіз.

Сол үшін де, енді мұндай жағдай болмасын десеңіз немесе мұны жөндегіңіз келсе, онда мұндай әрекетке қарсы тұрып, табысты өзіңізге тартып қана қоймай, оны уақытында байқап, ең маңыздысы-оған жан-тәніңізді, жүрегіңізді айқара ашуыңыз қажет. Табыс пен ақшаны, махаббат пен қуанышты көптен күткен қонақтай кіргізу керек. Жарқын жүзді үйдің егесі ретінде кеткісі келмейтіндей етіп қарсы алу керек.

Ал, бұл үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Тек күніге 10 рет азанда және кешке мына сенімділік беретін наным сөздерді қайталау керек: «Мен барлық жақсылықтарға лайықты жанмын. Менің өмірімде барлығы өздігінен оңай болады. Менің барлық арман-тілектерім орындалады.  Менің айтқан анау армандарым, мынау армандарым  (бұл жерде көзді жұмып, армандарыңыз, қайталап айтамын, тура бір орындалып жатқандай  елестетіңіз)  оңай және күш жұмсамай-ақ орындалуына нағыз лайықтымын деу керек. Ия, мен осыған лайықтымын және мен сәттілік пен ақшаны, махаббатты, құрметті,  табысты тартып жатырмын»-деп өзіңізді жақсы көруіңіз міндетті.

Бұдан соң, денеңіз бір  босаңсып, кеңейіп, тура ашылып жатқандай елестетіңіз. Сөйтіп міне ырыс-береке, байлық ашық жылулықпен, жақсы толқынмен тәніңізге еніп жатыр. Ал енді ол денеңіздің әрбір жасушасынан  ағыл-тегіл төгіліп, нұрланып, жалтырап жатқандай сезімде болыңыз. Ия, сіз өте қуаныштысыз, көңіліңіз көкке көтеріліп,  сәттілік сіздің өміріңізге жайғасып, сіз оны қабылдап жатырсыз, жайдарлы  үй иесіндей оны мәпелеп, аялап, күтіп жатырсыз.

Және сәттілік те  басқа адамдарға да барудың орнына сізбен бірге болу оған ұнағандықтан, қалуды ұйғарыпты. Бұл оған әрине қиындық соқпайды. Ол адамдарға қанша өзінің сәттілігін қалдырса, онда әрдайым жақсылықтар болатынын біледі. Енді сіз де тәніңіздің, оның ішіндегі әрбір жасушаларының іші нұрланып, сәттіліктермен толтырып   жатқанын сезініп жатырсыз.  Сіз қайда барсаңызда, не ойласаңызда, не армандасаңызда, осы сәттіліктер сіздің тілектеріңіздің орындалуына кірісіп кетеді. Ол сізге күндіз-түні көмектеседі, ұйқыңызды, көрген түсіңізді қорғайды.

Ал кейде үйіңізде айнаның алдынан өтіп бара жатқанда сіз тоқтап, өзіңізге қарап, айтасыз: «ия, сен осыған лайықтысың. Сен өз өміріңдегі сәттіліктерге, ерлермен жақсы қарым-қатынасқа лайықтысың.  Сен байлыққа және қаржылай бостандыққа лайықтысың. Және сен барлық-барлық жақсылықтарға лайықтысың. Себебі, мен сені жақсы көремін». Ал, енді өзіңіздің айнадағы бейнеңізге, өз сәттілігіңізге күлімсіреңіз, сонда  сіз ішіңізден шығып жатқан денеңіздегі әрбір клеткадан  мыңдаған нұрлы сәттіліктер жауап ретінде сізге күлімдеп тұрғанын сезінесіз. Сосын сіз де  онымен ойнағандай, жарқырап,  күндей  жарықты шашыратып, нұр шашасыз, сосын осы нұр-сәулеге жаңа мүмкіндіктер, жаңа адамдар, сәттілік пен махаббат толқыны өздері келіп қосылады.

Осыған өзіңіз де мүмкіндік беріңіз.  Өміріңізге табыс, ақша, махаббат пен сәттілікті кіргізіп, қабылдаңыз.  Өзіңізге осыны рұқсат етіңіз, сіз ең жақсыларға  лайықтысыз.

 

Құрметпен, Анастасия Гай

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *