«Отбасымдағы менің орным?..»

  1. Жаңадан сатып әкелген ойыншыққа балаларыңыз таласып қалды. Сіздің әрекетіңіз:

А. Дереу екеуіне де ұрысамын, өздерінің мәселесін өздері шешуі керек.

Ә. Олардың ұрыстарына килігемін, жазалайтынымды айтып қорқытамын, не ескертемін.

Б. Неге ұрысып жатқандарының себебін білуге тырысамын.

  1. Балаларыңыздың ішінде ерекше жақсы көретін балаңыз бар ма?

А. Бәрін тең көремін.

Ә. Иә, кішкентайымды (үлкенімді) жақсы көремін, себебі ол өзіне көп назар аударғанды қалайды.

Б. Бұл сұрақ маңызды деп ойламаймын.

  1. Балаларыңыздың арасындағы ұрысты қалай қабылдайсыз?:

А. Шыдамым таусылды.

Ә. Олардың арасындағы майда-шүйде керістерге мән бермеген дұрыс.

Б. Ұрыс-керістің себебін азайтуға тырысамын, бәрімізге де ең дұрысы осы.

  1. Мысалы, балаларыңызбен арадағы қарым-қатынаста қателік жібергеніңізді байқадыңыз. Олардан кешірім сұрайсыз ба?

А. Ешқашан кешірім сұрамаймын, егер сұрайтын болсам бала алдына беделім түседі.

Ә. Егер қателік менен кетсе, кешірім сұрап түзетуге тырысамын.

Б. Білмеймін, кешірім сұрау міндетті емес шығар…

  1. Балаңыз сізге «мені жақсы көрмейсің, інімді не қарындасымды (емізулі) жақсы көресің» деп өкпелесе, не деп жауап қайтарасыз?

А. Мұндай жағдай менің басымда болған емес.

Ә. «Сен кішкентай болғанда, сені де осылай жақсы көргенмін».

Б. «Бос әңгіме айтқанша, одан да бөпеңе қарауға көмектес!»

  1. Балалардың арасындағы кикілжіңге араласпау керек деген сіздіңше дұрыс па?

А. Иә, мен бұған толық қосыламын және олар өз бетімен мәселелерін шешіп үйрену керек.

Ә. Міндетті түрде араласамын: мен отбасының ұйытқысымын, менің айтқан сөзім – заң!

Б. Жанжалдарына араласқан да дұрыс, біржағы балалардың өзіне де еркіндік беру керек.

  1. «Менің балаларым бір-бірімен тату, бір-бірін жақсы көреді» деп шын жүрегіңізбен айта аласыз ба?

А. Әрине.

Ә. Жүз пайыз деп айта алмаймын.

Б. Өкінішке қарай, жоқ.

 

Тест кілті

 

     1    2    3    4    5    6    7
А        3        1        3             3        1        2       1
Ә        2        2        2        1        2        3       2
Б    1     3     1     2     3     1    3

 

Егер 7-10 балл аралағында жинасаңыз: Сіздің отбасыңыздағы балалар бір-бірімен тату. Әрине, ұрыс-керістің бәрі сіздің үйден айналып өтеді деуге болмайды, бірақ басқа отбасыларға қарағанда әдеуір үлгі тұтарлық. Осы қалыппен алға жүре беріңіздер және бір- бірлеріңізге деген сенімдеріңізді жоғалтпаңыздар.

Егер 11-13 балл аралығында жинасаңыз: Сіз өзіңізге сенімсізсіз және отбасындағы келеңсіздіктің бәрін орнына қойғыңыз келетін тілегіңіз әзір байқалмайды. Балаларыңызға деген көзқарасыңызды өзгертпейтін болсаңыз, тату-тәтті отбасы туралы армандарыңыздан күдер үзе беруіңізге болады.

Егер 14-21 балл аралығында жинасаңыз: Шектен тыс көп нәрсеге араласады екенсіз. Балалардың өздігімен шешім қабылдауына да мүмкіндік бермейсіз. Үлкен адамның рөлімен балаларға қаттырақ сөйлесеңіз, бәрі де шешіле кетеді деп ойлайсыз ба? Керісінше, түбінде мұндай тәрбие қайғылы қателіктерге ұрындырып жатады. Сондықтан кеш болмай тұрғанда өзіңізді түзетіңіз. Бәрін де өзіңізден бастаңыз.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *