Қалай өзімізге сенімділікті ұялатуымызға болады және қалай өмірге қуануға үйренеміз? Немесе сіздің табыс күнделігіңіз.

Ал қалай сенімділікті бойымызға дарытамыз, осы арқылы көңіліміз жай тауып, өзімізді сүйеміз? Қалай өмірге шаттықпен қараймыз?
Соңғы кездері біз мына сөздерді жиі естиміз: «міндетті түрде өзімізге сенімділікті ұялатуымыз керек, өзін-өзі бағалауды жоғарылатуымыз да қажет, сондай-ақ өмірден лаззат алып, қуанып, бақытты жан атанып, өзімізді сүюіміз де маңызды» дейміз.Өзіңіз қалай барсың, солай қабылдап, табысты және  өмірдің қуанышын табу керек». Сондай-ақ,  өмірлік жолдасыңызды, балаларыңызды,  достарыңызды, туыстарыңызды, таныстарыңызды да жақсы көріп, құрметтеу керек. Тағы да бай және табысты бола білу керек. Бәріне үлгеріп, ақшаны өміріңізге тарта білу де шарт. Осындайлар өте көп осылардың барлығы «зәру» және  «керек».

Енді қалай осылардың барлығына қол жеткізуге болады? Қалай өзімізге сенімділікті тартуымыз керек, сөйтіп, шын мәнінде табысты, бай, өмірдің қуанышын, махаббатын қалай ала аламыз. Бұған қалай жетеміз, себебі қаншама жыл, ай, күн бойы біреулер өзі туралы негізінен тек  жағымсыз  пікірлер, сынаулар, әрқашан өзіне қарай талаптар қоя білген.

Қалай өзімізді, өмірді сүйеміз. Қалай бұл дүниеге сеніп, әр күн сайын өмірден қалай рахат аламыз?  Жылдар бойы жиналған жүректегі ауыр жаралардан, қиналыстардан  қалай жарық сәулесін көріп, өзіміз қалай бармыз, солай өзімізді жақсы көріп қабылдай аламыз. Себебі, өн бойымызда өзімізді жақсы көруден гөрі, өзімізге мін тағу көп емес.

Ғажайыптарды қалай көруге болады?

Қалай сол ғажайыптарды көруге , бағалауға болады. Мысалға әр күн сайын оянғанда енді ғана жоғары көтеріліп келе жатқан күнді көріп, қуанып, жаныңыздағы жолдасыңызға нұрын төккенін байқап, қуанып, оны да сүйе біліңіз. Тек аспандағы бұлттарды ғана қарамай, аспанда күннің де барын ұмытпаңыздар.

Сонымен қалай болады, неліктен біз ұмытып, кейде тіптен байқамаймыз, әр күн сайын бізбен бір қуанышты жағдайлар болып жатады,  ал біз соған мына өмірге, әлемге рақмет айтпаймыз.  Неліктен өзімізді және жақын туыстарымызды  бағалауды, сыйлауды білмейміз? Неге өмірден қуаныш алуды ұмытып қаламыз.

Негізінен бұл сұрақтарды мен осыдан бірнеше жыл бұрын бір тоқтаммен, әрқашанға  шешіп қойдым, яғни өзімнің өмірімнен жазылған  бірқатар күнделіктерді арнаумен бастадым. Мысалға табыс  және өзіме-өзім сенімділік ұялату күнделігі; Жолдасыма алғыс күнделігі; Өмірге алғыс күнделігі, демек мен осы күнделіктерге күн сайын болып өткен өзімнің қуанышты жағдайларымды, оқиғаларымды, осы үшін өміріме разылығымды, алғысымды жазып жүрдім.

Ал күйеуіме бөлек жаздым: «Алғыс күнделігі, немесе бақытты отбасы, оның құпиялары» деп қойдым. Бұл жөнінде аз ғана болады да, ал екеуі жөнінде тоқтала кетемін.

Біз табыс және сенімділік күнделігін арнау арқылы ойымызды  жағымдылыққа топтастырып, біз қуаныш алгоритмін меңгереміз. Сондай-ақ, өзімізді бағалауымыз жоғарылап, өзімізді сүюді үйреніп, өзіміздің мықты тұстарымызды да қадірлей бастаймыз.  Өзімізге сенімділікті сіңдіре отырып, өзімізді бақытты, табысты  сезінеміз және өмірден  іштей қанағаттанушылықты аламыз.

Бірінші күнделік. Кешке қарай  күндіз болған барлық жағымды сәттерді еске түсіріп, жазамыз: Қошемет сөз есту, бұрын естісеңіз де мән бермеген, жолдасыңыздың таңданыс көзқарасын, келісулерді  сәтті өткізгеніңізді, немесе жақсы жобаны аяқтағаныңызды, сурет салғаныңызды немесе кітапты жазып аяқтаған шығарсыз. Әр күнгі жетістігіңізді жазу арқылы, біз әр күн сайын сайын кішкене болса да, он  жыл бойғы жиналған жағымсыз суреттерді  өшіре бастаймыз.Табыс, сенімділік күнделігін толтыру арқылы біз жайлап өзіміздің шын армандарымызды терең түсініп, қабылдай бастаймыз, өзімзге сене бастаймыз, сөйтіп ішкі әлеміміізбен үйлесімділікті сезініп,   қуанып, осы сезімдермен шаттыққа  бөленеміз.

Міне, жазудың үлгісі:

-Маған күн сайын өмірді сыйлағаның үшін өмір саған рақмет айтамын.

-Өмір сүріп жатқаным үшін рақмет, өйткені азанда құстардың әсем әуенімен ояндым, жазу жаза алғаным үшін, біреуге жақсылық жасай алғаным үшін, сыйлық жасай алатыным үшін, бергенім, алатындарым үшін көп-көп рақмет.

-Мені өмірге әкелгені, өсіріп-баққаны, тамақ және мейірім, қамқорлық көрсеткендері үшін   ата-анама алғыс айтамын.

-Күнге, өмірге, менің айналамды қоршаған табиғатқа, жақын адамымның бар болғанына, өйткені мен оны құшақтай аламын, оның дауысын ести аламын, оның маған қатты керек екенін айта аламын, осы өмірім үшін рақмет.

— Жарық және жылулық үшін рақмет, достарыма және жақын туыстарыма маған сенгендері және қолдаулары үшін рақмет айтамын.

Осыларды жазу арқылы біз өмірге айқынырақ қараймыз және айналамызда болып жатқандарға да мән бере үңілеміз.

Бүрын жас шағымызда нені армандадық, соны есімізге түсіре бастаймыз, оның қалай орындалғанын ойлап, соны да жаза бастаймыз. Сосын тағы тез орындала салған, бірақ есімізде қалмаған басқа армандарымыз туралы еске түсіреміз. Кейін үшінші, төртінші, бесінші……жазамыз, жазамыз, жазамыз. Өмірдің бар болғаны үшін қуанып, өмір сүріп жатқанымыз үшін разы болып,  денемізге қуанамыз және өзіміздің мүмкіндіктерімізге, айналамыздағы адамдарымызға бізді қоршап тұрған оларға да қарап қуанамыз.

 Күнделік екінші.  Сүйіктім сені сүйемін. Бұл осы тектес күнделіктегі жазудың түрі. Мұнда сіз  өмірлік серігіңізге рақмет айтасыз. Күйеуіңізге айтылған алғыс күнделігі  сізге дәл қазіргі уақытта осы қарым-қатынасыңызды бағалауға көмектеседі. Осы арқылы жолдасыңыздың мықты қасиеттерін көре аласыз.

-міне, ол кешке қарай картошка алып келді, тазалап, дәмді асты да дайындап қойды.

-тағы міне, балаларының сабағын даярлауға көмектесіп жатыр немесе саябаққа оларды алып кетті, ал сіз болсаңыз, осы кезде сіз кішкене босаңсып,  ванннаға түсіп, кітап оқып, шаштаразға  баруға мүмкіндік пен уақыт таптыңыз.

-Ал бүгін сізде жұмыста бір проблема болып қалды, сіз оны еріңізге айтып жатырсыз, ал ол сіздің сөзіңізді бөліп, кеңес бергісі келіп жатыр, сізді ондай жағдайда не істеу керек екенін үйретіп жатыр. Ал сізге тек оған арызданғыңыз келіп тұр, кейін сіз түсінесіз, ол қатты сізді уайымдап, сізге көмектесіп, қолдау көрсетіп жатқанын түсінесіз.

Сіз оның мінез-құлығы сізді тыңдап, әрі осы сәтте қолдау жасап жатқандықтан солай екенін түсінесіз. Әрине, сол кезде жүрегіңізде тыныш тауып, көңіліңіз жайланып, жылып, сіз оған жақындайсыз да оны қатты қысып,  тек оның  құшақтап, жұбатуын сұранасыз.

Қалай осының бәрін көріп, есте сақтай білуге болады?

Қалай осының барлығын көріп, әр күні есте сақтауға болады? «Басқаларда қаһармандары бар ғой», ал «менің жолым болмады, кәдімгі жай қарапайым «қаһарман емес» түсіпті деп ойлауды қалай доғару керек? Мұндайдан арылып,  бар жолдасыңызды қадірлеуді бастап, сол қалпында қалай бар солай қабылдап, қадірлеп, қалай бағасын білуге болады?

Өте қарапайым, оның түк те қиындығы жоқ. Біз дүкенге барамыз да, өте әдемі өзіңізге тартымды ұнаған күнделік немесе дәптерді сатып аламыз. Сосын кешке қарай 10-15 минут уақыт тауып, бүгінгі күні сіз үшін күйеуіңіз не істеді,  мейлі ол қошемет сөз болсын,  күйеуіңізге алғыс айтуды жаза бастайсыз.

Күнделік үшінші.  Ішкі сенімділік пен жан тыныштығы –бұл адам үшін  өте маңызды. Күн сайынғы жазылған табыс және сенімділік  күнделігінде сіз энергия жинайсыз, бағаңызды көтересіз және өзіңізді сүюді үйренесіз. Ал, өмірге алғыс айту  күнделігін жазу арқылы  сіз осы өміріңізде болып жатқан  кереметтер  мен бергендері үшін, сондай-ақ өзіңізді қоршаған, қолдаған адамдарыңыз үшін  әлемге рақмет айтасыз. Күйеуіңізге рақмет айтылған күнделік  бұрын сіз үшін  «жай кәдімгі және  маңызды емес» болғандарды байқауға көмектеседі. Сосын сіз махаббат пен сыйластық, нәзіктік пен алғыс  сезіміне үңілуді бастайсыз.

Содан соң тағы сіз қуаныш және махаббат алгоритмін игеріп, осы арқылы ішкі қанағаттануды сезесіз, демек өзіңіздің жетістігіңізді, табысыңызды және соңында  ақыры өзіңізді-өзіңіз сүюді сезінесіз.

Ойды орындалған армандар мен тілектерге топтастырғанда, сізде өмірге деген жоғары  сенімділік, құлшыныс оянып, қорқыныш және мазасыздық жойылып, тура бір армандарыңыз жеңіл орындалатындай күй кешуге көмегін тигізеді.

Міне, адамдардың өз қуаныштарымен осыларды жазу арқылы  бөліскен бірнеше мысалдары:

-Бүгін менің бірінші тапсырысым. Оу тамаша, менің әзірлеген жобам тапсырыс берушіге ұнады, бастығым енді солармен әрмен қарай жұмыс істеуімді тапсырды. Бұл өте маңызды, енді мен бекер оқымағанымды түсіндім. Бұл да маңызды емес, менің жұмыстарым  тапсырыс берушіге ұнағаны маңызды.

-Мен көп уақытымды көомпьютердің алдында өткізіп жатырмын. Төрт жыл бұрын осы компьютердің бүге-шүгесіне дейін үйреніп алдым. Және бұл білімім айналамдағыларға да қызығушылық орнатып жатыр. Және басқа жұртқа көмектесу арқылы өзіме деген құрметті сезініп жатырмын.

-Мен өзімді мақтан етемін. Осыдан бірнеше ай бұрын өзімнің ашушаңдығыммен, тез ызалануыммен жұмыс істеп, енді ешнәрсе шықпайтын, өзгермейтін шығар деп ойлаған едім. Ал жақында бірінші нәтижелер шыға бастағанда, мен енді ғана күдерімді үзе бастаған едім. Сөйтсем, керемет екен, өз-өзіңді ұстай білу, жолдасыңмен тартысып, ұрыспау, жақындарыңа дүре қоя бермей, өзіңді басқара білу тамаша екен ғой! Енді мен өзіммен мақтан етемін. Мен сондай тамаша адаммын! Осылай іштей даму және жетістікке жету ғажам емес

Әруақытта күнделігіңізді парақтап,  оқып шығуды ұмытпаңыз!

Әртүрлі ойыңыздағы жағымдылықтарды жазып шығудан шаршамаңыз, ең бастысы күнге отырып, оқып шығуды ұмытпағайсыз. Ол сіздің өзіңізге басқаша көзқараспен қарауға, өзіңізге, өміріңізге және жақындарыңызбен  қарым-қатынасыңызға  үңілуге көмектеседі.

 

Құрметпен, Анастасия Гай.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *