Бақылау-касса машинасын қолдану тәртібі бойынша 2018 жылғы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша білгіңіз келсе…

Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2018 жылдан бастап бақылау-кассалық машинасын қолдану тәртібі бойынша ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық Кодексі) өзгерістер енгізілгені жөнінде хабарлайды. Салық Кодексінің 166 бабына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.  Деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілер ғана тіркеуге құқығы бар. Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады (kgd.gov.kz). Сонымен қатар, өзгерістер енгізілгенге дейін тіркеуге қойылған деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары 2024 жылға дейін қолданыла алады. Осы Заң негізінде 14- бабының, 5 тармағына сәйкес,  «бақылау-кассалық машиналарды қолдануға және оларды қолданудың осы Кодексте белгіленген тәртібін сақтауға» -деп көрсетілген заңды қолданысқа алып, заңды тұлғалардың назарына осы заңға енгізілген өзгерістерге аса мән берулеріңізді сұранамыз. Заң жобасын интернет желілерінен толық мағлұмат алып, құнды құжатқа    аса мән берулеріңізді ұсынамыз.

Еңбекші ауданы бойынша

Мемлекеттік Кірістер басқармасының

ақпаратты қабылдау және беру орталығы

бөлімінің бас маманы Жумашова А

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *