Өзиңді таны

Өзиңді таны

Тартымды болудың құпиялары

Саған Алла тағала өміріңе көп жарық жіберсін! Өзіңе тілегеніңнің барлығы орындала берсін! Бақытты күлкіңнен әрдайым көздерің жайнай берсін! Әрқашан жақсылық сенің жүрегіңде болсын!

  • Тартымды болудың құпиялары
  • Өзіңіздің қоршаған ортаңыз туралы ойланыңыз
  • Өзіңізге зацикливаться етпеңіз!
  • Денеңізді аспап ретінде қабылдаңыз.
  • Іштен өзгеріңіз
  • Өзіңіздің бірегейлігіңізді өсіріңіз
  • Жас ұлғайған сайын тартымды боласыз

Мағынасыз салыстырулардан қашыңыз. Кәсіби сұлулар секілді, жетістіктеріңізді ойлаңыздар. Олармен ешқашан өздеріңізді салыстырмаңыздар, пайда әкелмейді. Себебі, сіздердің де ойлаған перизаттарыңыз да басқа сұлулармен өздерін салыстырып, өз-өздеріне көңілі толмайды. Олар да осыған ренжіп, қынжылады. «Мен өзімді ешқашан арумын деп санамағанмын. –Әрқашан менен де тартымды, әдемі арулар жанымнан табыла қалатын, олар бөлмеге кіргенде, барлығы соларға сұқтанып қарайтын». Nicolette Sheridan-мне, нағыз ару осы»- дейді сол 1980 жылдардағы атақты супермодель Carol Alt.

Адамға басқалардың көзімен қарау бұл өзіне тән қасиет,-дейді психолог, The Bridge Консультациялық институтының президенті Ellen McGrath. Восприятие-қабылдау, түсіну, ұғыну, түйсіну, түйсік. Өзіміздің сыртқы келбетімізді қабылдауымызға бізді қоршаған адамдар елеулі ықпал етеді. Егер біз бала кезімізден айналадағылардан сүйіспеншілік пен қамқорлықты алсақ, онда өзімізді ең жақсы жарықты көруге дағдыланамыз, тура бір романтикалық кешкі астың шырағымен нұрлы жарықта отырғандай сезімдесің. Ал егер жақындарымыз біздің түр-келбетімізге сынмен, әрдайым келбетіміз туралы шындықты айтуға тырысса, онда біз жайлап бұл қатынасты қабылдаймыз да, өзіміздің бейнемізді айнадан зерделеп қарап, әрқашан өзіміздің кемшілігімізді іздей бастаймыз. Егер сіз өзіңізді тартымды емеспін деп дағдылансаңыз, онда бұл жерде сіздің достарыңызбен туысқандарыңызды кінәсі жоқ па, ойланыңыз.

Қарапайым және ұялшақ адамдар әрқашан өздерін басқалармен салыстырады, тіпті бұл салыстырулардан ұтылатынын да түсінеді. Өзіне қатты тұралап қалған адамдар өзінің түр-келбетін бағалауда сынға көп мән береді-деп санайды Индиана университетінің психология пәнінің мұғалімі Bernie Carducci.-Егер өзіңізді басқалар туралы көп ойлауға мәжбүрлейтін болсаңыз, сіздің ықыласыңызды күтуге оларды мәжбүрлесеңіз, онда жеке қорқыныштарыңыз және сенімсіздігіңіз азаяды.Кешке достарыңызбан келіңіз-сонда сіз тартымды көрінесіз. Бұл өзінше бір әлеуметтік капитал -ол айналаға сіздің көшбасшылық қасиетіңіздің бар екенін, әрі қызықты тұлға және сізбен достасу керек екенін түсінуге мүмкіндік береді.

Сіздің тәніңіз- тұрақты объект немесе әрдайым қимылда болатын және дамып тұратын механизм. Әйелдерді өздерінің денелері қалай көрінеді, осы қатты қызықтырады, ал өз кезегінде ерлерді түр-келбеттері емес, міндет, әрекеттері толғандырады- дейді Marguette университетінің психология мұғалімі Stephen Franzoi.- Егер тәнді құрал ретінде ойлайтын болсақ, онда ол әлдебір өзгере алатын және ауыса алатын нәрсе ретінде қабылдап үйренуіміз керек. Осындай активті ұстаным сыртан бағалайтын айналадағыларға емес, бізге өзіміздің денемізге билік жүргізуімізге көмектеседі.

Өзіңізді сынаудан аулақ болыңыз. Түр-әлпетіңізді, іс-әрекеттеріңізді, әсіресе бөтен адамдардың арасында өзіңізге мін тағуыңызды қойыңыз. Сынды мақтаулы қошеметке айырбастаңыз, мәселен, менің жиіркенішті майлы сандарым дегеннен гөрі, менің мықты бұлшықты аяқтарым деп Вермонта университетінің профессоры James Rosen сізге осылай айтуға кеңес береді. Қалған бейнеңіздің көріністерін де ойлауға уақыт табыңыз, қалай бет-әлпет, тәндеріңзді мақтайсыз, солай айналаңызға да осыны өзіңіз-ақ қалыптастырасыз. Достарыңыз бен таныстарыңызға сіздің қай қасиетіңіз ұнайтынын ойланыңыз. Олар сіздің адалдығыңыз немесе кәсіби біліктілігіңізді бағалайтын шығар, мүмкін, сіздің табиғилығыңыз, өзінділігіңіз және ақкөңілділігіңіз оларды тартатын шығар? Қорытындысына келгенде, бұл қасиеттер кез-келген сұлулықтан да маңызды, оның үстіне әдемілік уақыт өте келе жоғалады.

Өте ұялшақ Carducci деген жігіт, өзінің осындай кемшіліктерін жеңуде жақсы жұмыс істейтін ол, бөлмеде өзін әрдайым сүйкімді, стильді болуға тырысатын: Менің стилім-жартылай GQ, жартылай арзан киімдер. Оның сүйікті киімдері-сары мақталы көйлек, геометриялық сызықты қызыл галстук, былғары туфли және сұр пальто. Өзімнің киіміммен мен жұртқа былай дер едім: Міне, бұл мен, кәне көңіл көтерейік! Егер сіз қызықты, тартымды және ерекше киім кисеңіз, онда басқаларға сізбен тіл табысу оңайға түседі-бұл жерде әңгіме сұлулықта емес, мұнда сіздің ашықтығыңызбен әңгімешіл, тіл табысшылдығыңызда екені маңыздырақ.

Біз барлығымыз қартаюдан қорқамыз, бірақ ғылыми дәлелденгені-жас ұлғайған сайын адам тартымды болады екен. Үлкен жастағы әйелдер өзіне сенімді болады дейді-спортзалдағы әйелдерді көп жылдан бері бақылап, киінетін бөлмедегі күнделіктер кітабының авторы Leslie Goldman. –Мен ешқашанда 60 жастан жоғары әйелдердің басқалар келгенше деп, киімін ауыстыруға әжетханаға жүгіргенін көрген емеспін

  • Сұлулық- бақытсыздықтан құтқарушы деп түсінсеңіз, қателесесіз

Статистиканың хабарлауынша, сұлу адамдар өздерінің тартымды құрдастарынан қарағанда, түк те бақытты емес екен. Бізді бақытты ететін сұлулық, әдемілік емес, ол оптимизм, үміт, махаббат, достық, өмірдің мақсатын табу және қадірлеу. Мені қате түсініп қалмаңыздар, мен де тағдырыма өкінбеймін, менде де жұлдызды күндер болды, сұлулық көп нәрсеге жетуіме көмектесті-деп мойындайды Carol Alt.-Бірақ менде де ауыртпалықтар болды. Мен некенің бұзылуын ауыр күйде өткіздім, әкемнің және ағамның қазасын басымнан кештім. Сондықтан, мен тағдыр адамның түр-келбетіне байланысты деп айта алмаймын, сұлуларға да өмір тек жақсылықтарын тарту ете бермейді,-деген екен. Сондықтан да өздерңізді қалай бар солай қабылдап, жақсы көрңіз, өзііңізді жоғары бағалаңыз.