Астананың 20 жылдығына орай…

15 сәуір 2022

Астананың 20 жылдығына орай…

Астананың 20 жылдығына орай ҚР Президенті фан-клубы ауқымды шара өткізбек. Ол үшін Шымкент қаласының дарынды балаларын, әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларын Астанаға қонақ ретінде шақырмақ. Астананың мерейтойына орай өңірдің балалары Астананы аралайтын болады. Жобаның негізгі мақсаты - балаларға Астананың кереметін көрсетуғана емес, Астананың бас архитекторы Елбасымыз жайында толық мәлімет алып, тарихымен танысатын болады. Астана кейбіреулерге жоқ жерден пайда бола салған дүние сияқты көрінеді. Оның бәрі архитекторлардың еңбегі. Жоспармен жасалған дүние. Осы жоспардың басында отырған Елбасымыз. Сондықтан да Елбасының туындысын балалар тереңірек танысса деген мақсат қойып отыр аталмыш клуб. Ең алдымен балаларды Н.Назарбаев мектебіне апарып көрсетеді. Жаңа технологиямен жасалған, шетелдік университеттерден еш кем еместігін көрсету. Соны көріп балалар биікке ұмтылса деген ниет бар. Бүгін көрген балалар ертең сол университетте оқысам деген ой тууы мүмкін ғой. Балалардың болашағына бағдар беруді клуб мүшелері басты міндеті санайды. Бұл тур екі күндік. Бірінші күні толығымен тарихи сәттерді таныстыру болады. Музейге апарады. Арнайы дайындалған гидтер таныстырады. Ғимараттардың қалай тұрғызылғаны, тарихы туралы көбірек мәлімет беріледі. Бәйтерек идеясы қалай туды соның бәрі балаларға тереңірек түсіндірілетін болады.