ҚР Энергетика министрі: ККЖ-ҰЕҚБЖ жоспарға сәйкес жүзеге асырылуы қажет

12 тамыз 2022

ҚР Энергетика министрі: ККЖ-ҰЕҚБЖ жоспарға сәйкес жүзеге асырылуы қажет

ККЖ-ҰЕҚБЖ іске асырыла бастағаннан бері ТШО 14,2 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алды, сондай-ақ 25 мыңнан астам адамды оқытты. Бұған дейін, жобаның 408 модулін Теңізге жеткізу үшін ТШО теңіз тасымалының үш жылдық бағдарламасын іске қосқан болатын, оның барысында қазақстандық компанияның пайдалануында 126-дан астам кеме болған, оның 40-ы жаңадан салынған немесе осы жоба үшін арнайы айтарлықтай өзгертілген. Сондай–ақ Каспий теңізі арқылы тасымалдауды дамытуды қолдау мақсатында халықаралық деңгейдегі кәсіби теңізшілерді даярлайтын Қазақстандағы жалғыз оқу орны – ҚБТУ жанындағы Қазақстандық теңіз академиясы (ҚТА) іске қосылды. Сонымен қатар, модульдік жүктерді қабылдау және одан әрі тасымалдау үшін Теңіз кен орнының шекарасынан шамамен 40 км жерде орналасқан Прорва түбегінде салынған Жүктерді тасымалдаудың жаңа бағыты (ЖТБ) да ККЖ-ҰЕҚБЖ мұрасы болып табылады. ЖТБ ұзындығы 76 км теңіз кірме арнасынан, жүктерді түсіруге және сақтауға арналған құрылыстардан және кірме жолдан тұрады.

Министр сондай-ақ ККЖ-ҰЕҚБЖ-ға тартылған ТШО мердігер компанияларының мыңдаған жұмысшыларын алдағы уақытта босату шеңберінде мониторинг жүргізу және тығыз өзара іс-қимыл жасау қажеттігін атап өтті. Бұған дейін хабарланғандай, ТШО Атырау облысы әкімдігімен, Энергетика министрлігімен және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, атқарған жұмыстардың аяқталуына қарай қызметкерлерді босату процесіне мониторинг жүргізуде.