Мемлекеттік тілді жаңғырту жолы

30 маусым 2022

Мемлекеттік тілді жаңғырту жолы

Елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы жиырма жылда көтеріліп, соның оң жылында қызу талқыланып келе жатқан тақырыптардың бірі екендігі бәрімізге белгілі-ақ. Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғырту жолы екендігі анық. Соңғы әлетте латын харпіне көшу, ең алдымен, заман талабы болып отыр. Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелерді қабылдауымыыз аса маңызды. Болашаққа батыл қадам жасап, еліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды жобаның бірі де бірегейі. Сондықтан қазіргі таңда жер жерлерде латын харпіне көшуді насихаттау жұмыстары қарқында түрде жүргізілуде. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоспары аясында маусым айының 29 күні мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшу туралы жобасын негіздеу мақсатында орталықтың әдіскері Сейдазимова Алима Мамытқызы «СөйлеTime» клубының мүшелеріне «Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырып өтті. А.Байтұрсынұлының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы түсініктер беру, пікіралмасу, сөздік қорын молайту, ақынның шығармашылық еңбектерінен үзінді оқып, талқылау арқылы қазақ тілді латын әліпбиінде дұрыс жазуға дағдыландыру болып табылады. Қатысушылар мол мағлұмат алып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды. Соңы пікірсайысқа ұласты.