Отандық ғылымның ілгерілеуіне өзіндік үлес қосуда

1 шілде 2022

Отандық ғылымның ілгерілеуіне өзіндік үлес қосуда

Қазақстандық ғылымды дамыту бүгінде күн тақырыбында тұрған өзекті мәселелердің бірі. Қазақ ғылымы дамуының негізгі күші – ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары. Атаулы министрліктің жетекшілігімен еліміздегі оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы да отандық ғылымның ілгерілеуіне өзіндік үлес қосуда. Елімізде білім беруді және ғылымды дамыту үшін түрлі шаралар кешенді іске асырылуда. Отандық ғылымды дамытатын әрине іргетасы мықты қаланған білімді жастар. Сондықтан да бүгінде мектеп оқушылары арасында ғылыми жобалар байқауы жиі ұйымдастырылуда. Жуырда Тараз өңірлік университеті жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «Үздік ғылыми жоба - 2022» VIII Республикалық байқауын өткізді. Байқауға Алматы, Ақтау, Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Кентау, Тараз қалаларындағы және Жамбыл облысындағы мектептерден 185 оқушы қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру, ой еңбегінің беделін арттыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету, оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін көтеру болып табылады. Ашылу салтанатынан кейін, байқау қатысушылары 6 бағыт бойынша өз күштерін сынады. Байқау қорытындысымен Қор президенті Кенжеғали Шилібек таныстырып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді І, ІІ. ІІІ дәрежелі дипломдармен, естелік медальдармен және мақтау қағаздарымен марапаттады. Байқау барысында оқушылар «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының ғылыми жетістіктер көрмесімен танысты. Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты С. Ысқақов атындағы негізгі орта мектебінің осы байқауда мерейі тасыды. Аталмыш негізгі орта мектебінде Өлкетану үйірме жетекшісі Жолшыбек Жанардың жетекшілігімен "Үздік ғылыми жоба 2022" атты республикалық байқауына қатысып, жүлделі 1-орынды 7-сынып оқушысы Рүстем Нұрбек иеленді. Талай жылғы талмай еңбектенудің арқасында жеңіс тұғырына көтерілді. Аталмыш мектеп оқушылар әрдайым осылай биік жетістіктерімен ұстаздарының абыройын асқақтатып жүреді.