Жастар үшін бизнес инкубатор ашылды

15 сәуір 2022

Жастар үшін бизнес инкубатор ашылды

Шымкент қаласында мемлекеттік жастар саясатын қолдау мақсатында түрлі іс шаралар атқарылуда. Жуырда Шымкент аграрлық колледжінде стартап жобасын қолдау мақсатындағы бизнес инкубатордың

ашылу салтанаты өтті. Жастарды патриоттық негізде кәсіпкерлікке үйретуді, дамытуды көздейтін,

бизнестің әліппесі ретінде жұмыс бастап, бизнес инкубатордың ашылуына ұйытқы, себепкер болып

отырған колледж директоры Гаухар Бекбергенова. Ашылу салтанатына А.Б.Абубакиров-ОҚО

кәсіпкерлер палатасының директоры, Б.Х. Кенжебаев-ОҚО кәспкерлер палатасының департамент

басшысы, Огыз Дурру-«Бал текстиль» ЖШС атқарушы директоры, А.М. Абдіқадірова-ОҚО кәсіпкерлер

палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы қатысты. Бұл жобаның негізгі мақсаты -

Білім алушылардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға жәрдемдесу, шағын және орта

бизнес кәсіпорындарының жұмысымен тікелей таныстыру арқылы жас кәсіпкерлердің біліктілігін

арттыру. Өз қабілетін іске асыру жолында білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Студенттерді тек мамандық алып қана қоймай, болашақта бәсекеге қабілетті, белсенді кәсіпкерлерді

дайындау. Елбасы айтқандай: «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман», сол себепті

студенттерді түрлі бағытта білім алуға жағдай жасалуда.