«Ең үздік бейне сабақ -2018»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында орта мектеп пен техникалық және кәсіптік білім беру колледждері және жоғары оқу орындары арасында үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын интернетте орналастыру керектігі айтылған. Соның бір дәлелі ретінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педогогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 2018 жылдың сәуір-мамыр айларында жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары мен кәсіптік және техникалық білім беру оқытушылары арасында «Ең үздік бейне сабақ -2018» атты сырттай байқау өткізді.
Осы байқауға Шымкент аграрлық колледжінен 11 бейне сабақтар қатысқан.  Қорытындысы бойынша колледж оқытушылары, Оспанова Назира бірінші орынды иеленсе, екінші орын Мейіржан Сметұлына бұйырды.

Осыған орай Шымкент аграрлық колледжіне «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педогогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директоры Л.Искакова арнайы келіп, «Ең үздік бейне сабақ -2018» атты сырттай байқаудың жеңімпаздарын арнайы дипломдармен марапаттады. Л.Ысқақова білімді де білікті оқытушыларды басқарып отырған колледж директоры Г.Бекбергеноваға алғысын білдіріп, ұжымға сәттілік тіледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *