«Сол бір үміт»

«Сол бір үміт»
Мүмкіндігі шектеулі болса да өзіне шексіз мүмкіндіктер ашты. Ата-анасы, туған-туыс болмаса да жанын берер достар тапты. Қиналды, алайда тағдыр оның қабырғасын қайыстыра алмады. Ол – әнші,  ол – сазгер. Ол – ЭЕМ операторы, тіс технологі, балалар массажисті. Осы жазда «Музыка» мамандығы бойынша төртінші дипломын қолына алады.
Ол – Айдос Қалиев…
Шымкент тұрғындары жақсы танитын әнші жігіт Айдос кезекті қайырымдылық концертін өткізді. Бұл жолы ән кешін «Сол бір үміт» деп атады. Айдос Қалиев 8-ші концертін өткізу үшін №8 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын таңдап, емделуге келген жандарға қуаныш сыйлады. Сондай-ақ бозбала шарапаты мол шараны Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арнап отыр. Айдосты қолдап келген тағдырлас достары да көп болды. Той иесімен бірге ән айтып, қонақтардың көңіл-күйін аулады. Концерт соңында орталық басышлығы Айдосқа ерен еңбегі, белсенділі, жастар арасында мәдениетке деген қызығушылықты арттырғаны үшін алғыс хатпен марапаттады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *