Шымкентте бұрын соңды болмаған «Ontustik fashion week» жас дизайнерлер байқауы өтті.

Береке Дүйсебеков бастаған топтың ұйымдастыруымен өткен шара Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналды. Байқауға 18 бен 29 жас аралығындағы сән үйлері бар немесе дизайнер мамандығында білім алып жатқан 25 жас дизайнер қатысты.Олар  Кэжуал, этностиль, классика, гламур, пред а порте сынды 5 топтамада 125-ке жуық киім үлгілерін таныстырды. Егер әлемнің озық сән түрлерін сарапқа салатын болсақ, қазақ сән өнері өзіндік ұлттық ерекшелігімен көзге түсері рас. Бұны аталмыш сән апталығына қатысқан отандық сәнгерлердің киім үлгілерінен де байқауға болады.  Күнгей жастарын  елең еткізген шара  дизайнерлердің басын қосатын жоба ғана емес, бұған қоса, жас дизайнерлерге өз киім үлгілерін барша елге таныстыруға мүмкіндік беретін алаңға айналды деуге болады. Ұйымдастырушылардың да діттегені сол — таланттарды халыққа таныстыру.  Жалпы жүлде қоры 2 млн теңгені құрады. Жеңімпаздар Республика көлемінде өтетін байқауларға жолдама алады. Бұл сайыс  дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін болады,-дейді ұйымдастырушылар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *