Аудан басшысының жастарға жасаған мерекелік тартуы

Бүгін Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай Түркістан облысы, Отырар ауданының жастары «Туған күніңмен, Астана!»  атты   мерекелік кештің куәсі болды. Еліміздің алтын ұясы, қара шаңырағы  болған Астананың  болашағы жарқын, іргесі биік болуын қалаған өскелең ұрпақ қуанышты күнді сән-салтанатымен қарсы алды. Мерекелік той-думанға аудан әкімі Ерлан Айтаханов та шуақты шаттықтан кеш қалмайын деп,  асыға басып, той-думанға  базарлығымен келіпті. Аудан басшысы жаңа шаһардың  әлем бойынша орын алған өзіндік ерекшеліктерімен,  жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.
«Өздеріңізге белгілі, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев осыдан жиырма жыл бұрын мемлекет мүддесін таразылап тарихи шешім қабылдаған болатын. Астананың еліміздің орталығы Арқа төсіне көшуі саяси, мәдени – рухани, экономикалық тұрғыдан оң шешім болғаны бұл күндері дәлелденіп отыр. Азиада ойындары, ОБСЕ самиті, Евразия форумы, ЭКСПО-2017 т.б. халықаралық шаралар  әлем назарын біздің елге аударды. Баршаңызды Астанының 20 жылдық мерекесімен құттықтаймын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, Елордамыздың абыройы асқақтай берсін!» — деп, ізгі ниетін білдірген Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов 6 шілдеде дүниеге келген Астанамен құрдас, Елбасымен аттас — НҰРСҰЛТАН  Оралханды туған күнімен құттықтап, арнайы сыйлықтар табыс етті.
Мейрамның тағы да тартуы – көптеген  белсенді  жастарды аудан басшысы   алғыс хаттармен марапаттады.   Мерекелік шара  Елордаға арналған сазды әуендермен, тәтті күйлермен  шашу шашылып, думанды кештің сәнін аша түсті.

Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *