Инновациялық ізденістерді арттыруға үндеді

Бүгін Түркістан облысындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің Әлеуметтік-педагогикалық институтында бітіруші түлектерге диплом табыс ету салтанаты болып өтті. Салтанатты жиналысты ашқан Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті Құрылтайшылар Кеңесінің төрағасы, п.ғ.д., профессор Момбек Қозыбақов мырза бітірушілерге ақ жол тілеп, алған білімдерін аянбай ел кәдесіне жұмсауға шақырды. Момбек Жамалбекұлы барша салтанатты жиналыс қатынасшыларын – ПОҚ, бітірушілер және ата-аналарды Түркістан облысының құрылуы, сондай-ақ Шымкент қаласына жоғары мәртебе берілуімен құттықтап, Елбасының бұл тарихи шешімі өңіріміз бен еліміздің қарыштап дамуына қызмет ететінін атап өтті. Университет ректоры, ф.ғ.д., профессор Сандыбай Боранбаев мырза білім алу диплом алумен шектелмейтінін, бітірушілер бүгінгі заман талабына сай, қиян-кескі нарықта бәсекеге төзімді болу үшін қашанда ізденісте болуы қажет екенін қадап айтты. Әсіресе индустриалды-инновациялық даму бағытында өздерінің күш жігрелерін салып, Отанға адал қызмет етуге шақырды. Инновациялық бағыттағы ізденістерін ұштай түсуге үндеді. Салтанатты жиналыста барша бітрушілерге диплом табыс етіліп, ата-аналар атынан Әдиса Қамбарбекова ханым ЖОО басшылығына ризашылық білдіріп, түлектерді қашанда өз университетін ұмытпай, оқу орнын мақтан етіп, атын ардақтап жүруге шақырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *