«Самғау-2018» кинофестивалінің бас жүлдесі режиссер Жандос Бабахановқа бұйырды.

Шымкентте Астана қаласының 20-жылдығына орай жас режиссерлар арасында дәстүрлі облыстық «Самғау – 2018» қысқаметражды бейнефильмдер кинофестивалі өтті. Облыстық жастар ресурстық орталығында өткен байқау бағдарламасының талаптарына сәйкес, кинофестивальға облыс бойынша аудан- қалалардағы  кино-видео саласында тәжірибесі бар 14-29 жас аралығындағы 40-қа жуық жас қатысып, нәтижесінде 20 кинофильм іріктеліп, қазылар алқасына жол тартты . Айта кетейік,  байқау осыдан бір ай бұрын жарияланған болатын.
5-10 минуттық шағын туындыларда отбасы құндылықтары, жемқорлықпен күрес, спорт, әлеумет және бас қала Астана тақырыптары көрініс табуы тиіс болған. Қазылар алқасы да осы саланың майталмандарынан құралған болды. Олардың қатарында Дәнекер Оразбаев, Абай Аязбаев, Асылхан Төлеповтар бар.
Байқау қорытындысы бойынша ІІІ-орынды (200 000 тг) «STOP» бейнефильмінің режиссері Хамит Муталиев, ІІ-орынды (300 000 тг) «Дос» бейнефильмінің режиссері Олжас Омаров, І-орынды ( 400 000 тг) «Балық сорпа» бейнефильмінің режиссері Әлішер Жәдігеров иеленді. Ал, фестивалдің бас жүлдесі (500 000 тг) «Анама» бейнефильмінің режиссері Жандос Бабахановқа бұйырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *