Асылтұқымды мал басын көбейтпек

Түркістан облысындағы Төлеби ауданының шаруа қожалықтары асылтұқымды мал басын көбейтпек. Өйткені ауданда жайылымдық жер жоқ. Сондықтан олар саннан сапаға көшуді жоспарлап отыр. «Ол үшін қолда бар мал басын асылдандырып, өнім көлемін арттыру маңызды», –дейді мамандар. Сол себепті шаруалар жақында Қостанайдан сүтті бағыттағы асылтұқымды 400 бас ірі қара сатып алуды жоспарлап отыр. Мәселен, бұл фермада қазір 570 бас ірі қара бар. Оның 370-і – сауынды сиыр. Олардан тәулігіне 4-5 тонна ғана сүт өндіріледі. Ал шаруалардың Қостанайдан сатып алғалы отырған голштин тұқымды 400 бас ірі қарасы – сүтті бағыттағы сиырлар. «Олар жергілікті әулиеата мен қара-ала тұқымдарына қарағанда екі есе сүтті келеді», – дейді мамандар. Осылайша жергілікті тұқымның орнын сүтті сиырлар алмастырады. Тұрғын Дулатов, ферманың зоотехнигі: «Біздің қазіргі Әулиеата, қара-ала тұқымы күніне 14-15 литр сүт береді. Ал енді голштин асылтұқымды сиырлары 30-35 литр сүт береді күніне. Қазір біз бірінші тума 50 голштин тұқымын сатып алғанбыз. Олар қазірдің өзінде 12-13 литр сүт беріп жатыр. Құдай қаласа, көбейте жатармыз. Қазір фермада тәулігіне 6 тонна сүт өңдейтін шағын цех бар. Енді шаруалар күніне 20 тонна сүт өңдеуді көздеп отыр. Ол үшін израильдік технологияны қолданбақ. Енді айран мен сүттен басқа ірімшік, йогурт сияқты барлық сүт өнімдері ауданның өзінде шығарылады. Сонымен қатар шаруалар ферма жұмысына ресейлік жаңа технологияны да енгізіп жатыр. Жалпы Төлеби ауданында 63500 ірі қара болса, соның 26800-і – сиыр. Оның 1800 басы – асылтұқымды. Малдың санын көбейтуге ешқандай мүмкіндік болмағандықтан ірі қара малдың да, жылқы шаруашылығын да, қой шаруашылығын да асылдандыру бойынша саннан гөрі сапаға жұмыс істеп жатырмыз. Төлеби ауданында өткен жылы 68 мың тонна сүт өндірілген. Мал басын асылдандырудың арқасында биыл 75 мың тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Ал бір жылдан кейін өндірісті есеге арттыру жоспарлануда. Қазір ауданда жылына 250 мың тонна сүт өндіруді көздейтін 52 млн теңгенің жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Ж. Жұмабек

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *