«Баракаттың» берекеті көп

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы Ақсукент елдімекенінің іргесінде орналасқан «Баракат» жылыжайы бүгінде шаруасын шалқытып отыр. Аталған жылыжай бүгінде 2 гектардан астам жерге түрік технологиясын ендіре отырып қияр, қызанақ егеді. 6 айдың ішінде 250 -300 тонна өнім алуға қауқарлы. Бүгінде жылыжайда 20 адам екі қолға бір күрек тауып отыр. Алдағы уақытта жұмысшылардың қатарын арттырмақ ниеттері бар. Шаруа қожалығының басшылары Түркияға барып тамшылатып суғару әдісі және көтерме сауда саласы туралы білімдерін жетілдіріп келіпті. Қазір өнімдерін алысқа арбаламай-ақ, осында көтерме сауда өкілдері келіп пышақ үстінен үлестіріп алып кетеді. Жалпы Сайрам ауданында 95 жылыжай бар. Өткен жылы 8 гектарға салыныпты. Сөйтіп, көлемі 27,35 гектарға артып отыр.Мадина Ахметова, «Баракат» шаруа қожалығының басшысы: «Жылыжайымыз 2016 жылы ашылған. Жалпы көлемі 2,4 гектарды құрайды. Көп бөлігін биыл салдық. Өнімдеріміз өтімді, сұраушыларға жеткізе алмаймыз, жіберіп жатқан кезде тағы болса тағы салыңдар дейді, оған жеткізе алмаймыз».Өнімнің басым бөлігі Шымкентке, ара тұра Ресейге жіберіліп тұрады. Негізінен Қарағандыдағы көтерме сауда базарына жөнелтіледі. Аталған жылыжайды салу үшін 250 миллион теңге өз қаражаты есебінен шығарса, қалған 300 миллион теңгені қаржы ұйымдарынан несиеге алған. Бүгінде мұнда Түркиядан арнайы келген екі агроном еңбек етуде. Еліміз бойынша жылыжайдың басым бөлігі яғни, 60 пайызы оңтүстікте орналасқан. Ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің алдында басқаша талап қойылуда. Ол экологиялық, органикалық жағынан таза, сапалы, адманың ағзасына пайдалы өнім өндіру.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *