Шаруалардың жағдайымен танысты

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Уәлихан Қайназаров пен Дархан Мыңбай жұмыс сапарымен Түркістан облысындағы Ордабасы ауданына ат басын бұрды. Алдымен депутаттар «Нұр Отан» партиясы Ордабасы аудандық филиалының ғимаратында ауданның еңбек ардагерлерімен кездесті. Өңірдегі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Сондай-ақ, халық қалаулылары Бөген ауылындағы «Ордабасы Агро» және Төрткүл ауылындағы «Рамазан Агро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің жұмысымен танысып, кооператив мүшелерімен жүздесті.
Атқарылып жатқан ауқымды жұмыстармен танысты. Аталған кәсіпорындардың аудан экономикасына тигізіп отырған толымды тірлігіне қанықты. Бүгінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде толағай табыстарға жетіп отырған кооперативтің жұмысы көпке үлгі болатынына көз жеткізді. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Үсенбаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Баймахан Сәдуахасов аудандағы атқарылған жұмыстармен қатар, өзекті мәселелер жайын қозғапканалдардың, депутаттарға ұсыныстарын жеткізді. Шаруалардың да айтары бар екен. Субсидия, жанар-жағар май, тік дренаждарды іске қосу мен Ауылшаруашылық, білім салаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар тыңдап, көпшілікпен пікірлесті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *