20 гектар жерден 250 тонна өнім алды

Түркістан облысындағы Созақ ауданының шаруалары биыл алғаш рет еккен қауындарын көрмеге қойды, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Құмды алқапта қауын егіп, оны шетелге экспорттаған епті азаматтардың ісі көпті таң қалдырды. Созақ ауданының жері  құмды болғандықтан, бұл өңірде қауын -қарбыз егу мүмкін болмайтын. Десе де, шаруалар істің ебін тауып, биыл 20 гектар жерден 250 тонна өнім алды. Алғашқы үзімдерді облыстық фестивальге арнайы алып келген. Ондағы  ойы өңірдегі жаңалықпен бөлісу. Арман Хафизов – шаруа Созақта 1720 ашуылшаруашылығы саласындағы егістік жерлер бар. Оның 4577 гектары суармалы. Биыл соның 70 гектарына бақша өнімдері егілген. Шаруалар үшін су тапшылығы сезілмей отыр. Соның арқасында мол өнімге қол жеткізген. Қайырбек Мейірманов – Созақ аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы Биыл құмды аймақ шаруаларының ісін ілгерілету мақсатында су тоғандарын салу жоспарланып отыр. Ол үшін тиісті органдарға тапсырыс беріліп қойды. Алдағы уақтта 5 бірдей тоған салынып жатса, созақтық дихандардың еңбегі еселене түсері сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *