Шымкентте пробациялық қызмет көрсету орталығы ашылды

Шымкентте «Пробация әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету орталығы» ашылды. Жазасын өтеп шыққандар үшін арнайы ашылған орталықта  жұмысқа орналастыру мен құжаттандыру сияқты бірнеше қызмет түрлері көрсетіледі. Ұлт жоспарының 33-қадамын жүзеге асыру мақсатында ашылған нысанның ашылу салтанатында облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров пен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Әділбек Досмағамбетов құттықтау сөз сөйледі.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін орталықтың маңыздылығына тоқталды. Мұнда келушілер енді медициналық жәрдем  мен заңгерлік ақыл-кеңестер ала алады.  Орталық мамандары зейнетақы және жәрдемақыларды рәсімдеуге де көмек береді. Тіркеуге алынға азаматтарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмектерді көрсету үшін тұрақты топ құрылған. Бұл топтар тиісті жұмыстарын жүргізу үшін орталықтың ішінен бөлек екі қызметтік бөлмелер қарастырылып, қажетті жиһаздармен қамтамасыз етілді.

Салтанатты шара соңында облыс әкімдігінің Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп іс-шаралар жоспары бекітілді. Әріптестік, өзара қарым-қатынасты дамыту жөнінде ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *