Кешенді жоспары әзірлену үстінде

Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданында 138 мың гектарға жуық суармалы егістік алқабы, мақта өсірумен айналысатын 18 мыңға жуық шаруа қожалығы аянбай еңбек етеді. Мемлекеттік межелер мен міндеттер үнемі артығымен орындалып отырды. Жыл сайын 20 мың гектардай жерге ерте көктемгі бақша өнімдері егіліп, мырзашөлдік қауын-қарбыздар сонау Еуропа елдеріне экспорттала бастады. Жетісай, Мақтаарал ауданы аграрлы өңір. Тіпті мақта дақылын егуде республикада алдына қара салдырмайды. Бүгінде Мақтаарал ауданының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізгі 5 бағытын айқындалған. Біріншіден аудандағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қол жетімді несие қаржылармен қамтамасыз ету. Екінші, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен машина-тракторлық станциялар жүйесін жетілдіру, ауданда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру. Үшінші бағыт- аудандағы суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, су жүйелерінің су өткізгіштік қабілетін жақсарту іс-шараларын атқару. Оның ішінде даму банктерінің қаржылары мен жеке инвесторларды пайдаланып, ирригациялық жүйелерді қайта құра отырып, суармалы алқаптарды ағын сумен қамтамасыз ету көзделуде. Төртінші бағыт ретінде ауданда ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрып, модульді сүт қабылдау бекеттерін, мал бордақылау алаңдарын ашу жоспарлануда. Бесінші бағыт — алдағы жылдары ауданнан ауыл шаруашылығы тауарларын шаруалардан арзан бағада сатып алып, сақтау үшін қойма салу әрі ауыл шаруашылығы өнімдерін өзге аудандар мен облыстарға тасымалдау арқылы саудалау көзделуде. Енді осы межелеген мақсаттарға жету үшін ауданда осы 5 бағытты іске асырудың кешенді жоспары әзірлену үстінде. Ол үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, жұмыстар атқарылуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *