Шетелдіктер тапсырыс береді

Түркістан облысындағы«Агрофирма «Жаңа Ақдала» ЖШС өнімдеріне шетелдіктер де тапсырыс береді. Мәселен, былтыр Ресей федерациясы 40 тонна томат концентратын сатып алыпты. Биыл тағы да осынша өнім сатып алуға тапсырыс берген. Бұдан тыс Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия елдерінің кәсіпорындары да Арыстың томатына қызығушылық танытқан.

Зауыт 2017 жылы жергілікті бюджетке 17,1 миллион теңге құйыпты. Ал, 2018 жылдың 6 айында 10,7 миллион теңге салық төлеген. Демек, агрофирма жергілікті бюджеттің молаюына да қомақты үлес қосып келеді.

Біз осы сапарда Арыс қалалық кәсіпкерлік бөлімінде де болдық. Бөлім басшысы Қуаныш Шойнаховтың айтуынша, қалада 2018 жылдың 7 айында негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция көлемі 4159,2 миллион теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 196,4 пайызды құрапты. Дермене ауылдық округіне қарасты Саналы елді мекенінде «Желмая» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі түйе сүтін өндірумен айналысады. Кооператив бүгінде тәулігіне 1 тонна қымыранды

пластикалық ыдыстарға құю цехын іске қосыпты. Жоба құны – 40 миллион теңге. Қазір мұнда 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Қуаныш бізге тағы қала экономикасының ілгерілеу бағыты туралы мәліметтер айтты. 2017 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 8781,7 миллион теңгені (2016 жылы 7402,6 миллион теңге) құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1379,1 миллионға артқан. 2018 жылдың 7 айында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2856,4 миллион теңгені құрап (2017 жылы 2502,6 миллион теңге), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 353,8 миллион теңгеге артқан. Бұл жоспардың 104,5 пайызға орындалғанын көрсетеді.

Қазір Арыс қаласында 12 кәсіпорын жұмыс істейді. Қала бойынша 2018 жылдың 7 айында 3570 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген.

Сабырбек ОЛЖАБАЙ. «Оңтүстік Қазақстан»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *